«ҚТЖ» ҰК» АҚ және PSA International бірлескен кәсіпорын құрды

Жаңалықтар
22.05.2023, 22:53

«ҚТЖ» ҰК» АҚ (ҚТЖ) және контейнерлік порттар  терминалдарының ірі әлемдік операторы PSA International (PSA)  бірлескен кәсіпорын құру туралы келісімге қол қойды, деп хабарлайды Rail-news.kz.  

Құжатқа Астана қаласында Сингапур Республикасы Президентінің қатысуымен Қазақстан-Сингапур Бизнес-форумы алаңында қол қойылды.

Трансұлттық холдингпен әріптестікте жұмыс істеу Мемлекет басшысы алға қойған маңызды міндеттердің бірі елдің көлік-транзиттік әлеуетін дамытуға бағытталған.

PSA тәжірибесі мен технологиялары тасымалдау географиясын кеңейту және қазақстандық көлік дәліздерін ірі әлемдік хабтармен интеграциялау үшін қосымша мүмкіндіктер ашады.

 Бірлескен кәсіпорын қызметінің негізгі векторы Транскаспий халықаралық көлік бағытын дамытуға жәрдемдесу болады.

PSA тиісті тәжірибе мен ресурстарды біріктіру елдер мен континенттерді байланыстыратын жіксіз және тиімді логистикалық желіні құруға көмектеседі, сондай-ақ ҚТЖ-ға жаңа нарықтарға шығуға және өзін жаһандық логистикалық аренада негізгі ойыншы ретінде көрсетуге мүмкіндік береді деп санайды.  

Анықтама:

PSA International (PSA) әлемдегі жетекші порт операторы және мүдделі тараптар үшін сенімді жеткізу тізбегінде серіктесі болып табылады. PSA порттық және жүк шешімдерінің портфелі 42 елдегі 160 нүктеде 60 астам терең теңіз, теміржол және ішкі терминалдарды, соның ішінде Сингапур мен Бельгиядағы екі жетекші порт кәсіпорнын, сондай-ақ жеткізу тізбегін басқару, логистика, теңіз және цифрлық қызметтердің еншілес компанияларын қамтиды. Әр түрлі жаһандық команданың терең білімі мен тәжірибесіне сүйене отырып, PSA өз клиенттерімен және серіктестерімен әлемдік деңгейдегі порт экожүйелерін дамытуда, жүктерге арналған инновациялық шешімдерді ұсынуда және тұрақты саудаға көшуді жеделдету үшін логистикалық Интернетті бірлесіп құруда ынтымақтасады.

 

Жаңалықтар
11.09.2026
ҚТЖ-да Ардагерлер кеңесінің отырысы өтті
Жаңалықтар
11.09.2026
Теміржолшылар «Қауіпсіз өткел» акциясымен 127 өткелді қамтыды
Аймақтар
11.09.2026
Семейде күзгі тасымал күрт өсті
ҚТЖ келбеті
11.09.2026
Таспа талдау – қауіпсіздік кепілі
Қауіпсіздік
11.09.2026
Оқушыларға теміржолдағы қауіпсіздік ережелері ескертілді
Аймақтар
11.09.2026
Жаңаөзен вокзалында ардагерлер бұрышы ашылды
Аймақтар
11.09.2026
Арыс станциясында Алаш көсемінің мұрасы дәріптелді
Жаңалықтар
11.09.2026
Үздік вагон депосы
Жаңалықтар
11.09.2026
Қозғалыстағы пойызға жармасқан азаматтар машинисті шұғыл тежеуге мәжбүр етті
Жаңалықтар / Мұрағат
11.09.2026
Қазақстан теміржолшысы газеті, №72 11 қыркүйек 2026 жыл
Жаңалықтар
10.09.2026
ҚТЖ темір жол инфрақұрылымын қысқы жағдайдағы жұмысқа дайындауда
Қауіпсіздік
10.09.2026
Мұнай қоймасынан өрт шықты
10.09.2026
ҚТЖ электр энергиясын беру тарифін өзгертеді
Әлемде
10.09.2026
Еуропадағы ең үздік 10 теміржол вокзалы
Әлемде
10.09.2026
InnoTrans 2026 көрмесінде 120-дан астам теміржол көлігі таныстырылады
Жаңалықтар
10.09.2026
ҚТЖ локомотив паркі 159 жаңа локомотивпен толықты
Жаңалықтар
09.09.2026
Тоқаев Қазақстанды Еуразияның көлік-логистикалық хабына айналдыру міндетін атады
Жаңалықтар
09.09.2026
ҚТЖ өрт сөндіру пойыздары екі өңірде табиғи өрттерді сөндіруге көмек көрсетті
Жаңалықтар
09.09.2026
Көлік нысандарында есірткі қылмысына қатысы бар 7 шетелдік анықталды
Жаңалықтар
09.09.2026
Транскаспий халықаралық көлік бағыты бойынша тасымалдау көлемі 8 айда 22%-ға өсті