«Студент көктемі – 2017» мәресіне жетті

Жаңалықтар
11.04.2017, 15:18
 М.Тынышбаев атындағы Қазақ көлік және коммуникациялар академиясында өткен VІ Республикалық «Студент көктемі – 2017» байқауы қорытындыланды.    Студенттер арасында дәстүрге айналған шара бұл оқу орнында екі күн қатарынан жалғасып, білім қуған жастардың шығармашылық және өнердегі қабілеттерін танытуға, ұштауға мүмкіндік берді.  Бұған дейін аталған оқу орнының Ақтөбе, Ақтау, Астана, Шымкент қалаларындағы колледждерінде өткізіліп келген фестивальде биыл студенттер команда болып жарысып, таныстыру, аранжировка, командалық би және эстрадалық-театрландырылған қойылым шарттары бойынша сайысты. Еліміздің 5 қаласынан келіп, ең мықтылар қатарынан көрінуге ұмтылған жастардың өзара өнер бәсекесі қазылар алқасы үшін жеңімпазды анықтауда қиындық туғызды.   Байқаудың негізгі мақсаты – студенттік шығармашылықты қолдау жүйесін жетілдіру, өнер мен мәдениет саласында шығармашылық қызметті қолдау әдістерін дамыту, соның ішінде дәстүрлі халықтық өнерді кейінгі жас ұрпақтың бойына ұлттық тәрбие ретінде сіңіру. Кең ауқымды шараға 70-тен аса студент, 500-ден астам жанкүйер қатысты. Жарыс соңында бас жүлдеге аталған көлік академиясының Ақмола колледжі лайық деп танылды. Ал бірінші орын Ақтөбе колледжіне, екінші жүлде Алматы колледжіне және үшінші орын шымкенттік студенттерге берілді. Жүлдегерлер дипломдар және бағалы сыйлықтарға ие болды.

Нұрсая НҰРЛАНҚЫЗЫ

Жаңалықтар
17.09.2026
ЕО Орталық Азия арқылы өтетін көлік дәлізіне €12 млрд-қа дейін инвестиция тартпақ
Станция тынысы
17.09.2026
Талас станциясының бүгінгі тынысы
Аймақтар
17.09.2026
Семей станциясында қауіпті өткелдер бақылауға алынды
Әлемде
17.09.2026
Өзбекстанда Қытайдың екінші CRRC пойызы қатынай бастады
Жаңалықтар
17.09.2026
Отар – Шу учаскесіндегі оқу-жаттығуға өрт сөндіру пойызы қатысты
Аймақтар
16.09.2026
Семей қаласында теміржол вокзалын қайта жаңғырту жұмыстары жалғасуда
Әлемде
16.09.2026
Әзербайжан Армения шекарасына дейінгі теміржол құрылысының 75%-ын аяқтады
Жаңалықтар
16.09.2026
Қазақстан мен Корея көлік-логистика саласындағы ынтымақтастықты кеңейтеді
Жаңалықтар
16.09.2026
Астанада VIII «NEW SILK WAY» атты көлік-логистика саласындағы бизнес-форумы өтеді
Апта саны / Жүк тасымалы
16.09.2026
Сегіз айда ҚТЖ желісі арқылы 212,7 млн тоннадан астам жүк тасымалданды
Жаңалықтар
15.09.2026
Теміржолшылар мен ТЖД Қарағанды – Ақадыр учаскесіндегі өртті сөндірді
Жаңалықтар
15.09.2026
«ҚТЖ» ҰК» АҚ-да үздік эколог-сарапшылар анықталды
Жолаушылар тасымалы
15.09.2026
ҚТЖ ата аналар мен жасөспірімдерге пойыздағы қауіпсіз жүру ережесін еске салды
Жаңалықтар
15.09.2026
Болгариядағы TХКБ отырысының негізгі нәтижелері
Жаңалықтар
15.09.2026
Нұрлыбек Нәлібаев Маңғыстаудың жөндеуден өткен вокзалын тексерді
Инфрақұрылым
15.09.2026
Вокзалдарды жаңғырту жұмыстары жалғасуда
Жаңалықтар
15.09.2026
Нұрлыбек Нәлібаев Маңғыстаудағы стратегиялық нысандардың жұмысымен танысты
Жүк тасымалы
15.09.2026
«Бір белдеу, бір жол»: Жаңа сауда дәліздері қалай дамиды?
Қауіпсіздік
15.09.2026
Қауіпсіздік пен біліктілік бәсекесі
ҚТЖ келбеті
15.09.2026
Қырағы өткел кезекшісі