Жауапкершілік – әркімге міндет

Жаңалықтар
03.05.2017, 13:14
Семей өңірінде Бүкіләлемдік еңбекті қорғау күні мереке емес, жұмыс орнында, қызмет бабында жүріп опат болғандарды еске алу күні екендігіне айрықша мән берілді. Салалық кәсіподақ ұйымының Семей өңірі бойынша өкілі Алик Досанов Семей вагон пайдалану депосында, Семей белгі беру және байланыс дистанциясында, Семей станциясында, Қалпына келтіру пойызының ұжымында болып, теміржолшылар  бір минут үнсіздікпен өндірісте қаза болғандарды еске алды. Бізде жұмыс барысында душар болып жататын келеңсіздіктерге кәсіпорын басшыларын кінәләу белең алған. Өміріне немесе денсаулығына қатерлі жерде жұмыс істейтін жандар (жолшылар, вагоншылар, электриктер, токарьлар, т.б.) еңбек қауіпсіздігі жөніндегі нұсқаулықта белгіленген ережелер мен шарттарды қатаң орындап, салдыр-салақтық, айтқанды тыңдамау, жұмыс орнында арақ-шарап ішу және өзге де өрескел қылықтарға жол бермесе қанша бақытсыздықтың алдын алуға болар еді. Басты жауапкершіліктің мекеме-кәсіпорын басшылары мен жұмыс орнындағы әр адамның өз мойнында екенін әрдайым көңілден шығармаған жөн, бастысы өндіріс құрбандарының санын азайту, мүмкін болса мүлдем жою екенін Семей вагон пайдалану депосы бастығының орынбасары Ерзат Хасенов жиналғандардың есіне салды. Бас қосу соңында жұмысшыларға «Теміржолшы сақ бол, сені үйде күтіп отыр», –  деген ескерту жазылған қойын кітапша  мен бір жұп қолқап естелікке таратылды.

Ерлан Ғазез, Семей

Станция тынысы
17.09.2026
Талас станциясының бүгінгі тынысы
Аймақтар
17.09.2026
Семей станциясында қауіпті өткелдер бақылауға алынды
Әлемде
17.09.2026
Өзбекстанда Қытайдың екінші CRRC пойызы қатынай бастады
Жаңалықтар
17.09.2026
Отар – Шу учаскесіндегі оқу-жаттығуға өрт сөндіру пойызы қатысты
Аймақтар
16.09.2026
Семей қаласында теміржол вокзалын қайта жаңғырту жұмыстары жалғасуда
Әлемде
16.09.2026
Әзербайжан Армения шекарасына дейінгі теміржол құрылысының 75%-ын аяқтады
Жаңалықтар
16.09.2026
Қазақстан мен Корея көлік-логистика саласындағы ынтымақтастықты кеңейтеді
Жаңалықтар
16.09.2026
Астанада VIII «NEW SILK WAY» атты көлік-логистика саласындағы бизнес-форумы өтеді
Апта саны / Жүк тасымалы
16.09.2026
Сегіз айда ҚТЖ желісі арқылы 212,7 млн тоннадан астам жүк тасымалданды
Жаңалықтар
15.09.2026
Теміржолшылар мен ТЖД Қарағанды – Ақадыр учаскесіндегі өртті сөндірді
Жаңалықтар
15.09.2026
«ҚТЖ» ҰК» АҚ-да үздік эколог-сарапшылар анықталды
Жолаушылар тасымалы
15.09.2026
ҚТЖ ата аналар мен жасөспірімдерге пойыздағы қауіпсіз жүру ережесін еске салды
Жаңалықтар
15.09.2026
Болгариядағы TХКБ отырысының негізгі нәтижелері
Жаңалықтар
15.09.2026
Нұрлыбек Нәлібаев Маңғыстаудың жөндеуден өткен вокзалын тексерді
Инфрақұрылым
15.09.2026
Вокзалдарды жаңғырту жұмыстары жалғасуда
Жаңалықтар
15.09.2026
Нұрлыбек Нәлібаев Маңғыстаудағы стратегиялық нысандардың жұмысымен танысты
Жүк тасымалы
15.09.2026
«Бір белдеу, бір жол»: Жаңа сауда дәліздері қалай дамиды?
Қауіпсіздік
15.09.2026
Қауіпсіздік пен біліктілік бәсекесі
ҚТЖ келбеті
15.09.2026
Қырағы өткел кезекшісі
Аймақтар
15.09.2026
Ақтоғайдан Дегелеңге дейін...