Қар жауып, қарлы бұрқасын, автомобиль жолдарының жабылуы жағдайында "ҚТЖ" ҰК" АҚ қар басқан автожолдардан адамдарды темір жол көлігімен әкетуді ұйымдастырды, деп хабарлайды Rail-news.kz.
Өткен тәулікте Тараз-Шымкент учаскесінде жолаушылар пойыздарымен 600-ден астам адам тасымалданды:
- №71 "Астана-Шымкент" - 125 жолаушы;
- №56 "Көкшетау-Қызылорда" - 250 жолаушы;
- №21 "Семей-Қызылорда" - 79 жолаушы;
- №23 "Алматы-Ақтөбе" - 192 жолаушы;
- №1 "Алматы-Ташкент" 35 жолаушы тасымалданды.