Жолсыз жерден жол салдық...
Жаңалықтар
07.04.2017, 11:01
Сәуірдің 4 күні Маңғыстау облысына жұмыс сапарымен келген Мемлекет басшысы Каспий теңізіндегі көлік инфрақұрылымының дамуымен танысты. Ақтау теңіз солтүстік терминалында Елбасымен бірге Үкімет басшысының бірінші орынбасары Асқар Мамин бастаған топ болды.
Каспий теңізіндегі көлік-логистика саласының дамуы мен бағыттары туралы «Қазақстан темір жолы» ҰК» АҚ президенті Қанат Алпысбаев баяндады. Екі жыл бұрын Елбасы Ақтау теңіз солтүстік терминалының іске қосылуына бастау берген болатын. «Ақтау теңіз порты» АЭА-ның 39,4 гектар алаңында біруақытта 5 000-ға дейін контейнер (TEU) мен 170 000 тоннаға дейін негізгі жүкті сақтауға болады. Заманауи, көп мақсатты терминалдың өндірістік қуаты жылына 3 млн тоннаға дейін негізгі жүкті, оның ішінде, 1,5 млн тоннаға дейін дәнді-дақылды ауыстырып тиеуге мүмкіндік береді. Жоба құны – 37,5 млрд теңгені құрайды. Қазіргі уақытта терминал астық, металл, контейнерлер мен негізгі жүктерді қабылдап жібереді. Вагондарға жүкті тиеп, оларды түсіреді, кемелерге кешенді қызмет көрсетеді. Бүгінгі таңда кәсіпорында Маңғыстау облысының 190 тұрғыны қызмет етеді.
Елбасы Маңғыстау облысының энергетикалық, өнеркәсіптік және көлік-логистикалық әлеуеті зор екенін жеткізді.
– Еуразияның дәл ортасында орналасқан Қазақстан әрдайым құрлықтағы ел болып саналып келді. Бүгінгі таңда біз құрлық ауқымымен шектеліп қалмай, томаға-тұйықтық шеңберін бұздық. Ақтауда заманауи теңіз портын салдық, бейнелеп айтқанда, «жолсыз жерден жол аштық», – деген Елбасы жүйелі дамудың жарқын мысалы ретінде «Ақтау теңіз порты» арнайы экономикалық аймағын атап өтті.
Нұрсұлтан Назарбаев теңіз терминалының қызметімен танысып, оның даму перспективалары туралы кеңінен мағлұмат алды. Қазақстан Президентіне 2020 жылға қарай барлық порттың, соның ішінде Ақтау солтүстік теңіз терминалының қуаттылығын айтарлықтай арттыру жоспарланып отырғаны жөнінде баяндалып, «Жібек жолы» жүк тиеу кешенінің жұмысы таныстырылды.
Сондай-ақ, Нұрсұлтан Назарбаев кәсіпорын ұжымымен де кездесіп, әңгімелесті. Салтанатты кездесуге Маңғыстау жүк тасымалы бөлімшесінің директоры Нәжімеден Ғұбашев, «Құрық порты» ЖШС бас директоры Мырзабек Сақтағанов, «Ақтау халықаралық теңіз сауда порты» ҰК» АҚ президенті Абай Түрікпенбаев, порт жұмысшы-қызметкерлері қатысты.
–Еңбек нарығындағы тұрақсыздықты жою және аймақ тұрғындарын жұмысқа орналастыруға қолдау көрсету мақсатында Маңғыстау облысының әкімдігімен жасалған «Жаңа серпін» өңірлік бағдарламасының аясында, терминал үшін 27 адам оқытылды. Олардың көбісі біз үшін қажетті мамандықтар – механизатор-док жұмысшылары мен тальмандар. Олар Санкт-Петербург қаласының жанындағы теңіз портында оқытылды, – деп ақпарат берді кадр мәселесіне байланысты «Ақтау Теңіз Солтүстік Терминалы» ЖШС бас директоры Асқар Қарабасов.
Әсел ТАҢАТАРОВА,
Маңғыстау
Сурет «Ақорда» сайтынан алынды
Жаңалықтар
17.09.2026
ЕО Орталық Азия арқылы өтетін көлік дәлізіне €12 млрд-қа дейін инвестиция тартпақ
Станция тынысы
17.09.2026
Талас станциясының бүгінгі тынысы
Аймақтар
17.09.2026
Семей станциясында қауіпті өткелдер бақылауға алынды
Әлемде
17.09.2026
Өзбекстанда Қытайдың екінші CRRC пойызы қатынай бастады
Жаңалықтар
17.09.2026
Отар – Шу учаскесіндегі оқу-жаттығуға өрт сөндіру пойызы қатысты
Аймақтар
16.09.2026
Семей қаласында теміржол вокзалын қайта жаңғырту жұмыстары жалғасуда
Әлемде
16.09.2026
Әзербайжан Армения шекарасына дейінгі теміржол құрылысының 75%-ын аяқтады
Жаңалықтар
16.09.2026
Қазақстан мен Корея көлік-логистика саласындағы ынтымақтастықты кеңейтеді
Жаңалықтар
16.09.2026
Астанада VIII «NEW SILK WAY» атты көлік-логистика саласындағы бизнес-форумы өтеді
Апта саны / Жүк тасымалы
16.09.2026
Сегіз айда ҚТЖ желісі арқылы 212,7 млн тоннадан астам жүк тасымалданды
Жаңалықтар
15.09.2026
Теміржолшылар мен ТЖД Қарағанды – Ақадыр учаскесіндегі өртті сөндірді
Жаңалықтар
15.09.2026
«ҚТЖ» ҰК» АҚ-да үздік эколог-сарапшылар анықталды
Жолаушылар тасымалы
15.09.2026
ҚТЖ ата аналар мен жасөспірімдерге пойыздағы қауіпсіз жүру ережесін еске салды
Жаңалықтар
15.09.2026
Болгариядағы TХКБ отырысының негізгі нәтижелері
Жаңалықтар
15.09.2026
Нұрлыбек Нәлібаев Маңғыстаудың жөндеуден өткен вокзалын тексерді
Инфрақұрылым
15.09.2026
Вокзалдарды жаңғырту жұмыстары жалғасуда
Жаңалықтар
15.09.2026
Нұрлыбек Нәлібаев Маңғыстаудағы стратегиялық нысандардың жұмысымен танысты
Жүк тасымалы
15.09.2026
«Бір белдеу, бір жол»: Жаңа сауда дәліздері қалай дамиды?
Қауіпсіздік
15.09.2026
Қауіпсіздік пен біліктілік бәсекесі
ҚТЖ келбеті
15.09.2026
Қырағы өткел кезекшісі