Жергілікті кадрға не жетсін...

Жаңалықтар
04.04.2017, 16:33
Ақтөбе көлік, коммуникация және жаңа технологиялар колледжі басшылығы өз түлектерінің жергілікті теміржол мекемелеріне жұмысқа орналасуына барынша ықпал етуге тырысады. Осы мақсатта жыл сайын теміржол мекемелерінің басшылары мен колледж түлектерінің басын қосып түрлі  шаралар өткізіп келеді. Оқу орны директорының тәрбие ісі жөніндегі орынбасары Бақытгүл Әбілпейісованың айтуынша, студенттердің дені жергілікті аудан, ауылдардан келгендіктен,  олардың жергілікті мекемелерден, тіпті өз аудандары мен ауылдарындағы теміржол кәсіпорындарына жұмысқа орналасса, жұмыс берушіге де, жұмыс алушыға да тиімді болмақ.  –Жергілікті кадрға жететіні жоқ. Басқа жақтан келген маманның жергілікті ел мен жерге үйренісіп қалып қоюы сирек кезедседі. Сырттан келген маманның көпшілігі бірнеше жылдан соң еліне қарай жылжығысы келіп немесе сол жаққа алаңдаумен жүретіні адамға тән табиғи қасиет шығар деп ойлаймын. Сондықтан, біз жыл сайын колледж түлектерінің 70-85 пайызының  жұмыспен қамтылуына күш саламыз. Басқа салаға кететіндері де болады, дегенмен, басым бөлігі өздері таңдаған мамандықтары бойынша еңбек етеді, – дейді ол. Бақытгүл Әбілпейісованың айтуынша, әрдайым санаулы жыл бұрын енгізілген білім берудің дуальды жүйесі де жемісін бере бастады. –Студенттерді өндіріске баулудың бір амалы дуальды білім жүйесі бойынша өндірістік тәжірибе сағатын арттыру. Бұрын көбінесе теорияға басымдық берілсе, бүгінде керісінше, шамамен 60 пайыз практика, 40 пайыз теория. Теміржол мекемелерінде өндірістік тәжірибеде өздерін жақсы жағынан көрсете білген студент міндетті түрде сол жерге жұмысқа шақырту алады, –дейді ол. Студенттер тәжірибеден өткенде колледж басшылығы үнемі қадағалап отырады екен. Жұмыс берушілермен кездесіп, оларды жұмысқа тартудың жолын қарастырады. Дипломдық жобаны қорғағанда бірқатар мекеме басшылары арнайы шақыртылады. Бұл да мекеме басшылары үшін көзге түскен студенттерді жұмысқа тарту үшін жасалып отырған бір шара екен.  Жыл сайын колледж «Білім. Жұмыс. Мансап» атты арнайы көрмеге қатысады. Ол жерде де бітірушілер өңірдегі кәсіпорындардың жұмысымен танысып, жұмысқа орналасудың мол мүмкіндігі бар. Бүгінде колледждің күндізгі бөлімінде 2000-ға тарта жас білім алады. 34 жетім бала тегін білім алады. Оларға әлеуметтік көмектен өзге жұмысқа орналасуда да басымдық беріледі.

Асқар Ақтілеу, Ақтөбе

Жаңалықтар
17.09.2026
ЕО Орталық Азия арқылы өтетін көлік дәлізіне €12 млрд-қа дейін инвестиция тартпақ
Станция тынысы
17.09.2026
Талас станциясының бүгінгі тынысы
Аймақтар
17.09.2026
Семей станциясында қауіпті өткелдер бақылауға алынды
Әлемде
17.09.2026
Өзбекстанда Қытайдың екінші CRRC пойызы қатынай бастады
Жаңалықтар
17.09.2026
Отар – Шу учаскесіндегі оқу-жаттығуға өрт сөндіру пойызы қатысты
Аймақтар
16.09.2026
Семей қаласында теміржол вокзалын қайта жаңғырту жұмыстары жалғасуда
Әлемде
16.09.2026
Әзербайжан Армения шекарасына дейінгі теміржол құрылысының 75%-ын аяқтады
Жаңалықтар
16.09.2026
Қазақстан мен Корея көлік-логистика саласындағы ынтымақтастықты кеңейтеді
Жаңалықтар
16.09.2026
Астанада VIII «NEW SILK WAY» атты көлік-логистика саласындағы бизнес-форумы өтеді
Апта саны / Жүк тасымалы
16.09.2026
Сегіз айда ҚТЖ желісі арқылы 212,7 млн тоннадан астам жүк тасымалданды
Жаңалықтар
15.09.2026
Теміржолшылар мен ТЖД Қарағанды – Ақадыр учаскесіндегі өртті сөндірді
Жаңалықтар
15.09.2026
«ҚТЖ» ҰК» АҚ-да үздік эколог-сарапшылар анықталды
Жолаушылар тасымалы
15.09.2026
ҚТЖ ата аналар мен жасөспірімдерге пойыздағы қауіпсіз жүру ережесін еске салды
Жаңалықтар
15.09.2026
Болгариядағы TХКБ отырысының негізгі нәтижелері
Жаңалықтар
15.09.2026
Нұрлыбек Нәлібаев Маңғыстаудың жөндеуден өткен вокзалын тексерді
Инфрақұрылым
15.09.2026
Вокзалдарды жаңғырту жұмыстары жалғасуда
Жаңалықтар
15.09.2026
Нұрлыбек Нәлібаев Маңғыстаудағы стратегиялық нысандардың жұмысымен танысты
Жүк тасымалы
15.09.2026
«Бір белдеу, бір жол»: Жаңа сауда дәліздері қалай дамиды?
Қауіпсіздік
15.09.2026
Қауіпсіздік пен біліктілік бәсекесі
ҚТЖ келбеті
15.09.2026
Қырағы өткел кезекшісі