Қазақстан-Франция арасындағы экспорт-импорт көлемі былтыр 1,5 мың тоннаға жетті

Жаңалықтар
12.06.2023, 10:59

Биыл Қазақстан мен Францияның арасындағы стратегиялық әріптестіктің құрылғанына 15 жыл толды. Екі мемлекеттің өзара ынтымақтастығының қарқыны тараптардың жемісті қарым-қатынасты одан ары дамытуға мүдделі екенін байқатып отыр.

Қазақстан Францияның Орталық Азиядағы басты экономикалық серіктесі саналады, деп хабарлайды өнеркәсіп және құрылыс министрлігі. Өз кезегінде аталған еуропалық мемлекет еліміздің ұлттық экономикасына инвестиция салып келе жатқан жетекші инвесторлардың қатарында. Қазір көлік секторында, оның ішінде теміржол көлігі және автотасымал саласында, сондай-ақ азаматтық авиация және өнеркәсіп бағытында екіжақты тиімді байланыс жолға қойылған.

Мәселен, теміржол көлігі саласындағы әріптестікке келсек, былтыр екіжақты экспорт-импорттың көлемі 1,5 мың тоннаға жетті. 2022 жылдың қорытындысы бойынша Франциядан ҚР аумағы арқылы жүктердің транзитті тасымалы 4028,7 тонна көлемінде байқалды. Бұл 2021 жылмен салыстырғанда 3 есегекөп. Тасымалданатын негізгі жүктердің арасында машиналар, құрал-жабдықтар, қара және түсті металдар, дайын тамақ өнімдері және т.б. бар.

Қазір Қазақстанда франциялық капиталдың қатысуымен 170-тен астам компания жұмыс істеп келеді. Олар ураннан бастап ғарыш өнеркәсібіне дейін түрлі салаларда қызмет көрсетіп жатыр. Бұл өз кезегінде отандық экономиканы әртараптандыруға оң ықпал етіп келеді.

Тұтастай алғанда, тараптардың интеграциялық процестерді күшейтуге байланысты жоспары 2030 жылға дейінгі Қазақстан – Франция сауда-экономикалық ынтымақтастығының Жол картасында қарастырылған. Бұл орайда былтыр қаңтарда өзара сенімді дипломатиялық қатынастың 30 жылдығы атап өтілгенін айта кеткен орынды. Ал биыл мамырда өткізілген экономикалық мәселелер жөніндегі Қазақстан – Франция үкіметаралық комиссиясының XV отырысы сауда-экономикалық қатынастарға тың серпін берді.

Ұзақ жылдан бері нәтижелі әрі өнімді байланысты жолға қойған стратегиялық серіктестер бұл бағыттағы жұмысты одан ары нығайтуға мүдделі.

 

Әлемде
26.08.2026
Иран мен Ауғанстан арасында жүк тасымалы 8 есе өскен
Жүк тасымалы
26.08.2026
ҚТЖ желісімен 8 млн тоннадан астам астық тасымалданды
Әлемде
26.08.2026
Болгарияда Skoda Group электропойыздары жолаушы тасымалдай бастады
Әлемде
26.08.2026
Жапонияда Токио – Нагоя маглев желісінің құрылысы қайта жандануы мүмкін
Жаңалықтар
26.08.2026
Қазақстанда қала маңы электр пойыздары жаңартылады
Жаңалықтар
25.08.2026
Бурабай курортының теміржолшысы 100 жылдық мерейтойын атап өтті
Жүк тасымалы
25.08.2026
ҚТЖ жаңа жылыту маусымына 19,5 млн тоннадан астам көмір жеткізді
Инфрақұрылым
25.08.2026
Алпыс сағаттық ауқымды жұмыс
Аймақтар
25.08.2026
Үздік жолшылар ұжымы – Құлсарыда
Аймақтар
25.08.2026
Қызылордалық теміржолшылар жүк тасымалын табысты үйлестіріп отыр
ҚТЖ келбеті
25.08.2026
Қауіпті ақауды дер кезінде таныған маман
Әлеумет
25.08.2026
Ізгі дәстүр: Теміржолшылар бірінші сыныпқа баратын балаларға қолдау көрсетті
Аймақтар
25.08.2026
Ұрлық түбі – қорлық
Жаңалықтар / Мұрағат
25.08.2026
Қазақстан теміржолшысы газеті, №67 25 тамыз 2026 жыл
Қауіпсіздік
24.08.2026
Қауіпсіздікке талап қашан да жоғары
Әлеумет
24.08.2026
Жамбылда 235 бүлдіршінге мектеп құралдары берілді
Жаңалықтар
24.08.2026
ҚТЖ Trip Optimizer және Kinetix-ті қолдануды кеңейтеді
Трансформация
24.08.2026
Олжас Бектенов көлік саласының трансформациясын тексерді
Жүк тасымалы
24.08.2026
Елімізде теміржол транзитін автоматтандыру аясы кеңейді
Жаңалықтар
24.08.2026
Қазақстан теміржол транзитін рәсімдеуді алты есе жылдамдатты