Жосалының жосақұмы жоспарды орындауда
Жаңалықтар
07.04.2017, 11:46
«Қызылорда Жүк тасымалы» бөлімшесінің солтүстік бағыттағы Жосалы станциясында ірі теміржол мекемелері шоғырланған. Жылжымалы құрамның қауіпсіз қозғалысын сақтау бағытында станциядағы бүкіл теміржолшылар бір мақсатқа жұмылған.
Станция бастығы, тәжірибелі теміржолшы Бауыржан Сағатұлы Баяновтың айтуынша жосалылықтар тапсырылған жұмыстардың денін толық орындап, кәсіби міндеттерін абыроймен атқарып келеді.
Жосалы станциясына келіп түсетін негізгі жүк жергілікті тұрғындардың қажеті үшін құрылыс заттары, тұрмыстық заттар мен азық-түлік тауарлары болса, бұл бекеттен вагонға тиеліп жөнелтілетін басты жүк жергілікті жосақұмы болып саналады. Ынтымағы жарасқан ұжым ақпан айына 189 тонна жүк тиеп, межені толық орындап шыққан. Жүк түсіруде де қалыс жоқ, станцияға келген 55 вагон жүкті түсіріп алған. Статикалық вагон жүктемесінің жоспары 62,9 тоннамен тұйықталып меже 100 пайыз орындалған. Станцияға келген жүк вагондарының құжаттарын бір операция кезінде реттеу межесі 4.0 сағатқа белгіленсе, бұл көрсеткішті жосалылықтар 3,52 сағатқа түсіріп, жоспарды 113,6 пайызға көтерген. Құжаттары рәсімделмей тоқтаған жүк вагондарының тұру уақыты 0,50 сағатқа белгіленсе, оның орындалу барысы 0,31 сағатқа айналып жоспар 161,2 пайызбен, ал құжаттарын рәсімдеу кезіндегі жүк вагонының тоқтау межесі 4.0 сағатқа межеленсе, оның орындалуы 0,78 сағатқа атқарылып жоспар 512,8 пайызға орындалыпты. Станцияның жұмыс паркі 50 вагон болса, вагон айналым көрсеткіші 7125 вагонмен шектелген.
–Жылжымалы құрамдардың станциялық жолдарға келуі барысында кіріс бағдаршамдарында кідіруі тіркелмеген. Жолаушылар пойызын арнайы белгіленбеген станция жолдарына қабылдау, шақыру белгілері бойынша және тіркеу бұйрығымен қабылдау орын алмаған. КТСМ құрылғыларының дабыл сигналының көрсетуімен тоқтатылуы болмаған. Өндірістік және маневрлік жұмыс барысында және жүк тиеу-түсіру жұмыстары атқарылатын кірме жолдарда вагондардың бүлінуі тіркелген жоқ, – дейді станция бастығы Бауыржан Баянов.
Сабырхан СЕЙІЛБЕКҰЛЫ, Жосалы станциясы
Жаңалықтар
17.09.2026
ЕО Орталық Азия арқылы өтетін көлік дәлізіне €12 млрд-қа дейін инвестиция тартпақ
Станция тынысы
17.09.2026
Талас станциясының бүгінгі тынысы
Аймақтар
17.09.2026
Семей станциясында қауіпті өткелдер бақылауға алынды
Әлемде
17.09.2026
Өзбекстанда Қытайдың екінші CRRC пойызы қатынай бастады
Жаңалықтар
17.09.2026
Отар – Шу учаскесіндегі оқу-жаттығуға өрт сөндіру пойызы қатысты
Аймақтар
16.09.2026
Семей қаласында теміржол вокзалын қайта жаңғырту жұмыстары жалғасуда
Әлемде
16.09.2026
Әзербайжан Армения шекарасына дейінгі теміржол құрылысының 75%-ын аяқтады
Жаңалықтар
16.09.2026
Қазақстан мен Корея көлік-логистика саласындағы ынтымақтастықты кеңейтеді
Жаңалықтар
16.09.2026
Астанада VIII «NEW SILK WAY» атты көлік-логистика саласындағы бизнес-форумы өтеді
Апта саны / Жүк тасымалы
16.09.2026
Сегіз айда ҚТЖ желісі арқылы 212,7 млн тоннадан астам жүк тасымалданды
Жаңалықтар
15.09.2026
Теміржолшылар мен ТЖД Қарағанды – Ақадыр учаскесіндегі өртті сөндірді
Жаңалықтар
15.09.2026
«ҚТЖ» ҰК» АҚ-да үздік эколог-сарапшылар анықталды
Жолаушылар тасымалы
15.09.2026
ҚТЖ ата аналар мен жасөспірімдерге пойыздағы қауіпсіз жүру ережесін еске салды
Жаңалықтар
15.09.2026
Болгариядағы TХКБ отырысының негізгі нәтижелері
Жаңалықтар
15.09.2026
Нұрлыбек Нәлібаев Маңғыстаудың жөндеуден өткен вокзалын тексерді
Инфрақұрылым
15.09.2026
Вокзалдарды жаңғырту жұмыстары жалғасуда
Жаңалықтар
15.09.2026
Нұрлыбек Нәлібаев Маңғыстаудағы стратегиялық нысандардың жұмысымен танысты
Жүк тасымалы
15.09.2026
«Бір белдеу, бір жол»: Жаңа сауда дәліздері қалай дамиды?
Қауіпсіздік
15.09.2026
Қауіпсіздік пен біліктілік бәсекесі
ҚТЖ келбеті
15.09.2026
Қырағы өткел кезекшісі