Қауіпсіздік шаралары күшейтілуде
Жаңалықтар
28.04.2017, 15:06
Жылдың алғашқы тоқсанында «Қызылорда жүк тасымалы» бөлімшесіне қарасты болатжолшылар 16 көрсеткіштің тек біреуін ғана межесіне толық жеткізе алмаған. Ол 52,66 тонна болып межеленіп, 52,15 тоннамен жалпы есепте 99,0 пайызға орындалған жүк тиелген вагондардың динамикалық жүктемесі болатын. Үш айда «Қызылорда жүк тасымалы» бөлімшесі бойынша пойыздық және маневрлік жұмыс кезінде ақау орын алмаған. Және де осы аралықта бір мәрте жұмыстағы қиыншылықтар (үстіміздегі жылдың ақпан айының 20-сында Қоскөл – Жезқазған учаскесінің Қарсақпай станциясында тепловоз машинисі УКСПС құрылғысының іске қосылып «Дабыл-2» белгісі берілгенін аңғарып қызметтік тежегішті басуға мәжбүр болған екен. Нәтижесінде иесіз жылқы малы жылжымалы құрамға басылған) орын алған. Қараөзек – Қызылорда перегонында №618 жолаушылар пойызының астына адам басылып бір рет қауіпсіздікті бұзушылықтың өзге де жағдайы орын алған. Қозғалыс қауіпсіздігінің бұзылу жағдайлары өткен 2016 жылдың үш айында 4 мәрте орын алса, биыл 2 рет орын алып отыр.
Бөлімше бойынша өткен үш айда жылжымалы құрамдардың қозғалыс қауіпсіздігін сақтау мақсатында бірнеше арнайы шаралар ұйымдастырылып, оған теміржолшылар жұмылдырылыпты. Өткен айларда жіберілген олқылықтардың орны толтырылып, олардың қайталамаудың алдын алып пысықтау инструктаждары өткізіліпті. Қауіпсіздік бөлімі мамандары күнделікті бөлімше бойынша қозғалыс қауіпсіздігіне тікелей қатысты жайттарды сарапқа салып, тосын жағдайлардың екінші мәрте қайталанбауы үшін керекті шаралардың орындалуына жұмыс жасауда.
–Сала бойынша өткізіліп жатқан акциялар аясында бөлімшедегі диспетчерлік шеңберлерде және техкабинеттерде арнайы техникалық сабақтар өткізілуде. Сонымен қатар бөлімшеден тыс телімдер бойын аралап әрбір станциядағы теміржолшылармен пысықтау инструктаждарын өткізіп, олардың тәжірибесін арттыруға күш салудамыз. Мәселен, Жаңақорған станциясында «абайлаңыз тежегіш!» тақырыбында, Жезқазған станциясында «орын алған ақаулықты қайталамау» мақсатында Төретам, Тереңөзек және Жосалы станцияларында техникалық сабақтар өткізілді. Және де қазіргі таңда бөлімше телімдерінен өтіп жатқан жолаушылар пойыздарының техникалық жағдайын тексеріп, анықтау бойынша рейд ұйымдастырылуда, – дейді бөлім басшысы Бекжан Өтеулиев.
Сабырхан СЕЙІЛБЕКҰЛЫ, Қызылорда
Станция тынысы
17.09.2026
Талас станциясының бүгінгі тынысы
Аймақтар
17.09.2026
Семей станциясында қауіпті өткелдер бақылауға алынды
Әлемде
17.09.2026
Өзбекстанда Қытайдың екінші CRRC пойызы қатынай бастады
Жаңалықтар
17.09.2026
Отар – Шу учаскесіндегі оқу-жаттығуға өрт сөндіру пойызы қатысты
Аймақтар
16.09.2026
Семей қаласында теміржол вокзалын қайта жаңғырту жұмыстары жалғасуда
Әлемде
16.09.2026
Әзербайжан Армения шекарасына дейінгі теміржол құрылысының 75%-ын аяқтады
Жаңалықтар
16.09.2026
Қазақстан мен Корея көлік-логистика саласындағы ынтымақтастықты кеңейтеді
Жаңалықтар
16.09.2026
Астанада VIII «NEW SILK WAY» атты көлік-логистика саласындағы бизнес-форумы өтеді
Апта саны / Жүк тасымалы
16.09.2026
Сегіз айда ҚТЖ желісі арқылы 212,7 млн тоннадан астам жүк тасымалданды
Жаңалықтар
15.09.2026
Теміржолшылар мен ТЖД Қарағанды – Ақадыр учаскесіндегі өртті сөндірді
Жаңалықтар
15.09.2026
«ҚТЖ» ҰК» АҚ-да үздік эколог-сарапшылар анықталды
Жолаушылар тасымалы
15.09.2026
ҚТЖ ата аналар мен жасөспірімдерге пойыздағы қауіпсіз жүру ережесін еске салды
Жаңалықтар
15.09.2026
Болгариядағы TХКБ отырысының негізгі нәтижелері
Жаңалықтар
15.09.2026
Нұрлыбек Нәлібаев Маңғыстаудың жөндеуден өткен вокзалын тексерді
Инфрақұрылым
15.09.2026
Вокзалдарды жаңғырту жұмыстары жалғасуда
Жаңалықтар
15.09.2026
Нұрлыбек Нәлібаев Маңғыстаудағы стратегиялық нысандардың жұмысымен танысты
Жүк тасымалы
15.09.2026
«Бір белдеу, бір жол»: Жаңа сауда дәліздері қалай дамиды?
Қауіпсіздік
15.09.2026
Қауіпсіздік пен біліктілік бәсекесі
ҚТЖ келбеті
15.09.2026
Қырағы өткел кезекшісі
Аймақтар
15.09.2026
Ақтоғайдан Дегелеңге дейін...