Басты құндылық – қауіпсіздік

Жаңалықтар
03.05.2017, 13:06
28 сәуір – Дүниежізілік еңбекті қорғау күні. Осыған орай, Маңғыстау жүк тасымалы бөлімшесінде  өткен шара «Басты құндылық – қауіпсіздік» тақырыбына арналды.   Маңғыстау жүк тасымалы бөлімшесі директорының орынбасары Ерлан Бүркітов айтулы күнді кең көлемде атап өту, мерекенің маңызын слайд-шоу немесе бейнероликтер көрсету арқылы ашу қажеттігін айтып тапсырма берген болатын. «Өйткені, теміржолшылар үшін қауіпсіздікті арттыру, жазатайым жағдайлардың алдын алу, адам өмірінен асқан құндылық», – деді ол.      Маңғыстау магистральдық желі бөлімшесінің бас инженері Т.Разов пен еңбек қорғау инженері Ж.Шуиншалиева, Маңғыстау локомотив пайдалану депосының цехтық кәсіподақ ұйымының төрағасы, еңбек қорғау инженері Ә.Набиханов, Маңғыстау электрмен жабдықтау дистанциясының еңбек қорғау жөніндегі техникалық инспекторы Б.Жолмырзаевтар сөз алып, жұмыс барысында опат болған және ауыр жарақат алған әріптестерін еске алып, өндірісте  басты  ереже –  қауіпсіздік ережелерін қатаң сақтауға шақырды. Шара барысында еңбекті қорғау жөніндегі техникалық инспекторлар арнайы куәліктерге ие болып, Алғыс хаттар мен ақшалай-заттай сыйлықтармен марапатталды. Солардың бірі – Маңғыстау электрмен жабдықтау дистанциясының техникалық инспекторы Бекмырза Жолмырзаев: «Дистанция бойынша еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғау жөніндегі ішкі бақылау ұйымдастырылып, мекеме еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғау жөніндегі өндірістік кеңестің шешімімен бекітілді.  Үстіміздегі жылдың 9 қаңтарындағы №41 бұйрық негізінде 6 техникалық инспектор тағайындалды. Еңбекті қорғау жөніндегі техникалық инспекторлар жұмысшылардың еңбек жағдайларының жай-күйін, жұмыс барысындағы тәуекелдерді, жұмыс орындарында еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғау жөніндегі белгіленген талаптардың сақталуын бағалап, анықталған сәйкесіздіктерді жою мақсатындағы шаралардың орындалуын тексеруде. Мәселен, ағымдағы жылдың төрт айында дистанцияның техникалық инспекторлары 39 тексеру жүргізіп, нәтижесінде 36 кемшілік анықтады. Дистанция жұмысшылары арнайы киім, жеке қорғаныс құралдарымен, сүтпен және сабынмен толық қамтамасыз етілді», – деген ақпармен бөлісті.  

Әсел Таңатарова,

Маңғыстау.

Станция тынысы
17.09.2026
Талас станциясының бүгінгі тынысы
Аймақтар
17.09.2026
Семей станциясында қауіпті өткелдер бақылауға алынды
Әлемде
17.09.2026
Өзбекстанда Қытайдың екінші CRRC пойызы қатынай бастады
Жаңалықтар
17.09.2026
Отар – Шу учаскесіндегі оқу-жаттығуға өрт сөндіру пойызы қатысты
Аймақтар
16.09.2026
Семей қаласында теміржол вокзалын қайта жаңғырту жұмыстары жалғасуда
Әлемде
16.09.2026
Әзербайжан Армения шекарасына дейінгі теміржол құрылысының 75%-ын аяқтады
Жаңалықтар
16.09.2026
Қазақстан мен Корея көлік-логистика саласындағы ынтымақтастықты кеңейтеді
Жаңалықтар
16.09.2026
Астанада VIII «NEW SILK WAY» атты көлік-логистика саласындағы бизнес-форумы өтеді
Апта саны / Жүк тасымалы
16.09.2026
Сегіз айда ҚТЖ желісі арқылы 212,7 млн тоннадан астам жүк тасымалданды
Жаңалықтар
15.09.2026
Теміржолшылар мен ТЖД Қарағанды – Ақадыр учаскесіндегі өртті сөндірді
Жаңалықтар
15.09.2026
«ҚТЖ» ҰК» АҚ-да үздік эколог-сарапшылар анықталды
Жолаушылар тасымалы
15.09.2026
ҚТЖ ата аналар мен жасөспірімдерге пойыздағы қауіпсіз жүру ережесін еске салды
Жаңалықтар
15.09.2026
Болгариядағы TХКБ отырысының негізгі нәтижелері
Жаңалықтар
15.09.2026
Нұрлыбек Нәлібаев Маңғыстаудың жөндеуден өткен вокзалын тексерді
Инфрақұрылым
15.09.2026
Вокзалдарды жаңғырту жұмыстары жалғасуда
Жаңалықтар
15.09.2026
Нұрлыбек Нәлібаев Маңғыстаудағы стратегиялық нысандардың жұмысымен танысты
Жүк тасымалы
15.09.2026
«Бір белдеу, бір жол»: Жаңа сауда дәліздері қалай дамиды?
Қауіпсіздік
15.09.2026
Қауіпсіздік пен біліктілік бәсекесі
ҚТЖ келбеті
15.09.2026
Қырағы өткел кезекшісі
Аймақтар
15.09.2026
Ақтоғайдан Дегелеңге дейін...