Гүлнар Аманжолова: «Темір жол саласында менің» көпжылдық тәжірибем мен жүріп өткен жолым жатыр

07.02.2023, 18:08

«Қазақстан темір жолы» ҰК» АҚ  филиалы – «Автоматтандыру және цифрландыру дирекциясы» АТ Коммерциялық жұмыс бөлімінің  І санатты инженері Гүлнар Аманжолова үшін бала кезден көңіліңе жақын, өзі ұнататын мамандық иесі атану – арман болған. Орта мектепті аяқтап, қолға аттестатын алып, мақсаты белгілі болғанымен жүрек күпті қиял қуып ауылдан қалаға шыққан күні әлі көз алдында. Арманы алдамай, қиялы қияға жетелеп белгілі оқу орнының студенті атанды. Бес жыл оқу бес айдай зу етіп өте шықты. Дипломмен осы Қазақстан Темір Жолы саласына  жұмысқа орналасты.

– 2000 жылы Орал локомотив пайдалану депосына кадр бөліміне жұмысқа қабылдандым, ол кезде мен тек темір жол вокзалы мен пойызды ғана  білетін жас маман едім. Менің міндетім локомотив жүк пойызы мен жолаушылар пойызын жүргізетін мамандарды жұмысқа қабылдау,  локомотив машинисі, машинист көмекшісі мамандықтарына берілген құжаттарды мұқият тексеру, машинистерге біліктілік сыныбын беру  кезінде коммиссия мүшесі болу, және локомотивтік бригадалармен  біліктілік сыныбын ұйымдастыру мен үшін өте маңызды жауапкершілігі мен қызығы мол қызмет еді, – дейді ол.  

Теміржолшы мамандығы оны  шойын жолдай мықты, қайратты болуға шыңдады. Осы жолда қозғалыс қауіпсізігін қамтамасыз етуде қосқан үлесі зор. Локомотив бригадалармен, қызметкерлермен еңбек тәртібі жөнінде сұхбаттар өткізу, олардың беделін арттару мақсатындағы іс-шараларды  өткізу және зейнет жасына жеткен  тәжірибелі машинист тепловоздарын құрметті демалысқа  шығарып салу бір ғанибет еді! Иә, тоғыз жолдың торабы саналатын мекенде таңның атысы мен күннің батысына дейін аянбай еңбек етіп жүрген теміржол саласының әрбір қызметкері қашанда құрметке лайық. Себебі олардың, жүріп өткен жылдары мен жолдарында біз көрмеген қаншама еңбек пен тер жатыр десеңізші!

Гүлнар Геройқызы біліктілігін, тәжірибе деңгейін арттыру мақсатында көп білім алып шыңдалды. Олардың ішінде:

– Көлік қызметкерлерінің біліктілігін арттыру институты - «Еңбек қатынастары». Куәлік №0013  Алматы қаласы 14.08.2004 ж.

– Көлік қызметкерлерінің біліктілігін арттыру институты - «Еңбек қатынастары бойынша құқықты реттеу». Куәлік №02912  Алматы қаласы 02.12.2005 ж.

– Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің кадрлардың біліктілігін арттыру курсы –  «Қазақстан Республикасы Еңбек кодексі шеңберінде еңбек қатынастарын реттеу». Сертификат №890 Астана қаласы 24.12.2010 ж.

– Бизнес-білім беру орталығы  «Даму» - Қазақстан Республикасының еңбек заңнамасын қолдану тәжірибесі. Кадрлық іс қағаздарын жүргізу». Сертификат  №708 Астана қаласы 05.10.2011 ж.

– ТОО«Today Education» -«Қазақстан Республикасындағы еңбек қатынастарын заңнамалық реттеу. Кадрлық іс жүргізу». Сертификат №1323 Алматы қаласы 12.07.2013 ж.

– Оқу орталығы «Зерде»  «Қазақстан Республикасы Еңбек заңнамасы». Куәлік №0010 Астана қаласы 20.10.2015 ж.

– HR-Академия Қазақстан темір жолы - HR негіздері. Қызметті бағалау. ҚТЖ-ның ағымдағы тенденциялары мен қазіргі жүйесі, еңбекақы, өтемақы және жеңілдіктер, кадрларды оқыту және дамыту, тиімді жұмыс үшін цифрлық дағдылар. Сертификат №20076  Нұр-Сұлтан қаласы 23.06.2021 ж.

– «Қазақстан Темір Жолы»-«Ұлттық компаниясы» Акционерлік қоғамының Адами ресурстарды басқару департаментінің ұйымдастыруымен тренинг.

– Құжаттамалық қамтамасыз ету. Іскерлік хат алмасу. Сандық дағдылар. Қақтығысты басқару. Этика және мінез-құлық кодексі. Эмоционалды интеллект. Өнімділікті басқару. Сертификат 03.02.2023 ж. Астана қаласы.

Қызмет баспалдағымен алға қадам басып 2016 жылы елордамыз Астана қаласына «Қазақстан Темір Жолы»-«Ұлттық компаниясының»  бас ғимаратына «Бас есептеу орталығына» кадр бөліміне ауысып келді.

Тәжірибелі маман қызмет барысында өз білімінің, кәсіби деңгейінің шыңдалғанын айтады.

– Иә, ел игілігіне қызмет көрсету мен үшін үлкен мәртебе. Қуану мен мұңаю, тосын сыйлар мен құлдыраулар сияқты қызмет барысындағы неше түрлі жағдайлар бастан өтті. Мен де өстім, өндім, үйрендім, оқыдым. Ұжыммен жұмыс істеу, жүзеге асыру, мақсатқа жету, ешкімнің ала жібін аттамау сияқты құндылықтарды бойға сіңірдім. Кешегі жас маман бүгінде салмақты маман болды. Еңбекқорлығым, тиянақтылығыммен көзге түсіп, өз ісінің нағыз маманына айнала білдім. Жұмыстан тыс қолым бос кезде отбасыммен таза ауада серуендеуді ұнатамын және спортпен шұғылдануды әдетке айналдырдым. Сонымен қатар шығармашылық деңгейімді көтеру мақсатында әдеби кітаптарды  көп оқимын  және би мен ән айтумен айналысамын, – дейді Г. Аманжолова.  

Біздің кейіпкер Қазақстан Республикасының теміржол көлігіндегі локомотив шаруашылығын дамыту барысында қол  жеткізген табыстары мен адал еңбегі үшін 2013 жылы «Локомотив» Акционерлік қоғамының президенті М.Медеубаевтың «Құрмет Грамотасымен» марапатталған.  

Орал пайдалану локомотив депосында 16 жыл қызығы мен шыжығын көріп, бір жүкті жұмыла көтеріп қажымай талмай  адал еңбек атқарғаны үшін  Орал пайдалану локомотив депосы директорының  «Алғыс хатымен» марапатталды.  

2022 жылы «Қазақстан Темір Жолы - Жүк тасымалы» С.Сейфуллин атындағы емдеу-сауықтыру шипажайында іс-шараға белсене қатысқаны үшін «Шипажайдың Алтын дауысы» номинациясымен мараппатталған.

Қазіргі таңда ол «Қазақстан темір жолы» - Ұлттық Компаниясы» Акционерлік Қоғамның  филиалы – «Автоматтандыру және цифрландыру дирекциясы» АТ Коммерциялық жұмыс бөлімінің  І санатты инженері.

– Бүгінгі таңда компаниямыздың өркендеуіне өз үлесімді қосып келемін! Міне, содан бері табаны күректей 20 жылдай уақыт өтіпті. Мен шексіз бақыттымын, себебі Темір жол саласында көптеген жетістіктерге жеттім, мұнда менің тәжірибем жатыр, жүріп жеткен жолым бар, нәтижесін көріп келемін!», – дейді Гүлнар Геройқызы

 

Жаңалықтар / Апта саны
03.04.2026
150 мыңнан астам жүргізуші теміржол өткелдері арқылы өту ережелерімен танысты
Жаңалықтар
03.04.2026
"ҚТЖ" ҰК" АҚ делегациясы Санкт-Петербургтегі I-ші Халықаралық көлік-логистикалық форумға қатысты
Жаңалықтар
03.04.2026
Қазақстан Ауғанстан арқылы теңізге шығу жолын қарастыруда
Жаңалықтар
03.04.2026
ҚТЖ және РЖД жіксіз цифрлық транзитті қалыптастырады және тасымалдау көлемін ұлғайтуда
Жаңалықтар
03.04.2026
Қазақстан Санкт-Петербургтегі халықаралық форумда көлік саласын цифрландыру тәжірибесімен бөлісті
Қауіпсіздік
03.04.2026
Көктемгі байқау басталды
Трансформация
03.04.2026
ҚТЖ: инновациялық даму аспектілері
Қауіпсіздік
03.04.2026
Маңғыстау теміржолында өртке қарсы тексеріс кезеңі басталды
Аймақтар
03.04.2026
Күзет қызметі кепілдік береді
Аймақтар
03.04.2026
Атырау станциясында қауіпті жүктердің тасымалы ерекше бақылауға алынды
Жаңалықтар / Мұрағат
03.04.2026
Қазақстан теміржолшысы газеті, №25 03 сәуір 2026 жыл
Аймақтар
02.04.2026
Ақтөбе теміржолшылары су тасқынына дайындықты күшейтті
Спорт
02.04.2026
Сыр теміржолшылары шахмат тақтасында шеберлік байқасты
Әлемде
02.04.2026
CAF Сербияға 30 электропойыз жеткізеді
Жолаушылар тасымалы
02.04.2026
Ұлттық тасымалдаушының үш бағыты бойынша 25% жеңілдік енгізілді
Спорт
02.04.2026
Ақтөбе теміржолшылары арасында шахматтан іріктеу турнирі өтті
Жаңалықтар
02.04.2026
Еуразиялық көлік дәліздері: Жаңа шешімдер мен жобалар
Жаңалықтар
02.04.2026
Көлік полицейлері теміржол торабында ірі көлемде есірткі затын анықтады
Жүк тасымалы
01.04.2026
Үкімет басшысы ЕАЭО-дағы жүк тасымалын үйлестіру үшін нейрожелілерді пайдалануды ұсынды
Жаңалықтар
01.04.2026
ҚТЖ-да көктемгі комиссиялық тексеру басталды

Басқа да жаңалықтар