Жарайсыңдар, жолсеріктер!
Жаңалықтар
21.04.2017, 17:17
Пойыздар жалпыхалықтық көлік десек артық айтпаймыз. Жалпы халыққа бірдей қолжетімді темір жол көлігі арқылы күніне мыңдаған адам сапар шегеді. Сондықтан, пойызда дүниеге келіп, кіндігі кесіліп жататын сәбилер біздің елде аз емес. Жуырда сондай бір оқиға ғана «Арқалық-Астана» пойызында да орын алды.
«Арқалық-Астана» жолаушылар пойызының бастығы Үмітай Жакишева бастаған жолсеріктер әдеттегідей сәуірдің 12 күні Арқалықтан елордаға сапарға шыққанда ешқандай төтенше оқиғадан хабар да болмаған. Жолшыбай Атбасардан пойызға мінген жас келіншек те күдік туғыза қоймаған, себебі аяғы ауыр болғанмен, айы-күні жетіп отырмағаны белгілі еді. Бірақ, табиғаттың тосынсыйы таусылған ба...
Осымен екінші рет ана болғалы отырған атбасарлық Динара Сұлтанова Астана қаласындағы «Ана мен бала ұлттық ғылыми орталығына» медициналық тексеруден өтуге келе жатқан екен. Амал қанша, жеті айға енді толса да аяқ астынан толғақ нышаны байқалып, іші ауырып бастаған келіншек шарасыздықтан жылай бастайды. Сол 9-шы вагонның жолсерігі Асқар Шоманов жайсызданып жатқан келіншекті алдымен байқап, жанындағы жолсерігі Назгүл Махметоваға айтады. Өзінің 11 жылдық еңбек жолында мұндай оқиғаға алғаш рет тап келген ол бірден пойыз бастығына хабар береді. Ал тәжірибелі Үмітай Жакишева еш саспастан бірден іске кіріседі. Медицинадан хабары бар пойыз бастығы дереу келіп келіншектің жағдайын қарап көріп, жақын станциядағы жедел жәрдемді шақыртады. Әрі қарай пойызды тоқтатпай, жедел-жәрдемді де күтпестен кез келген жағдайға дайын болу үшін іске кіріседі.
– Бұрын медицина саласында қызмет еткенмін, тәжірибем бар. Былтыр да Сарыағаш пойызында бір әйелді босандырып алғам. Медициналық қобдишамда этиль спирті мен залаласыздандырылған дәке, тағы басқа керек-жарақ міндетті түрде болады. Бұл жолы да таза төсек-орын, жаялықтарды дайындап, қам жасап дайын тұрдық. Келіншекке қолдан келгенше жағдай жасап, бар ақыл-кеңесімізді айтып, жедел жәрдемге жетпей босанып қалуы мүмкін екенін сезген соң, амал қанша ана мен бала өмірін сақтау үшін жанымызды салдық. Пойыз Жайнақ станциясына жеткенде бірінен соң бірі егіз қыз дүниеге келді. Кіп-кішкентай, қызылшақа шараналар, көрер жарығы бар болса адам болып кетер деген үміттеміз, -дейді жол үстінде туылған бірнеше балаға кіндік шеше болып үлгерген Үмітай Жакишева.
Пойыз Астанаға келіп тоқтаған соң, жас босанған ана мен оның сәбилерін перронда күтіп тұрған «Жедел жәрдем» көлігіне отырғызған соң ғана жолсеріктер бригадасы еркін дем алыпты.
Міне, жолаушы қызметінде өз міндеттерін мінсіз атқарумен қатар адам өмірі шешілетін ситуациялық сәттерде тығырықтан жол тауып, дәрігердің де рөлін атқарып, талай балаға кіндік шеше болып жүрген осындай жолсеріктердің еңбегін «Жолаушылар тасымалы» АҚ ескерсе екен дейміз.
Жансая ШЫҢҒЫСХАНҚЫЗЫ
Суретті түсірген Александр ЖАБЧУК
Жаңалықтар
17.09.2026
ЕО Орталық Азия арқылы өтетін көлік дәлізіне €12 млрд-қа дейін инвестиция тартпақ
Станция тынысы
17.09.2026
Талас станциясының бүгінгі тынысы
Аймақтар
17.09.2026
Семей станциясында қауіпті өткелдер бақылауға алынды
Әлемде
17.09.2026
Өзбекстанда Қытайдың екінші CRRC пойызы қатынай бастады
Жаңалықтар
17.09.2026
Отар – Шу учаскесіндегі оқу-жаттығуға өрт сөндіру пойызы қатысты
Аймақтар
16.09.2026
Семей қаласында теміржол вокзалын қайта жаңғырту жұмыстары жалғасуда
Әлемде
16.09.2026
Әзербайжан Армения шекарасына дейінгі теміржол құрылысының 75%-ын аяқтады
Жаңалықтар
16.09.2026
Қазақстан мен Корея көлік-логистика саласындағы ынтымақтастықты кеңейтеді
Жаңалықтар
16.09.2026
Астанада VIII «NEW SILK WAY» атты көлік-логистика саласындағы бизнес-форумы өтеді
Апта саны / Жүк тасымалы
16.09.2026
Сегіз айда ҚТЖ желісі арқылы 212,7 млн тоннадан астам жүк тасымалданды
Жаңалықтар
15.09.2026
Теміржолшылар мен ТЖД Қарағанды – Ақадыр учаскесіндегі өртті сөндірді
Жаңалықтар
15.09.2026
«ҚТЖ» ҰК» АҚ-да үздік эколог-сарапшылар анықталды
Жолаушылар тасымалы
15.09.2026
ҚТЖ ата аналар мен жасөспірімдерге пойыздағы қауіпсіз жүру ережесін еске салды
Жаңалықтар
15.09.2026
Болгариядағы TХКБ отырысының негізгі нәтижелері
Жаңалықтар
15.09.2026
Нұрлыбек Нәлібаев Маңғыстаудың жөндеуден өткен вокзалын тексерді
Инфрақұрылым
15.09.2026
Вокзалдарды жаңғырту жұмыстары жалғасуда
Жаңалықтар
15.09.2026
Нұрлыбек Нәлібаев Маңғыстаудағы стратегиялық нысандардың жұмысымен танысты
Жүк тасымалы
15.09.2026
«Бір белдеу, бір жол»: Жаңа сауда дәліздері қалай дамиды?
Қауіпсіздік
15.09.2026
Қауіпсіздік пен біліктілік бәсекесі
ҚТЖ келбеті
15.09.2026
Қырағы өткел кезекшісі