Қария бар қазына боп қартаяр...
Жаңалықтар
07.04.2017, 12:32
Семей теміржолында еңбек жолымен өнеге, қоғамдық қызметімен үлгі болып жүрген сала ардагерлерінің қатары мол. Күні кеше сексен жылдығын атап өткен абыз ақсақалдардың алдыңғы сапында жергілікті «Түрксіб-Семей» мұражайының директоры, аймақтың қадірменді қариясы Мақсұт Көшжановтың орны бөлек.
Жас буын теміржолшылар «Музей ата» атандырып жіберген қадірменді қария наурыздың 22 күні сексен жасқа толды. Наурыз мерекесіне арналған салтанатты жиында бөлімше басшысы Марлен Көкірекбаев пен қала әкімі Ермак Сәлімов ақсақалды сахна төріне шақырып, сый-құрмет көрсетіп, иығына құндыз жағалы оқалы шапан жапты. Семей теміржолында жарты ғасыр еңбек еткен ардагерге сонау Астанадан, «ҚТЖ» ҰК» АҚ президенті Қанат Алпысбаев та құттықтау хат жіберіп, ізгі лебізін білдірген екен.
– Ежелден қариясын қастерлеген елдің ұрпағымыз. Бүгінгі Ұлыстың ұлы күнінде сексен жастың биігіне абыроймен көтеріліп отырған сала ардагері Мақсұт Көшжанұлының Семей теміржолына сіңірген еңбегі ұшан-теңіз. Ардагердің тікелей бастамасымен ашылған «Түрксіб-Семей» мұражайы бүгінде семейлік теміржолшылардың мақтанышы, тарихи жәдігеріне айналып отыр. Осындай қазына болып қартайған қартымызға ұзақ ғұмыр, денсаулық тілейміз, – деді өз сөзінде бөлімше басшысы Марлен Кәрімұлы.
Ілтипат білдіруші көпшілік алдында ақсақалдың өзі де сөз алып, көпшілікті Наурыз мерекесімен құттықтап, көрсетілген құрмет үшін алғыс білдіріп өтті.
Мақсұт Көшжанов сонау 1937 жылы Ұлыстың ұлы күнінде Абыралы өңірінде өмірге келген. Небары 5 жаста соғысқа аттанған әкеден, 9 жасында шешеден айырылып, өмірдің барлық қиындығын күш-жігерімен жеңіп, зор жетістіктерге жеткен жан алдымен Семейдің №13 теміржол училищесін бітіріп, әрі қарай тағы оқуды мақсат тұтып, 1959 жылы Ташкент теміржол институтына түседі. Сөйтіп, оны сол жылдардағы қазақ баласы үшін таңсық саналатын «автоматика және телемеханика» мамандығы бойынша бітіріп шығады.
Диплом алған соң елге келіп, теміржол саласындағы қайнаған еңбекке араласқан жас маман жылдар өте келе, қарапайым электромонтерден бастап, бас инженер дәрежесіне дейін өсіп, абырой арттырады. Аға ұлттың өктемдігі мол ол жылдарда қазақ баласының теміржолдағы аса жауапты байланыс және белгі беру саласында қызмет атқаруы, басшылық қызметтерге қол жеткізуі некен-саяқ болатын. Алайда, Мақсұт Көшжанов Қапсидар Омарұлы сынды есімі республикаға мәшһүр әйгілі байланысшының мектебінде шыңдалып, өз саласы бойынша сол кездегі өлшем бойынша тамаша карьера жасайды.
Бүгінде зейнеттегі ардагер қоғамға қызмет сіңіруді борышым деп біледі. Семейдегі «Абыралы-Дегелең» қоғамдық қорының белсенді мүшесінің теміржол саласы бойынша қосып жүрген үлесі зор. Семей белгі беру және байланыс дистанциясының бастауыш ардагерлер кеңесінің төрағасы. Әйтсе де, ақсақалдың абырой атағын өз күшімен ашқан «Түрксіб-Семей» мұражайы тіптен ерекшелей түсті. Екі жыл бойы күш жұмсап, ғажап музей ашып, таңқаларлық экспонаттармен толықтырды. Бүгінгі Семей теміржолының көзкөргені болғандықтан дерек пен дәйек жинау қиынға түскен жоқ. Қазіргі күні Мақсұт Көшжанұлының ширақ қимылына, бастамашылдығы мен белсенділігіне қарап, сексенге келді деуге келмейді. Ойының алғырлығы, өзі бастаған ісіне құлшына кірісетін энергиясына қырықтағы жігіттер қызығатыны сөзсіз...
–Мен үшін жас күнімде қазақ теміржолына қызмет етіп, көркейту өмірлік мақсатым болса, зейнет жасына жеткен соң мұражай ашып, Түрксіб теміржолының тарихын, ерен еңбеккерлерін кейінгі ұрпаққа мұра етіп қалдыру басты мұратым болды. Шүкір, оған да қол жеткіздім. Тек қатарластарымның айтарлықтай сиреп қалғанына мұңаямын. Мен туған ауыл Семей ядролық сынақ полигонының дәл эпицентрінде еді. Біз 84 бала мектеп бітірдік, бүгінде солардан алтау-жетеу ғана қалыпты. Біздер Дегелең – Қайнар жерінде ядролық сынақтар астында ержеттік. Сол сынақтардан аман қалғандардың бірі менмін, – дейді сүйегі асыл қария.
Қуаныш Қожаев, Семей
Жаңалықтар
17.09.2026
ЕО Орталық Азия арқылы өтетін көлік дәлізіне €12 млрд-қа дейін инвестиция тартпақ
Станция тынысы
17.09.2026
Талас станциясының бүгінгі тынысы
Аймақтар
17.09.2026
Семей станциясында қауіпті өткелдер бақылауға алынды
Әлемде
17.09.2026
Өзбекстанда Қытайдың екінші CRRC пойызы қатынай бастады
Жаңалықтар
17.09.2026
Отар – Шу учаскесіндегі оқу-жаттығуға өрт сөндіру пойызы қатысты
Аймақтар
16.09.2026
Семей қаласында теміржол вокзалын қайта жаңғырту жұмыстары жалғасуда
Әлемде
16.09.2026
Әзербайжан Армения шекарасына дейінгі теміржол құрылысының 75%-ын аяқтады
Жаңалықтар
16.09.2026
Қазақстан мен Корея көлік-логистика саласындағы ынтымақтастықты кеңейтеді
Жаңалықтар
16.09.2026
Астанада VIII «NEW SILK WAY» атты көлік-логистика саласындағы бизнес-форумы өтеді
Апта саны / Жүк тасымалы
16.09.2026
Сегіз айда ҚТЖ желісі арқылы 212,7 млн тоннадан астам жүк тасымалданды
Жаңалықтар
15.09.2026
Теміржолшылар мен ТЖД Қарағанды – Ақадыр учаскесіндегі өртті сөндірді
Жаңалықтар
15.09.2026
«ҚТЖ» ҰК» АҚ-да үздік эколог-сарапшылар анықталды
Жолаушылар тасымалы
15.09.2026
ҚТЖ ата аналар мен жасөспірімдерге пойыздағы қауіпсіз жүру ережесін еске салды
Жаңалықтар
15.09.2026
Болгариядағы TХКБ отырысының негізгі нәтижелері
Жаңалықтар
15.09.2026
Нұрлыбек Нәлібаев Маңғыстаудың жөндеуден өткен вокзалын тексерді
Инфрақұрылым
15.09.2026
Вокзалдарды жаңғырту жұмыстары жалғасуда
Жаңалықтар
15.09.2026
Нұрлыбек Нәлібаев Маңғыстаудағы стратегиялық нысандардың жұмысымен танысты
Жүк тасымалы
15.09.2026
«Бір белдеу, бір жол»: Жаңа сауда дәліздері қалай дамиды?
Қауіпсіздік
15.09.2026
Қауіпсіздік пен біліктілік бәсекесі
ҚТЖ келбеті
15.09.2026
Қырағы өткел кезекшісі