Күмісай Тіленбаева: «Мамандығым – тағдырым»

15.02.2023, 11:33

Мен, Тіленбаева Күмісай Балтабайқызы «ҚТЖ-Жүк тасымалы» АҚ «Батыс» Маңғыстау қосалқы бөлімшесі Бейнеу станциясында шекаралық аға тауар кассирі болып жұмыс істеймін.  Теміржолшылар отбасынан шықтым, әкем, екі ағам, екі апам және  інім де теміржолшы.  Марқұм әкем де темір жол саласында ПЧ-12 мекемесінде жол жөндеуші болып 40 жыл  кызмет атқарып зейнетке шықты. Мен де теміржолшы аға-апаларымның жолын қуып, теміржолшы мамандығын таңдадым.  

Алғаш еңбек жолымды 1988 жылы Актөбе каласындағы АТЖТ (Актюбинский Техникум Железно дорожного Транспорта)  ойдағыдай бітіріп  Мақат станциясында, сол кездегі Гурьев ауданы темір жол станциясына пойыз қабылдаушы болып қабылдандым. Сол салада 3 жыл кызмет атқардым,  алғаш жұмыс барысы өте қызықты, өте есте қалатын  күндермен  басталды. Сол кездегі мекеме басшысы Қабдешов  Серік Жарасұлы басқарған  ұжымнан көптеген қызметіме қатысты деректер жинап, көп нәрсені үйрендім.1990 жылы тамыз айында отбасылық жағдайға байланысты Бейнеу ауданы Бейнеу темір жол станциясына  мекеме басшысы Қабдушев  Серікбай  ағай басқарған мекемеге пойыз қабылдаушы кызметіне  қабылданып,  жұмысқа орналастым.  

Бейнеу станциясы   9 жолдың торабында тұрған өте үлкен  темір жол жұмысының  қайнап жатқан  жері. 1995-1999 жылдар аралығында шекара тауар кассирі қызметін атқардым, 2000-2010 жылға дейін шекаралық транзит агенті болып істедім. 2010 жылдың тамыз айынан бастап қазіргі таңға дейін шекаралық аға тауар кассирі  қызметін атқарамын. Жоғарыда айтқандай Бейнеу темір жол станциясы тоғыз жолдың торабы: Мақат, Тассай, Орта Азия, Манғышлақ  4 бағыт  бойынша  пойыз қабылдап,  жасақтап, тапсырып отырады.  

2003 жылдың желтоқсанның бірінен бастап біздің тауар кассирлері Өзбекстан  шекарасы Қарақалпақстан станциясында (МГСП КАРАКАЛПАКСТАН)  Орта Азиядан пойыздарды қабылдап тапсырып отырады. Әрине, қиындықсыз болмайды соның ішінде өзге елге барып қызмет атқарғасын сол елдің қызметкерлерімен мекеме басшылырымен қоян-қолтық бірлесіп жұмыс істеуге, ол жердегі белгіленген  жұмыс тәртібіне бағынады.  

Жұмыс бағытына келетін болсам осы өткен 2022 жылы Орта Азиядан  424 пойыз кабылдап, 550 пойыз тапсырдық. Орта Азияға тапсырған 550 пойыздың есебі Астана « ГП Расчет» мекемесіне 12648, Ақтөбе  «ТехПД» мекемесіне 4409 құжат жасақталып жіберілді. Мен өз қызметімді  мақтан тұтамын және темір жол саласының дамуына өз үлесімді қосамын. Осы темір жол саласында қызмет атқарған аралықта 2019 жылы  ҚТЖ Компания  приезиденті  Сауыт Мыңбаевтан және 2021 жылы Бейнеу аудан әкімі Бейнеубек Әбіловтен Алғыс хат марапатына ие болдым. Менің мақсатым осы теміржол саласында адал қызмет етіп, үйренген тәжірибемді артымызда  еріп келе жатқан әріптестерге іні-сіңлілеріме үйрету, темір жол саласының өсіп өркендеуіне өз үлесімді қосу. Темір жол саласында қызмет еткен еңбек өтілім 38 жыл.  

Жаңалықтар
12.09.2026
ҚТЖ өрт сөндіру пойызы СҚО дала өртін сөндіру кезінде ТЖД-ға көмек көрсетті
Жаңалықтар
11.09.2026
ҚТЖ-да Ардагерлер кеңесінің отырысы өтті
Жаңалықтар
11.09.2026
Теміржолшылар «Қауіпсіз өткел» акциясымен 127 өткелді қамтыды
Аймақтар
11.09.2026
Семейде күзгі тасымал күрт өсті
ҚТЖ келбеті
11.09.2026
Таспа талдау – қауіпсіздік кепілі
Қауіпсіздік
11.09.2026
Оқушыларға теміржолдағы қауіпсіздік ережелері ескертілді
Аймақтар
11.09.2026
Жаңаөзен вокзалында ардагерлер бұрышы ашылды
Аймақтар
11.09.2026
Арыс станциясында Алаш көсемінің мұрасы дәріптелді
Жаңалықтар
11.09.2026
Үздік вагон депосы
Жаңалықтар
11.09.2026
Қозғалыстағы пойызға жармасқан азаматтар машинисті шұғыл тежеуге мәжбүр етті
Жаңалықтар / Мұрағат
11.09.2026
Қазақстан теміржолшысы газеті, №72 11 қыркүйек 2026 жыл
Жаңалықтар
10.09.2026
ҚТЖ темір жол инфрақұрылымын қысқы жағдайдағы жұмысқа дайындауда
Қауіпсіздік
10.09.2026
Мұнай қоймасынан өрт шықты
10.09.2026
ҚТЖ электр энергиясын беру тарифін өзгертеді
Әлемде
10.09.2026
Еуропадағы ең үздік 10 теміржол вокзалы
Әлемде
10.09.2026
InnoTrans 2026 көрмесінде 120-дан астам теміржол көлігі таныстырылады
Жаңалықтар
10.09.2026
ҚТЖ локомотив паркі 159 жаңа локомотивпен толықты
Жаңалықтар
09.09.2026
Тоқаев Қазақстанды Еуразияның көлік-логистикалық хабына айналдыру міндетін атады
Жаңалықтар
09.09.2026
ҚТЖ өрт сөндіру пойыздары екі өңірде табиғи өрттерді сөндіруге көмек көрсетті
Жаңалықтар
09.09.2026
Көлік нысандарында есірткі қылмысына қатысы бар 7 шетелдік анықталды

Басқа да жаңалықтар