Сұраныста – Астана-Жүк станциясы

Жаңалықтар
04.04.2017, 15:35
Елімізде «ЭКСПО-2017» халықаралық көрмесінің ашылуына теміржолшылар  қызу дайындық үстінде.  Үстіміздегі жылдың 1 маусымында Астана жаңа вокзалы кешені ашылып, көрменің өтуіне байланысты қосымша жолаушылар пойызы жіберіледі деп күтілуде. Және де бүкіл жолаушылар пойызы Астана арқылы өтіп, жаңа вокзал кешеніне тоқтайтын болады. –Жаңа вокзал кешені Астана мен Қырқыншы станцияларының ортасында орналасқан. Жаңа вокзал кешенінің ашылуымен жұмыс көлемі ұлғаяды. Жолаушылар ағыны көбейетіндіктен, осы екі станцияның өткізу қабілеті күрделене түсері анық. Сол себептен біз бүкіл жолаушылар пойызын күндіз, ал жүк пойыздарын түнгі мезгілде өткізуді жоспарлап отырмыз. Десек те, жүк пойыздарының кідірісінен қашып құтыла алмаймыз. Вагондардың тұрып қалуы, айналымның бәсеңсуі дегендей. Біз мейлінше пойыздар кідірісін, вагондардың тұрып қалмауын болдырмауға күш салып, кірме жолдарға құрамдардың кіріп шығуына бар жағдайды жасауға тырысамыз, – деген  Астана станциясының директоры Әділет Айтбек бұл күрделі мәселенің бір ғана шешімі бар екенін жеткізді. Ол Астана станциясы торабын дамыту. Яғни, жүк нөпірі көп келетін және тиелетін индустриалдық парк 2, ЖТХ аумақтарында жаңа Астана-Жүк станциясын салу. Бұл станция сол аудандағы жүк жөнелтушілер мен жүк қабылдаушылардың қажеттілігін өтеу үшін салынбақ. Астана станциясы басшының айтуынша, бұл станцияның қажеттілігі бар ма, ол қаншалықты тиімді деген сұрақтар бойынша  талдау жасалған екен. Талдау нәтижесі, жүк тиеп жөнелтушілер мен қабылдаушылардың 80 пайызы  қаланың сол бөлігінде, яғни, индустриалдық парк 1, 2, солтүстік, таяу және шалғай солтүстік деп аталатын аудандарда екенін айқындап беріпті. Ал Астана-Жүк  станциясы қаланың аталған бөлігіндегі жұмысты ұйымдастыруға мүмкіндік беріп, бір мезетте ТЭЦ пен сол ауданда орналасқан барлық кірме жолдарға қызмет көрсететін болады. –Жүктің басым бөлігі Қырқыншы станциясы жағынан келеді. Сол себепті кірме жол қожайындарына осы станциядан келген жүкті әрмен қарай Астана-Жүк станциясына бағыттауды ұсынып отырмыз. Неліктен дейсіз ғой... бұл жүк тасымалын ұйымдастырушылар үшін де, жеке меншік иелері үшін де тиімді. Біріншіден, станциялық жолдарда құрамдардың тұрып қалу уақыты азаяды. Екіншіден, жүкті жеткізу мерзімі үшін қолайлы. Үшіншіден, вагондарды беру, жинау операцияларын күтіп тұрмайды. Барлық шаруа қаланың сол бөлігінде, Астана-Жүк станциясында Астана темір жол шаруашылығы мен біздің бірлесе жұмыс істеуіміздің арқасында жүзеге асырылып, вагондардың тұру уақытын қысқартады. Мыслы, Қарағанды немесе Павлодардан келе жатқан жүктің басым бөлігі шалғайдағы солтүстік жағына кететін болса, Астана-Жүк станциясына кіріп, сонда таратылады да, сосын барлық вагон ағыны Астанаға келіп, одан әрмен қарай біз оларды нұсқамаға сәйкес межелі жерлеріне жөнелтеміз. Осы тәсілмен тәжірибе жұмыстарын жүргізіп көрдік. Ұтымды екенін анықталды. Қызығушылық танытқан клиеттеріміз де бар, – деп сөзін түйіндеген станция директоры кірме жолдар иелерімен осы бағытта түсіндіру жұмыстары жүргізіліп жатқанын жеткізді.

Сұлугүл БАКЕСОВА

Жаңалықтар
17.09.2026
ЕО Орталық Азия арқылы өтетін көлік дәлізіне €12 млрд-қа дейін инвестиция тартпақ
Станция тынысы
17.09.2026
Талас станциясының бүгінгі тынысы
Аймақтар
17.09.2026
Семей станциясында қауіпті өткелдер бақылауға алынды
Әлемде
17.09.2026
Өзбекстанда Қытайдың екінші CRRC пойызы қатынай бастады
Жаңалықтар
17.09.2026
Отар – Шу учаскесіндегі оқу-жаттығуға өрт сөндіру пойызы қатысты
Аймақтар
16.09.2026
Семей қаласында теміржол вокзалын қайта жаңғырту жұмыстары жалғасуда
Әлемде
16.09.2026
Әзербайжан Армения шекарасына дейінгі теміржол құрылысының 75%-ын аяқтады
Жаңалықтар
16.09.2026
Қазақстан мен Корея көлік-логистика саласындағы ынтымақтастықты кеңейтеді
Жаңалықтар
16.09.2026
Астанада VIII «NEW SILK WAY» атты көлік-логистика саласындағы бизнес-форумы өтеді
Апта саны / Жүк тасымалы
16.09.2026
Сегіз айда ҚТЖ желісі арқылы 212,7 млн тоннадан астам жүк тасымалданды
Жаңалықтар
15.09.2026
Теміржолшылар мен ТЖД Қарағанды – Ақадыр учаскесіндегі өртті сөндірді
Жаңалықтар
15.09.2026
«ҚТЖ» ҰК» АҚ-да үздік эколог-сарапшылар анықталды
Жолаушылар тасымалы
15.09.2026
ҚТЖ ата аналар мен жасөспірімдерге пойыздағы қауіпсіз жүру ережесін еске салды
Жаңалықтар
15.09.2026
Болгариядағы TХКБ отырысының негізгі нәтижелері
Жаңалықтар
15.09.2026
Нұрлыбек Нәлібаев Маңғыстаудың жөндеуден өткен вокзалын тексерді
Инфрақұрылым
15.09.2026
Вокзалдарды жаңғырту жұмыстары жалғасуда
Жаңалықтар
15.09.2026
Нұрлыбек Нәлібаев Маңғыстаудағы стратегиялық нысандардың жұмысымен танысты
Жүк тасымалы
15.09.2026
«Бір белдеу, бір жол»: Жаңа сауда дәліздері қалай дамиды?
Қауіпсіздік
15.09.2026
Қауіпсіздік пен біліктілік бәсекесі
ҚТЖ келбеті
15.09.2026
Қырағы өткел кезекшісі