Жетпіс жылдық тарих таразылануда
Жаңалықтар
11.04.2017, 16:46
Бес жыл уақыттан соң қайтадан ашылған «ӘТЖК» АҚ Семей филиалының тарихы тым тереңде. Әр жылдарда білікті мамандар мен тәжірибелі басшылар ұстаханасы болған іргелі мекеменің өткен күндерден шертер естеліктері де мол. Осы ретте филиалдың кәсіподақ ұйымының төрағасы Амантай Қатпенов тұңғыш рет тың бастаманы қолға алып отыр.
Бүгінгі таңда төрт бағыт бойынша жылжымалы құрамдар қабылдап аттандыратын Семейдегі әскерилендірілген күзет қызметінің тарихы 1944 жылдың 29 тамызынан басталады екен. Осынау аралықта күрделі де ауқымды қызмет сатыларынан өткен мекеменің абыройлы еңбек жолы бар.
Алайда, әр жылдардағы айшықты оқиғалар мерзімдік баспасөз беттерінде там-тұмдап жарық көргенімен осы кезеңге дейін жинақталмапты. Ал осы ретте Амантай Қатпенов мекеме тарихына қатысты жәдігерлер мен түрлі деректерді жинастырып, филиалдың өткен күндерінен сыр шертетін, жетпіс жылдық тарихты таразылайтын мұражай ашуды қолға алды. Қазіргі күннің өзінде жеке мұрағатында сақтап жүрген тарихи бұйымдарды экспозициялық көрмелерге әзірлеу үстінде. Олардың арасында сонау кеңес дәуірінде, 1984 жылы күллі Одақ бойынша жеңіп алған ауыспалы Қызыл ту, көне фотосуреттерден тұратын ескілікті альбомдар, 1951 жылы жарық көрген «Құрмет кітабы», мекеме ашылған алғашқы жылдары тұтынылған шаруашылық бұйымдары, т.б. заттар бар. Бұдан өзге «Құрметті теміржолшы» және «Үздік күзетші» атағын иеленген сала қызметкерлерінің еңбек және өмір жолдары туралы деректер мол.
Қазіргі күні мекеме директорының орынбасары Арай Шаменовпен бірлесіп, мұражай композициясының жалпы мазмұнын пысықтау үстінде.
– «ӘТЖК» АҚ Семей филиалының өткен тарихы да, бүгінгі күні де аса мазмұнды. Айта кетсек, біздің мекемеміз тек соңғы жылдары ғана бес бірдей «Құрметті теміржолшы шыққан кәсіби мамандар ұстаханасы саналады екен. Мұндай озық көрсеткіш республикамыздағы өзге 11 филиалдың бірде-бірінде жоқ. Ал, осынау абыройлы еңбек жолын жаңа толқын мен келергі буынға үлгі ету парызымыз деп білемін. Мақсат – мұражай ашып атақ шығару емес, кейінгі буын тәлім-тәрбие алатын дүние жасау, – дейді тың идеяның бастамашысы Амантай Қатпенов.
Аталмыш мекемеде ұзақ жылдар бойғы еңбек өтілі бар ел ағасы кешегі күні алғашқы еңбек жолын қатардағы атқыш қызметінен бастап, қарауыл бастығы, команда бастығы сынды сатылы еңбек жолдарынан өтіпті. Мекеме тарихын, онда қызмет атқарған абырой иелерін де жақсы біледі. Бір бұл емес, жергілікті басылымдарға қалам тербеп, әріптестері мен филиал жұмысы жайлы очерк, танымдық материалдар да беріп тұрады.
Қазіргі күні жеті жүздің үстінде штаттық бірлігі бар, «Құрметті теміржолшы» Асхат Искаков жетекшілік ететін мекеменің рухани өміріндегі елеулі жаңалықтың бірі осы.
Қуаныш Қожаев, Семей
Жаңалықтар
17.09.2026
ЕО Орталық Азия арқылы өтетін көлік дәлізіне €12 млрд-қа дейін инвестиция тартпақ
Станция тынысы
17.09.2026
Талас станциясының бүгінгі тынысы
Аймақтар
17.09.2026
Семей станциясында қауіпті өткелдер бақылауға алынды
Әлемде
17.09.2026
Өзбекстанда Қытайдың екінші CRRC пойызы қатынай бастады
Жаңалықтар
17.09.2026
Отар – Шу учаскесіндегі оқу-жаттығуға өрт сөндіру пойызы қатысты
Аймақтар
16.09.2026
Семей қаласында теміржол вокзалын қайта жаңғырту жұмыстары жалғасуда
Әлемде
16.09.2026
Әзербайжан Армения шекарасына дейінгі теміржол құрылысының 75%-ын аяқтады
Жаңалықтар
16.09.2026
Қазақстан мен Корея көлік-логистика саласындағы ынтымақтастықты кеңейтеді
Жаңалықтар
16.09.2026
Астанада VIII «NEW SILK WAY» атты көлік-логистика саласындағы бизнес-форумы өтеді
Апта саны / Жүк тасымалы
16.09.2026
Сегіз айда ҚТЖ желісі арқылы 212,7 млн тоннадан астам жүк тасымалданды
Жаңалықтар
15.09.2026
Теміржолшылар мен ТЖД Қарағанды – Ақадыр учаскесіндегі өртті сөндірді
Жаңалықтар
15.09.2026
«ҚТЖ» ҰК» АҚ-да үздік эколог-сарапшылар анықталды
Жолаушылар тасымалы
15.09.2026
ҚТЖ ата аналар мен жасөспірімдерге пойыздағы қауіпсіз жүру ережесін еске салды
Жаңалықтар
15.09.2026
Болгариядағы TХКБ отырысының негізгі нәтижелері
Жаңалықтар
15.09.2026
Нұрлыбек Нәлібаев Маңғыстаудың жөндеуден өткен вокзалын тексерді
Инфрақұрылым
15.09.2026
Вокзалдарды жаңғырту жұмыстары жалғасуда
Жаңалықтар
15.09.2026
Нұрлыбек Нәлібаев Маңғыстаудағы стратегиялық нысандардың жұмысымен танысты
Жүк тасымалы
15.09.2026
«Бір белдеу, бір жол»: Жаңа сауда дәліздері қалай дамиды?
Қауіпсіздік
15.09.2026
Қауіпсіздік пен біліктілік бәсекесі
ҚТЖ келбеті
15.09.2026
Қырағы өткел кезекшісі