ҚР Төтенше жағдайлар министрлігі «Көктем-2023» республикалық командалық-штабтық оқу-жаттығуларының қорытындысы бойынша теміржолшылардың тасқын сулардан болатын зардаптарды азайту жөніндегі іс-қимылдарының үйлесімділігін атап өтті, деп хабарлайды Rail-news.kz.

«ҚТЖ» ҰК» АҚ командасын ҚТЖ азаматтық қорғанысты ұйымдастыру және жүргізу бөлімшесінің басшысы Жәнібек Айманбетов басқарды.

Теміржолшылар төтенше жағдайлар кезінде адамдардың қауіпсіздігі мен теміржол тасымалын қамтамасыз ету үшін техникалық мүмкіндіктер мен кәсіби құзыреттерін көрсетті.

Азаматтық қорғанысты ұйымдастыру және жүргізу бойынша жедел міндеттер темір жолдың барлық бөлімшелерінде пысықталуда.