Теміржол саласында Франциямен ынтымақтастық артып келеді

Жаңалықтар
16.02.2023, 09:46
Райхан Рахметова

«Қазақстан теміржолшысы» газетінің тілшісі

Францияның Қазақстандағы Төтенше және Өкілетті елшісі Дидье Канесспен кездескен ҚР Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрі Марат Қарабаев көлік және қорғаныс өнеркәсібі саласындағы ынтымақтастық жобаларын іске асыру бойынша пікір алмасты.

Кейінгі жылдары Қазақстанда Alstom, Idemia, Tav Airports Holding, Airbus, IVECO және Saint-Gobain компанияларымен бірлескен жобалар табысты іске асырылып жатқаны мәлім. Осы жұмыстың аясында әуе кемелері мен арнайы автокөлік техникасын, электровоздар және бағыттамалы электр жетектерін жеткізіп, құрастыру, заманауи қауіпсіздік жүйелерін енгізу, сондай-ақ теміржол қозғалысы мен құрылыс материалдарын өндіру саласында жемісті әріптестік байланыс жолға қойылған.  

Марат Қарабаев айтқандай, Франция Қазақстанның экономикасына инвестиция салатын ірі инвесторлардың бестігіне кіреді. Мәселен, 2022 жылдың қорытындысы бойынша екі ел арасындағы тауар айналымы 30,3%-ке өсіп, 4 млрд долларға жеткен. «Франция – еліміздің стратегиялық серіктесі және бұл мемлекетпен сенімді достық қарым-қатынасымыз орнаған. Қазақстанда франциялық капиталдың қатысуымен 170-тен астам компания жұмыс істейді. Оның ішінде Total, Orano, Alstom, Danone, Vicat, Saint Gobain және тағы да басқа транс-ұлттық компаниялар бар», – деді ҚР ИИДМ басшысы.

 

Жаңалықтар
29.08.2026
Стратегиялық серіктестік векторы: Теміржолшылардың халықаралық байқауы
Жаңалықтар
29.08.2026
ҚТЖ және Huawei Қазақстан темір жолдарын цифрландыруды күшейтуде
Трансформация
28.08.2026
Жеті жүзінші локомотив зауыттан шықты
Трансформация
28.08.2026
Теміржолшылар KinetiX зияткерлік жүйесін игеруде
Жаңалықтар
28.08.2026
Көкшетау – Жамантұз аралығында пойыз машинисі автокөлікпен соқтығысудың алдын алды
Станция тынысы
28.08.2026
Арыс теміржол торабының бүгінгі келбеті
Аймақтар
28.08.2026
Атырауда теміржол саласының бес бірдей мекемесі мерейтойын атап өтті
Аймақтар
28.08.2026
Ақтөбеде 583 шақырым электр желісі жөндеуден өтті
ҚТЖ келбеті
28.08.2026
Тәлімгерлік мектеп және теміржолшылар династиясы
Жаңалықтар
28.08.2026
Қоғамдық тәртіп – баршаға ортақ
Жаңалықтар / Мұрағат
28.08.2026
Қазақстан теміржолшысы газеті, №68 28 тамыз 2026 жыл
Аймақтар
27.08.2026
Абай облысында Дегелен вокзалын қайта жаңарту аяқталды
Аймақтар
27.08.2026
Қызылордада теміржолшылар «Әл-ауқат апталығын» бастады
Жаңалықтар
27.08.2026
Stadler компаниясы Қазақстандағы жаңа өндіріске 14 миллиард теңгеден астам инвестиция салмақ
Әлемде
27.08.2026
Өзбекстанда Қытайдың CRRC компаниясы шығарған алғашқы push-pull пойызы пайдалануға берілді
Инфрақұрылым
27.08.2026
Сингапур Орта дәлізді дамытуға атсалысады
Жолаушылар тасымалы
27.08.2026
Алматы – Ташкент бағытында «Әйелдер вагоны» іске қосылады
Инфрақұрылым
26.08.2026
Қазақстанның транзиттік жолдары жаңа мүмкіндіктерге жол ашты
Әлемде
26.08.2026
Иран мен Ауғанстан арасында жүк тасымалы 8 есе өскен
Жүк тасымалы
26.08.2026
ҚТЖ желісімен 8 млн тоннадан астам астық тасымалданды