КӘСІБІ БОЙЫНША ҮЗДІК АТАНДЫ
Жаңалықтар
18.04.2017, 12:03
Түркіменстан мен Қазақстан шекарасындағы «Болашақ» станциясы Елбасымыздың экономикамызды дамытуға арналған үлкен жобаларының арқасында бой көтерді.
Бүгінде заманға сай қалашыққа айналған шекара маңындағы мекен тұрғындарының көпшілігі басым бөлігін теміржолшылар құрайды. Солардың бірі, станциядағы өрт сөндіру пойызының жөндеу шебері Ербол Бытық еліміз тәуелсіздік алған жылдан бері теміржол саласында жемісті еңбек етіп келеді. Ол ұзақ жылдар бойы түрлі деңгейдегі қарапайым жұмысшы болды. 2005 жылдан 2012 жылға дейін Ақтөбе өртке қарсы қызмет жасағына қарасты Әйтеке би өрт сөндіру пойызында абыройлы жұмыс істеді. 2012 жылы жұмыс бабымен Болашақ өрт сөндіру пойызына ауысып, бүгінге дейін өз міндетін жауапты да, адал атқарып келеді.
«Еңбек етсең емерсің» дегендей, таяуда Ербол Амангелдіұлына «Кәсібі бойынша үздік» атағы берілді. «Болашақ» станциясы бастығының міндетін атқарушы Нұркен Қосымов төсбелгіні салтанатты түрде табыс етіп, әріптестері «Еңбегің жана берсін!» деп тілек білдірді.
Теміржолшылар әулетінен шыққан Ербол Бытық сегіз ағайынды. Оның аға-жеңгелері, апа-жезделері, іні-келіндері, қарындас-күйеулерінің бәрі де «бір терінің пұшпағын илеп», отандық теміржолдың дамуына қал-қадірінше еңбек етіп келеді.
Әкесі Амангелді 25 жыл бойы Сағыз станциясында әскерилендірілген теміржол күзеті бөлімінің басқарған. Бүгінде өмірден өткен ардагер 1980 жылы «Еңбек Қызыл Ту» орденімен және «Ерен еңбегі үшін» медалімен марапатталған. Анасы Ғалия Хисимова сегіз баланы дүниеге әкелген алтын құрсақты ана. Кезінде Сағыз станциясындағы №8 Азаматтық құрылыс дистанциясында еңбек еткен екен. Келіншегі Фарида шетелдік жүктерді қабылдап-тапсыру агент болып болып еңбек етеді. Ұлы Елубай Амангелдиев өзімен бірге өрт сөндіру пойызында өрт автокөлігінің жүргізушісі болса, қыздары Жұмагүл мен Жайнагүл бірі студент, бірі мектеп оқушысы.
Әсел ТАҢАТАРОВА, Маңғыстау
Жолаушылар тасымалы
22.07.2026
Елімізде жолаушылар пойыздарын спутниктік интернетпен қамтамасыз ету жалғасуда
Жаңалықтар
21.07.2026
ҚТЖ қызметкерлеріне арналған барлық сервис енді бір платформада
Инфрақұрылым
21.07.2026
Ақтөбе облысында вокзалдарды жаңғырту барысы тексерілді
Спорт
21.07.2026
Теміржолшы Эльбрус шыңында ҚТЖ туын көтерді
Жаңалықтар
21.07.2026
ҚТЖ-ның өрт сөндіру пойызы Алматыда өрт сөндіруге қатысты
Қауіпсіздік
21.07.2026
Теміржол өткелдерінде профилактикалық рейдтер жалғасуда
Сұхбат
21.07.2026
Теміржол тарихындағы ең ірі жаңғырту жобасы жүзеге асырылуда
Әлеумет
21.07.2026
ҚТЖ атынан хабарласатын телефон алаяқтары көбейді
Жаңалықтар
21.07.2026
Еліміздің вокзалдарында кедергісіз орта қалыптасуда
Цифрландыру
21.07.2026
Ақтөбе теміржолы цифрландырудың жаңа деңгейіне өтуде
Инфрақұрылым
21.07.2026
ҚТЖ жыл басынан бері темір жолдың 686 шақырымын жаңартты
Жаңалықтар / Мұрағат
21.07.2026
Қазақстан теміржолшысы газеті, №55 21 шілде 2026 жыл
Аймақтар
20.07.2026
ҚТЖ компаниядағы мемлекеттік тілдің үлесін 92 пайызға жеткізуді көздеп отыр
Жолаушылар тасымалы
20.07.2026
№81/82 «Нұрлы жол – Орал» Тальго пойызында әйелдер вагоны іске қосылады
Инфрақұрылым
20.07.2026
ҚТЖ Дарбаза – Мақтаарал теміржол желісінің құрылысын жеделдетеді
Жолаушылар тасымалы
20.07.2026
«Жолаушылар тасымалы» АҚ ISO халықаралық төрт стандарты бойынша сертификаттарға ие болды
Жаңалықтар
20.07.2026
Өзбекстан мен Қытай Қырғызстан арқылы өтетін теміржол құрылысын бірлесіп бақылайтын болды
Әлемде
20.07.2026
Швейцария рельс арасына орнатылатын күн панельдерін сынақтан өткізді
Аймақтар
17.07.2026
Жақсы теміржол вокзалын жаңарту жұмыстары аяқталды
Жаңалықтар
17.07.2026
Жаздың басынан бастап ҚТЖ теміржолдағы қауіпсіздік бойынша республикалық акциялар өткізуде