Пойызда санитарлық талаптар сақталып жатыр ма?

Жаңалықтар
13.02.2023, 08:44
Суретті түсірген автор
Шахида Жұман

Маңғыстау облысы бойынша меншікті тілші

Пойызға мінген адам шәй ішу үшін қайнаған суды, жуынып-шайынуға техникалық суды тұтынумен қатар, төсек-орын жабдықтары мен қажеттілігі үшін жолсеріктерден ыдыс алып пайдалануы мүмкін.  Ал бұл дүниелердің  сапасы мен тазалығына кім кепілдік береді?

Маңғыстау бөлімшелік көліктегі санитарлық-эпидемиологиялық бақылау басқармасының мамандары қай жерде болмасын жеке гигиена мен санитарлық талаптар сақталуы қажеттігін ескертеді. «Ауру астан...» демекші, өткен жылғы анықталған деректерге қарасақ, кейбір нәрселер біз ойлағандай «судан таза, сүттен ақ» болмай шыққан. Басқарма былтыр 43 нысанда тексеру жүргізуді жоспарлаған. 21 тексерістің нәтижесінде 6 нысаннан 10 бұзушылық анықталып, кейбіріне қомақты айыппұл салынған.  

– Өткен жылғы тексерістер қорытындысы бойынша анықталған «Маңғыстау-Атырау» және «Маңғыстау-Семей» бағытындағы жолаушылар пойызынан алынған су сынамаларының санитарлық талаптарға сай келмеуі, вагондардың ыдыс-аяқтарынан алынған шайындылардан ішек таяқшалары бактериясының анықталуы, медициналық қобдишадағы дәрілердің жарамдылық мерзімінің өтіп кеткені, вагондарда ылғалды тазалық жұмыстарының сапалы жүргізілмеуі сияқты бұзушылықтарға қатысты Жолаушылар тасымалының «Батыс» аймақтық филиалына айыппұл салынды. Лауазымды тұлға 352 245 теңге, жеке тұлғалар, оның ішінде жолсеріктер санитарлық қағидалардың талаптарын бұзуына байланысты 183 780 теңге айыппұл төледі. Сол сияқты «СарыАрка Компани» ЖШС қарасты «Маңғыстау-Бейнеу» бағытына жүретін жолаушылар пойызында да   санитарлық талаптардың бұзылуына байланысты жеке тұлғаларға 91 890 теңге мөлшерінде айыппұл салынды. Осы аталған деректерге қатысты  бұзушылықтарды жою жөніндегі мекеме басшыларына 5 нұсқама беріліп, орындалуы тексерілді. Яғни вагондардың су жүйелері залалсыздандырылып, жуылды. Ыдыс-аяқтар да залалсыздандырылып, қайта сынамасы алынды. Жоғарыда айтылған кемшіліктердің бәрі жойылды, – дейді Маңғыстау бөлімшелік көліктегі санитарлық-эпидемиологиялық бақылау басқармасының өкілі Ағзия Бөрібайқызы.    

 

Жолаушылар тасымалы
15.09.2026
ҚТЖ ата аналар мен жасөспірімдерге пойыздағы қауіпсіз жүру ережесін еске салды
Жаңалықтар
15.09.2026
Болгариядағы TХКБ отырысының негізгі нәтижелері
Жаңалықтар
15.09.2026
Нұрлыбек Нәлібаев Маңғыстаудың жөндеуден өткен вокзалын тексерді
Инфрақұрылым
15.09.2026
Вокзалдарды жаңғырту жұмыстары жалғасуда
Жаңалықтар
15.09.2026
Нұрлыбек Нәлібаев Маңғыстаудағы стратегиялық нысандардың жұмысымен танысты
Жүк тасымалы
15.09.2026
«Бір белдеу, бір жол»: Жаңа сауда дәліздері қалай дамиды?
Қауіпсіздік
15.09.2026
Қауіпсіздік пен біліктілік бәсекесі
ҚТЖ келбеті
15.09.2026
Қырағы өткел кезекшісі
Аймақтар
15.09.2026
Ақтоғайдан Дегелеңге дейін...
Әлеумет
15.09.2026
Теміржолшыларға қолайлы жағдай жасалуда
Қауіпсіздік
15.09.2026
Балалар қауіпсіздігі – бәрінен қымбат
Жаңалықтар
15.09.2026
Теміржолшылар «Қазтест» сынағынан өтті
Жүк тасымалы
15.09.2026
Елімізде астықты теміржол көлігімен тасымалдау көлемі артты
ҚТЖ келбеті
15.09.2026
Инновациялық идеялар жаршысы
Жаңалықтар / Мұрағат
15.09.2026
Қазақстан теміржолшысы газеті, №73 15 қыркүйек 2026 жыл
Аймақтар
14.09.2026
Түрксібтің төл туындысына – 95 жыл
Жолаушылар тасымалы
14.09.2026
Пойызда үй жануарларын алып жүру кезінде жолаушы нені білуі керек?
Әлемде
14.09.2026
Ресей теміржолдарында пойыздардың рельстен шығуы мен соқтығысуы 13%-ға артты
Әлемде
14.09.2026
Alstom Канадаға 313 жолаушылар вагонын жеткізеді
Жаңалықтар
14.09.2026
Қызметтік иттердің көмегімен теміржолда 74 есірткі дерегі анықталды