Алматыда Құрметті теміржолшы Құдайберген Көпжасаровты еске алуға арналған мемориалдық тақта қойылды

Жаңалықтар
25.07.2023, 10:31

Ескерткіш тақта Құрметті теміржолшы, КСРО-ның құрметті көлік құрылысшысы, КСРО Министрлер Кеңесі сыйлығының лауреаты, Қазақстанның еңбек сіңірген көлік қызметкері, Алматы темір жолының бұрынғы бастығы Құдайберген Көпжасаровтың 35 жыл бойы тұрған тұрғын үйінің қасбетінде пайда болды, деп хабарлайды Rail-news.kz.

Салтанатты ашылу рәсіміне теміржолшылар мен өңірлік ардагерлер кеңесінің активі қатысты.

- Құдайберген Көпжасаров теміржол саласының дамуына зор үлес қосты. Ол кең эрудициямен, керемет жұмысқа деген қабілеттілігімен, демократиямен үйлесімдігімен, сарқылмас энергиясымен және еңбекқорлығымен ерекшеленді, – деп атап өтті сала ардагері, Құрметті теміржолшы Қалтай Самбетов.

Әріптестері Көпжасаров туралы оның керемет кәсіпқой, талантты ұйымдастырушы, жақсы тәлімгер және басшы болғандығын айтып жүр.

Құдайберген Көпжасаров 1928 жылы Семей облысы Жарма ауданы ауылдарының бірінде Түрксіб құрылысына қатысқан жер қазушы отбасында дүниеге келген.

Темір жолдағы еңбек жолын Ақтоғай жол дистанциясында жұмысшы болып бастаған. Ал Ташкент теміржол көлігі инженерлері институтын бітіргеннен кейін станция бойынша кезекші, пойыз диспетчері, бөлімше бойынша кезекші, Алматы станциясының бастығы болып жұмыс істеді. 1954 жылы ол айтарлықтай жетістіктері үшін алғашқы марапатқа – «Үздік қозғалысшы» белгісіне ие болды.

Қазақ темір жолы құрылғаннан кейін Құдайберген Көпжасаров Аягөз, одан кейін Семей жол бөлімшелерінің бастығы болды. Жинақталған жұмыс тәжірибесінің, ұйымдастырушылық қабілетінің, іске сауатты және шығармашылық көзқарасының арқасында 1967 жылы ол Қазақ темір жолының бас инженері болып тағайындалып, бұл қызметте 10 жылға жуық еңбек етті.

Оның бастамасы бойынша Қазақстанда КСРО Көлік құрылысының «Кокчетавтрансстрой», «Павлодарстройпуть», «Актюбтрансстрой» құрылыс-монтаж трестері, теміржол әскери құрылысшылар бригадасы құрылды.

Көпжасаровтың белсенді қатысуымен 1976 жылы Алматы теміржол көлігі инженерлері институты өмірге келді.

1977 жылы Қазақстанда үш жолдың құрылуымен Құдайберген Көпжасаров Батыс Қазақстан темір жолының бастығы болып тағайындалды.

1980 жылдың басынан 1982 жылдың қыркүйегіне дейін Қазақ КСР Министрлер Кеңесі төрағасының орынбасары қызметін атқарды. Содан кейін Алматы темір жолының бастығы. 1989 жылы ол осы лауазымнан құрметті демалысқа кетті.

Құдайберген Қөпжасаров көптеген Үкіметтік наградалармен: Ленин және екі рет — Еңбек Қызыл Ту ордендерімен, «Құрмет белгісімен», медальдармен марапатталған.

Жиырма жыл ішінде (қатарынан төрт шақырылым) Құрметті теміржолшы Қазақстан Жоғарғы Кеңесінің депутаты, ал 10 жыл ішінде Қазақстан Компартиясы Орталық Комитетінің мүшесі болып сайланды.

 

Жаңалықтар
15.09.2026
Теміржолшылар мен ТЖД Қарағанды – Ақадыр учаскесіндегі өртті сөндірді
Жаңалықтар
15.09.2026
«ҚТЖ» ҰК» АҚ-да үздік эколог-сарапшылар анықталды
Жолаушылар тасымалы
15.09.2026
ҚТЖ ата аналар мен жасөспірімдерге пойыздағы қауіпсіз жүру ережесін еске салды
Жаңалықтар
15.09.2026
Болгариядағы TХКБ отырысының негізгі нәтижелері
Жаңалықтар
15.09.2026
Нұрлыбек Нәлібаев Маңғыстаудың жөндеуден өткен вокзалын тексерді
Инфрақұрылым
15.09.2026
Вокзалдарды жаңғырту жұмыстары жалғасуда
Жаңалықтар
15.09.2026
Нұрлыбек Нәлібаев Маңғыстаудағы стратегиялық нысандардың жұмысымен танысты
Жүк тасымалы
15.09.2026
«Бір белдеу, бір жол»: Жаңа сауда дәліздері қалай дамиды?
Қауіпсіздік
15.09.2026
Қауіпсіздік пен біліктілік бәсекесі
ҚТЖ келбеті
15.09.2026
Қырағы өткел кезекшісі
Аймақтар
15.09.2026
Ақтоғайдан Дегелеңге дейін...
Әлеумет
15.09.2026
Теміржолшыларға қолайлы жағдай жасалуда
Қауіпсіздік
15.09.2026
Балалар қауіпсіздігі – бәрінен қымбат
Жаңалықтар
15.09.2026
Теміржолшылар «Қазтест» сынағынан өтті
Жүк тасымалы
15.09.2026
Елімізде астықты теміржол көлігімен тасымалдау көлемі артты
ҚТЖ келбеті
15.09.2026
Инновациялық идеялар жаршысы
Жаңалықтар / Мұрағат
15.09.2026
Қазақстан теміржолшысы газеті, №73 15 қыркүйек 2026 жыл
Аймақтар
14.09.2026
Түрксібтің төл туындысына – 95 жыл
Жолаушылар тасымалы
14.09.2026
Пойызда үй жануарларын алып жүру кезінде жолаушы нені білуі керек?
Әлемде
14.09.2026
Ресей теміржолдарында пойыздардың рельстен шығуы мен соқтығысуы 13%-ға артты