Қазақстан мен Қытай арасындағы жүк тасымалы жаңа белеске көтерілді

Жаңалықтар
29.03.2023, 15:21

ҚКП Шыңжаң-Ұйғыр автономиялық ауданы партия комитетінің хатшысы Ма Синжуйдің Қазақстанға ресми сапары аясында өткен «Қазақстан мен Қытай шекара ынтымақтастығының 2-ші Достық диалогы» атты форумда  екі ел арасындағы сауда-саттық пен логистика саласында қарым-қатынастарды одан әрі нығайту мәселесі талқыланды.

Форум барысында Премьер-Министрдің орынбасары – сауда және интеграция министрі Серік Жұманғарин биыл “Бір белдеу – бір жол” бастамасына 10 жыл толатынын, осы кезеңде серіктестік жаңа деңгейге көтерілгенін атап өтті. Оған қоса, ынтымақтастықтың барлық саласы бойынша оң серпін байқалатынын, әсіресе жүк тасымалында жаңа бағыттар ашылып, логистика жағы жаңа белеске көтерілгенін атап өтті.

«Қазіргі уақытта «Қорғас» ХШЫО және «Қорғас – Шығыс қақпасы» АЭА-да сауда инфрақұрылымы мен шекаралық бақылау жүйесін жаңғырту шаралары қабылданып жатыр. Транзиттік бағыттар, оның ішінде Транскаспий халықаралық көлік бағыты аясында дамуда. 2022 жылы Қазақстанның теміржол арқылы транзитпен жүк тасымалдау көлемі 1,1 млн тоннаға ұлғайып, 9,4 млн тоннаға жетті. ҚХР-дан автокөлікпен транзиттік тасымалдау екі есе өсіп, 980,6 мың тоннаны құрады», – деді С.Жұманғарин.

Айта кетсек, 2022 жылы Қазақстан мен Қытай арасындағы тасымал көлемі рекордтық көрсеткішке жетіп, 23 млн тоннаны құраған. Бұл көрсеткіш 2021 жылмен салыстырғанда 14% -ға артық. Оның ішінде экспорттық жөнелтілімдер 13%-ға, ел мұқтажы үшін импорт 9%-ға ұлғайған. Бұл жетістік екі ел теміржолшыларының үйлесімді жұмысының нәтижесі. Қытайға тасымалдау сұранысының артуына байланысты қазір Аягөз-Бақты үшінші теміржол шекара өткелін салу бойынша техникалық-экономикалық негіздеме әзірленуде.

Сонымен 2022 жылдың қорытындысы бойынша Қазақстан мен ҚХР арасындағы өзара сауда $24 млрд-қа жеткен. Қазақстан көрші елге негізінен мұнай, мыс және мыс катодтар, кен және мыс концентраттары, табиғи газ, ферроқорытпалар, уран, күнбағыс майын экспорттайды. Ал, ҚХР-дан телефон аппараттары, есептеу машиналары, электр өндіретін қондырғылар, қара металдардан жасалған бұйымдар, шиналар, автомобильдер мен тракторларға арналған бөлшектер мен керек-жарақтар, жол және құрылыс техникасы, автомобильдер әкелінеді.

Форум барысында Вице-премьер еліміз қытайлық сатып алушыға $1 млрд-тан астам сомаға 135 тауар позициясы бойынша өнеркәсіптік және ауыл шаруашылығы тауарларының кең ассортиментін ұсынуға дайын екенін жеткізді. Атап айтқанда, қазақстандық кәсіпорындар Қытайға салқындатылған ет өнімдерін, балық өнімдерін, құс еті мен қосалқы өнімдерді, шошқа етін, жұмыртқаны, жылқы етін және жоғары маржиналды тауарлардың басқа да түрлерін жеткізе алады.

«Қазақстан ҚХР-ға жыл сайынғы бидай жеткізу көлемін 1 млн тоннаға дейін және одан да жоғары деңгейге жеткізуге дайын. Бұл үшін инфрақұрылымдық мүмкіндіктер де бар. Мен бір теміржол астық құрамын ҚХР-дың бонд аймағына пилоттық негізде бағыттау туралы тапсырма бердім», – деді Серік Жұманғарин. Сондай-ақ вице-премьер өзара сауда мәселелерін жедел шешу үшін ҚР мен ҚХР арасында Ауыл шаруашылығы жөніндегі шағын комитет құруды ұсынды.

Форумда тараптар жол бойындағы өткізу бекеттері, логистикалық орталықтар мен көлік инфрақұрылымы жұмысының тиімділігін арттыру жолдарын да талқылады. Министр Жұманғарин бұл бағытта да ауқымды жұмыс жүргізіліп жатқанын айтты. Қазір Ляньюньган портында Қазақстан-Қытай логистикалық терминалымен бірге жүктердің кедергісіз транзиті үшін қажетті база қалыптастырылған. Қолайлы инфрақұрылымдық жағдай жасау үшін Үрімші мен Алматыда сауда хабын салу жоспарланып отыр. Бұдан басқа Бақты – Шәуешек автомобиль өткізу бекеті ауданында Қазақстан мен Қытай арасындағы үшінші теміржол өткелі ашылмақ.

Аталған форумға 150-ден астам қазақстандық кәсіпкер, 20 жетекші Шыңжаң кәсіпкері, Қазақстандағы ірі инвестициялық Қытай кәсіпорындарының 10 өкілі келді. Форум аясында экономиканың түрлі салаларында, атап айтқанда, құрылыс, энергетика, тау-кен өнеркәсібі, ауыл шаруашылығы, тамақ өнеркәсібі, машина жасау, туризм, инвестициялар және т.б. салаларда қазақстандық және қытайлық кәсіпкерлер арасында B2B форматында екіжақты келіссөздер өтті. 16 екіжақты құжатқа қол қойылды, оның бесеуі – $565,4 млн-ның коммерциялық құжаты.

 

Аймақтар
24.07.2026
Ақмола облысында қайта жаңартудан кейін екі теміржол вокзалы ашылды
Аймақтар
24.07.2026
Орал – Жилаево аралығында теміржолдағы қауіпсіздік бойынша профилактикалық рейд өтті
Жолаушылар тасымалы
24.07.2026
Пойызда қандай заттарды алып жүруге болмайды?
Инфрақұрылым
24.07.2026
Шетпенің жаңа келбеті
Аймақтар
24.07.2026
Таразда теміржолдағы қауіпсіздік бойынша рейд өтті
Қауіпсіздік
24.07.2026
Техникалық тексеріс жалғасуда
Аймақтар
24.07.2026
Қаперде ұстайтын қағида
Қауіпсіздік
24.07.2026
Сайөтес станциясында «Қауіпсіз жол» профилактикалық іс-шарасы өтіп жатыр
Аймақтар
24.07.2026
Атырауда жарты жылда 29,7 шақырым теміржол күрделі жөндеуден өтті
ҚТЖ келбеті
24.07.2026
Теміржол тарланына тағзым
Спорт
24.07.2026
Ақмолада теміржолшы ардагерлер арасында шахматтан турнир өтті
Жаңалықтар / Мұрағат
24.07.2026
Қазақстан теміржолшысы газеті, №56 24 шілде 2026 жыл
Жаңалықтар
23.07.2026
Орта дәліздің жаңа кезеңі: Қазақстан мен Өзбекстан транзиттік серіктестікті күшейтіп жатыр
Аймақтар
23.07.2026
Алматы облысында Жетісу теміржол вокзалын қайта жаңарту аяқталды
Инфрақұрылым
23.07.2026
Транскаспий дәлізін дамыту: Олжас Бектенов Маңғыстаудағы стратегиялық жобалардың жүзеге асуын тексерді
Аймақтар
23.07.2026
Теміржолшылар мал иелеріне мал жаю ережелерін түсіндірді
Аймақтар
23.07.2026
Шалқарда ҚТЖ мен Wabtec серіктестігі аясында жаңа өнер мектебі салынып жатыр
Әлемде
23.07.2026
Германияның барлық вокзалында алкоголь тұтынуға тыйым салынады
Жүк тасымалы
23.07.2026
ҚТЖ желісі бойынша жарты жылда 157 млн тоннадан астам жүк тасымалданды
Аймақтар
22.07.2026
Маңғыстау және Павлодар облыстарында теміржол вокзалдарын қайта жаңарту аяқталды