«KTZ Express» АҚ «РЖД Логистика» АҚ-мен бірлесіп Мәскеу – Сиань (ҚХР) бағытында тікелей теміржол қатынасында алғашқы рефрижераторлық контейнерлік пойызды жөнелту ұйымдастырды, деп хабарлайды Rail-news.kz.

Ет және тауық өнімдері бар контейнерлер Қазақстан-Қытай шекарасы арқылы межелі жерге дейін жеткізіледі.

Бұрын жеткізу теміржол және теңіз көлігі қолданыла отырып мультимодальды болды. Алдағы жоспар – жаңа қызметті апта сайын етіп жасау.