Тежегішке назар аударды

Жаңалықтар
21.04.2017, 17:27
Наурыз бен сәуірдің 13 аралығында теміржолда  өткен "Тежегішке назар!" айлығы аясында Маңғыстау вагон депосының техникалық қызмет көрсету орталығында қандай жұмыстар атқарылды?  Бұл жөнінде орталықтың оқыту жөніндегі нұсқаушысы Азамат Елубаев айтып берді. –Биылғы бірінші тоқсанда біздің техникалық қызмет көрсету пунктте 2475 вагонның тежегіш жабдықтары сауықтырылса, өткен жылы осы кезеңде 1984 вагонның тежегіш жабдықтары жөнделген болатын. Сан да сапа да өсіп отыр. Жалпы, бір бізде ғана емес, кейінгі кездері теміржол желісінде пойыз вагондарының тежегішіндегі ақаулықтар жиілеп кеткені жасырын емес. Соның салдарынан туындайтын апаттың алдын алу мақсатында бүкіл Қазақстан темір жолында  айлық жарияланды. Өйткені тежегіш - пойыздың қауіпсіздігін қамтамасыз ететін бірден-бір құрылғы. Жүріс барысында ол істен шықса жағдай қиын болатыны белгілі.  Сондықтан аталған мерзім ішінде біраз жұмыстар қолға алынды. Вагон депосында арнайы бұйрық шығарылып, іс-шаралар жоспары жасақталды. Жұмыстар соған сәйкес ұйымдастырылды. Жоспарлы жиналыстар сайын вагон қараушылар мен ағымдағы ағытып жөндеу тұйығының жұмысшыларымен тежегіш жабдықтарына қызмет сапасын арттыру мақсатында түсінік жүргізілді,-дейді Азамат Елубаев.      Оның мәліметінше, айлық барысында Маңғыстау вагон пайдалану депосының №22 ағытып жөндеу тұйығында 1296 вагонның тежегіші қалпына келтірілген. Олар негізінен иінтірек берілістерін реттеу, тежегіш жеңдерін ауыстыру, басқа да жабдықтарын жаңалау бойынша болған. Аса маңызды, қауіпті ақаулықтар табылмаған. Сондай-ақ, вагон депосында вагон қараушылар мен машинистерге тежегіш тақырыбына байланысты 5 рет қосымша сабақ өткізілген.

Шахида Жұман, Маңғыстау

Жаңалықтар
17.09.2026
ЕО Орталық Азия арқылы өтетін көлік дәлізіне €12 млрд-қа дейін инвестиция тартпақ
Станция тынысы
17.09.2026
Талас станциясының бүгінгі тынысы
Аймақтар
17.09.2026
Семей станциясында қауіпті өткелдер бақылауға алынды
Әлемде
17.09.2026
Өзбекстанда Қытайдың екінші CRRC пойызы қатынай бастады
Жаңалықтар
17.09.2026
Отар – Шу учаскесіндегі оқу-жаттығуға өрт сөндіру пойызы қатысты
Аймақтар
16.09.2026
Семей қаласында теміржол вокзалын қайта жаңғырту жұмыстары жалғасуда
Әлемде
16.09.2026
Әзербайжан Армения шекарасына дейінгі теміржол құрылысының 75%-ын аяқтады
Жаңалықтар
16.09.2026
Қазақстан мен Корея көлік-логистика саласындағы ынтымақтастықты кеңейтеді
Жаңалықтар
16.09.2026
Астанада VIII «NEW SILK WAY» атты көлік-логистика саласындағы бизнес-форумы өтеді
Апта саны / Жүк тасымалы
16.09.2026
Сегіз айда ҚТЖ желісі арқылы 212,7 млн тоннадан астам жүк тасымалданды
Жаңалықтар
15.09.2026
Теміржолшылар мен ТЖД Қарағанды – Ақадыр учаскесіндегі өртті сөндірді
Жаңалықтар
15.09.2026
«ҚТЖ» ҰК» АҚ-да үздік эколог-сарапшылар анықталды
Жолаушылар тасымалы
15.09.2026
ҚТЖ ата аналар мен жасөспірімдерге пойыздағы қауіпсіз жүру ережесін еске салды
Жаңалықтар
15.09.2026
Болгариядағы TХКБ отырысының негізгі нәтижелері
Жаңалықтар
15.09.2026
Нұрлыбек Нәлібаев Маңғыстаудың жөндеуден өткен вокзалын тексерді
Инфрақұрылым
15.09.2026
Вокзалдарды жаңғырту жұмыстары жалғасуда
Жаңалықтар
15.09.2026
Нұрлыбек Нәлібаев Маңғыстаудағы стратегиялық нысандардың жұмысымен танысты
Жүк тасымалы
15.09.2026
«Бір белдеу, бір жол»: Жаңа сауда дәліздері қалай дамиды?
Қауіпсіздік
15.09.2026
Қауіпсіздік пен біліктілік бәсекесі
ҚТЖ келбеті
15.09.2026
Қырағы өткел кезекшісі