Соғыста теміржолшылардың ерлігі ерен болды

Жаңалықтар
04.05.2023, 15:01
Суреттерді түсірген автор
Әділет Мұсахаев

"Қазақстан теміржолшысы" газетінің тілшісі

7 мамыр – Отан қорғаушылар күні мен 9  мамыр – Жеңіс күніне орай М.Тынышбаев атындағы Ақмола темір жол колледжінің студенттері теміржолшы ардагерлерді шақырып мерекелік шара өткізді. Жиынға Ауған соғысы мен Чернобыль апатын залалсыздандыруға қатысқан теміржолшылар келді.

Аталған жиын соғыста құрбан болған жауынгерлерді еске алу үшін бір минуттық үнсіздікпен басталды. Осыдан кейін жиналғандарға Екінші дүниежүзілік соғыс жайлы түсірілген деректі фильмнен үзінділер көрсетіліп,   студенттер соғыс кезінде шыққан әндерді шырқап, монологтар оқыды.  Ардагерлер сөз алып теміржолшылардың алапат соғыста атқарған ерен еңбектеріне тоқталып, қазіргі бейбіт заманды бағалай білуге үндеді. Теміржол қызметінің қыр-сырын жайлы айтып, өздерінің өмірлік тәжірибелерімен де бөлісті. Темір жолда 40 жылдан астам уақыт жұмыс істеген Рашид Мұқатовтың әкесі соғыс кезінде пойыз тізгіндеген екен. Теміржолшы әкесінің соғыс жайлы айтқан естеліктерімен бөлісті.

Ұлы Отан соғысы кезіндегі теміржолшылардың еңбегін ештеңемен салыстыруға болмайды. Олар соғыс жүріп жатқан ұрыс даласына қираған теміржолдар мен көпірлерді қалпына келтіріп, майдан даласына әскери техника, оқ-дәрі, азық-түлік, киім-кешек жеткізіп, кері қайтқанда жаралыларды әкетіп отырды.  

«Мен 2000 жылдары ҚТЖ-ның Әлеуметтік саясат басқармасында бас маман болып жұмыс істеген кезімде  темір жолда 486 адам Жол қатынастары халық комиссариаты бойынша соғыста болғанын анықтадым. Олар негізінен локомотив машинистері мен көмекшілері еді.  Бұлар теміржолдың элитасы саналған, өйткені соғыс уақытында қабылданған шешім бойынша ұрыс даласы мен тылды жалғаған солар болды», – деді «ҚАЗКӨЛІККӘСІП» ҚБ-нің «Астана» филиалының төрағасы Серік Сәрсекеев студенттермен кездесу барысын.

Сондай-ақ Ауған соғысы мен Чернобыль апатын залалсыздандыруға қатысқан ардагерлер ол жаққа қалай тап болғандарын баяндап берді. Ауған соғысына қатысқан Ідіріс Алдаңғаров Қызылорда депосында жұмыс істеп жүрген жерінен соғысқа аттаныпты. Мектепті бітірген соң МПТУ-де білім алып, машинист көмекшісі болып жүрген. Алайда, 1981 жылы шұғыл әскер қатарына алынып, таулы ауған жеріне кете барыпты.  

«Соғыстан дін аман келдім және бұрынғы депомда жұмысымды жалғастырдым. Слесарь болып тәжірибе жинадым,  2006 жылдан бастап машинистің көмекшісі, кейін машинист болдым. 2019 жылы зейнетке шықтым», – деп еңбек жолын еске алды теміржолшы.  

Сөз арасында Ідіріс Алдаңғаров қазір теміржолшылардың жалақысы өскенін және техникалар да уақыт өткен сайын жаңартылып  жатқанын айтып, студенттерді таңдаған мамандықтары бойынша жұмыс істеуге шақырды.

«Қазір машинистердің екбекақысы өте жақсы. Орташа жалақы 300-400 мың теңге, тіптен одан көп алатындар бар. Сондықтан бұл мамандықтан қашпай, сапалы білім алып, теміржолшы болуға тырысыңдар. Қазіргі локомотивтер де керемет. 1980 жылдары мен көмекші болып жүргенде тепловоздарға су, майды қолмен тасып құятын едік. Оның бәрі артта қалды. Бүгінде технология дамыған, тетікті басып қойып отыра бересің, тек жолға мұқият қарап отырсаң болғаны», – дейді ардагер.  

Жылы жүздесуде ғибратты әңгіме тыңдаған студент жастар атынан ұстаздары алғыс айтып, ардагерлерге мықты денсаулық, бақуатты да ұзақ өмір тіледі. Кездесуге ұйымдастыруға ұйытқы болған Астана ардагерлер кеңесі өкілдері де қонақтарға алғыстарын жеткізіп, сый сыяпат жасады.    

Жаңалықтар
11.09.2026
ҚТЖ-да Ардагерлер кеңесінің отырысы өтті
Жаңалықтар
11.09.2026
Теміржолшылар «Қауіпсіз өткел» акциясымен 127 өткелді қамтыды
Аймақтар
11.09.2026
Семейде күзгі тасымал күрт өсті
ҚТЖ келбеті
11.09.2026
Таспа талдау – қауіпсіздік кепілі
Қауіпсіздік
11.09.2026
Оқушыларға теміржолдағы қауіпсіздік ережелері ескертілді
Аймақтар
11.09.2026
Жаңаөзен вокзалында ардагерлер бұрышы ашылды
Аймақтар
11.09.2026
Арыс станциясында Алаш көсемінің мұрасы дәріптелді
Жаңалықтар
11.09.2026
Үздік вагон депосы
Жаңалықтар
11.09.2026
Қозғалыстағы пойызға жармасқан азаматтар машинисті шұғыл тежеуге мәжбүр етті
Жаңалықтар / Мұрағат
11.09.2026
Қазақстан теміржолшысы газеті, №72 11 қыркүйек 2026 жыл
Жаңалықтар
10.09.2026
ҚТЖ темір жол инфрақұрылымын қысқы жағдайдағы жұмысқа дайындауда
Қауіпсіздік
10.09.2026
Мұнай қоймасынан өрт шықты
10.09.2026
ҚТЖ электр энергиясын беру тарифін өзгертеді
Әлемде
10.09.2026
Еуропадағы ең үздік 10 теміржол вокзалы
Әлемде
10.09.2026
InnoTrans 2026 көрмесінде 120-дан астам теміржол көлігі таныстырылады
Жаңалықтар
10.09.2026
ҚТЖ локомотив паркі 159 жаңа локомотивпен толықты
Жаңалықтар
09.09.2026
Тоқаев Қазақстанды Еуразияның көлік-логистикалық хабына айналдыру міндетін атады
Жаңалықтар
09.09.2026
ҚТЖ өрт сөндіру пойыздары екі өңірде табиғи өрттерді сөндіруге көмек көрсетті
Жаңалықтар
09.09.2026
Көлік нысандарында есірткі қылмысына қатысы бар 7 шетелдік анықталды
Жаңалықтар
09.09.2026
Транскаспий халықаралық көлік бағыты бойынша тасымалдау көлемі 8 айда 22%-ға өсті