Ат-көлігін сайлап отыр  

Жаңалықтар
07.04.2017, 11:50
 «Қызылорда жүк тасымалы» бөлімшесінде сәуір айының 10 мен 24 аралығында көктемгі байқау өткізілгелі отыр. Асай-мүсейлерін сайлаған Сыр бойы теміржолшылары  дайындық жұмыстарын бастап та кетті. – Бөлімшенің оңтүстік бөлігінен бастағалы отырған көктемгі комиссиялық тексеруге сала мамандары мен мекеме басшыларынан құралған жұмыс тобы, яғни комиссия мүшелері сайланып, алдағы атқарылар шараларды жіпке тізіп, ат-көлігін сайлап отыр. Жұмыс кестесі бекітіліп, білікті мамандар іріктелген. Барлық шар «Сала шаруашылықтарда көктемгі және күзгі тексеру өткізу» №470-ЦЗ пәрмені негізінде комиссия төрағасы әрі бөлімше директоры Аманкелді Арысбаевтың тікелей басшылығы және бақылауымен атқарылмақ, – деп мәлімдеді бөлімшенің бас ревизоры Бостанбек Нұрымбетов. Тексеруге дайындық жұмыстарына қызу кіріскен аймақ теміржолшылары уақытпен санаспай жұмыс жасауда. Әр сала мамандары өз аумақтарын аралап шығып, кем-кетікті ретке келтіруде. Ал негізгі жұмыс барысында қозғалыс қауіпсіздігін сақтау талаптарының орындалуы, инфрақұрылым, техникалардың халі, өрт қауіпсіздігі, еңбек қорғау, өндірістік тәртіп, жұмыс тәртібі, құжат айналымы, теміржолшылардың әлеуметтік ахуалы секілді маңызды да өзекті мәселелер толығымен сарапқа салынып, сараланатын болады. Жүк тасымалы және магистральдық желі бөлімшелеріне қарасты сала мекемелерінде жеке-жеке арнайы тексеру өткізетін комиссиялық топ мүшелері нысандарды толық көзден өткізіп, шаруашылықтардың жазғы тасымал науқанына дайындығын тексереді. Ірілі-ұсақты станция-бекеттер, локомотив шаруашылығы, вагон деполары, белгі беру және байланыс құрылғыларының жайы, жол, электрмен жабдықтау дистанциялары, жолдардың төсем қабатының жағдайы, өндірістік шеберханалар мен цехтар, қызметтік ғимараттар мен жасанды имараттар, жалпы алғанда саладағы кез-келген нысан толық тексеріліп, жіпке тізгендей сарапқа салынып, олардың пайдалану мерзіміне, ағымдық жарамдылығына дейін назарға алынып, қойын дәптерге түртіліп отырады да, кем-кетіктің орнын толтыру уақыты белгіленеді.

Сабырхан СЕЙІЛБЕКҰЛЫ, Қызылорда

Жаңалықтар
17.09.2026
ЕО Орталық Азия арқылы өтетін көлік дәлізіне €12 млрд-қа дейін инвестиция тартпақ
Станция тынысы
17.09.2026
Талас станциясының бүгінгі тынысы
Аймақтар
17.09.2026
Семей станциясында қауіпті өткелдер бақылауға алынды
Әлемде
17.09.2026
Өзбекстанда Қытайдың екінші CRRC пойызы қатынай бастады
Жаңалықтар
17.09.2026
Отар – Шу учаскесіндегі оқу-жаттығуға өрт сөндіру пойызы қатысты
Аймақтар
16.09.2026
Семей қаласында теміржол вокзалын қайта жаңғырту жұмыстары жалғасуда
Әлемде
16.09.2026
Әзербайжан Армения шекарасына дейінгі теміржол құрылысының 75%-ын аяқтады
Жаңалықтар
16.09.2026
Қазақстан мен Корея көлік-логистика саласындағы ынтымақтастықты кеңейтеді
Жаңалықтар
16.09.2026
Астанада VIII «NEW SILK WAY» атты көлік-логистика саласындағы бизнес-форумы өтеді
Апта саны / Жүк тасымалы
16.09.2026
Сегіз айда ҚТЖ желісі арқылы 212,7 млн тоннадан астам жүк тасымалданды
Жаңалықтар
15.09.2026
Теміржолшылар мен ТЖД Қарағанды – Ақадыр учаскесіндегі өртті сөндірді
Жаңалықтар
15.09.2026
«ҚТЖ» ҰК» АҚ-да үздік эколог-сарапшылар анықталды
Жолаушылар тасымалы
15.09.2026
ҚТЖ ата аналар мен жасөспірімдерге пойыздағы қауіпсіз жүру ережесін еске салды
Жаңалықтар
15.09.2026
Болгариядағы TХКБ отырысының негізгі нәтижелері
Жаңалықтар
15.09.2026
Нұрлыбек Нәлібаев Маңғыстаудың жөндеуден өткен вокзалын тексерді
Инфрақұрылым
15.09.2026
Вокзалдарды жаңғырту жұмыстары жалғасуда
Жаңалықтар
15.09.2026
Нұрлыбек Нәлібаев Маңғыстаудағы стратегиялық нысандардың жұмысымен танысты
Жүк тасымалы
15.09.2026
«Бір белдеу, бір жол»: Жаңа сауда дәліздері қалай дамиды?
Қауіпсіздік
15.09.2026
Қауіпсіздік пен біліктілік бәсекесі
ҚТЖ келбеті
15.09.2026
Қырағы өткел кезекшісі