«Талды»  су құрсауында қалды

Жаңалықтар
14.04.2017, 11:25
Жылдағыдан ерекше мол түскен қардың еруінен Семей жүк тасымалы бөлімшесіне қарасты бірқатар станцияларға қауіп төніп тұр.  Бүгінде су қоршауында қалған Талды ауылының жағдайы теміржолшыларды тік тұрғызды.  Семей бөлімшесі шұғыл штаб құрып, теміржолшылар  дереу көмекке аттанды. Су құрсауында  қалған үйлерден бала-шаға мен қарттар қауіпсіз жерге көшіріліп,  100-ден аса ұсақ мал, 15-16 ірі қара іргелес шаруашылыққа шығарылды. Құтқарушылар мен жергілікті теміржолшылар үйге кірген суды техника күшімен сорып, тазартуда.  – Бүгінде жиналған қар суын арық жыртып «Маралды» өзеніне қарай ағызып жатырмыз. Қазір жағдай қалпына кел­тіріліп, қауіп сейілді, – дейді оқиға орнында  жүрген Семей – Жүк тасымалы бөлімшесінің директоры Марлен Көкірекбаев. Жағдайды қал­пына келтіру жұмыстарына 30-дан аса адам күші мен 5 техника жұмылдырылды.  –Халыққа ауыз су жеткізілді. Кәсіподақ ұйымы тарапынан, қолдан келгенше азық-түлікпен де көмектесудеміз. Мұндай көмектер, апаттың беті қайтқанша жалғасын таба береді, – дейді салалық кәсіподақ ұйымы орталық кеңесінің Семей аймағы бойынша өкілі Алик Досанов. Ширақ қимылдап, су жолына 2500 құм салған қап төсеп үлгерген теміржолшылардың шұғыл әрекетінің арқасында табиғи апаттың беті қай­тарылып, артық шығынға жол берілмеді. Бүгінде екі мотопомпа үздіксіз жұмыс істеп тұр. Өрт сөндіру пойызы да бүкіл құрамымен осындағы жұмысқа бел шеше араласуда. Электрмен жабдықтау дистанциясының жұмысшылары тұрақты кезекшілік етуде. Қауіпсіздік шаралары әлі де жалғасуда.

Ерлан Ғазез, Талды-Семей

Әлемде
22.07.2026
Ауғанстанның Пәкістан арқылы өтетін транзиттік саудасы күрт қысқарды
Әлемде
22.07.2026
Өзбекстанда «Ташкент – Хиуа» бағыты бойынша қосымша жүйрдек пойыз іске қосылады
Жолаушылар тасымалы
22.07.2026
Елімізде жолаушылар пойыздарын спутниктік интернетпен қамтамасыз ету жалғасуда
Жаңалықтар
21.07.2026
ҚТЖ қызметкерлеріне арналған барлық сервис енді бір платформада
Инфрақұрылым
21.07.2026
Ақтөбе облысында вокзалдарды жаңғырту барысы тексерілді
Спорт
21.07.2026
Теміржолшы Эльбрус шыңында ҚТЖ туын көтерді
Жаңалықтар
21.07.2026
ҚТЖ-ның өрт сөндіру пойызы Алматыда өрт сөндіруге қатысты
Қауіпсіздік
21.07.2026
Теміржол өткелдерінде профилактикалық рейдтер жалғасуда
Сұхбат
21.07.2026
Теміржол тарихындағы ең ірі жаңғырту жобасы жүзеге асырылуда
Әлеумет
21.07.2026
ҚТЖ атынан хабарласатын телефон алаяқтары көбейді
Жаңалықтар
21.07.2026
Еліміздің вокзалдарында кедергісіз орта қалыптасуда
Цифрландыру
21.07.2026
Ақтөбе теміржолы цифрландырудың жаңа деңгейіне өтуде
Инфрақұрылым
21.07.2026
ҚТЖ жыл басынан бері темір жолдың 686 шақырымын жаңартты
Жаңалықтар / Мұрағат
21.07.2026
Қазақстан теміржолшысы газеті, №55 21 шілде 2026 жыл
Аймақтар
20.07.2026
ҚТЖ компаниядағы мемлекеттік тілдің үлесін 92 пайызға жеткізуді көздеп отыр
Жолаушылар тасымалы
20.07.2026
№81/82 «Нұрлы жол – Орал» Тальго пойызында әйелдер вагоны іске қосылады
Инфрақұрылым
20.07.2026
ҚТЖ Дарбаза – Мақтаарал теміржол желісінің құрылысын жеделдетеді
Жолаушылар тасымалы
20.07.2026
«Жолаушылар тасымалы» АҚ ISO халықаралық төрт стандарты бойынша сертификаттарға ие болды
Жаңалықтар
20.07.2026
Өзбекстан мен Қытай Қырғызстан арқылы өтетін теміржол құрылысын бірлесіп бақылайтын болды
Әлемде
20.07.2026
Швейцария рельс арасына орнатылатын күн панельдерін сынақтан өткізді