«ЭКСПО-2017» көрмесіне билет сатылуда

Жаңалықтар
12.05.2017, 17:21
Ақтөбе жүк тасымалы бөлімшесі мен көрші бөлімшелер аумағына қарасты теміржол вокзалдарында «ЭКСПО-2017» көрмесіне билеттер сатылып жатыр. Бүгінде қандай бағытта болмасын жол жүру құжаттарын рәсімдеуге келген жолаушыға көрмеге қатысты мәліметтер ұсынылуда.  Мысалы, Ақтөбе вокзалында ха-лықаралық көрме билеттерін сатып алған жағдайда жол жүру билеттеріне қандай жеңілдіктер берілетіні егжей-тегжей түсіндіріледі. – Орал, Атырау, Қызылорда, жалпы «Жолаушылар тасымалы» АҚ Батыс филиалына қарасты вокзалдардың көбісінде көрмеге билеттер ашық сатылып жатыр. Сонымен бірге, дисконтты карталар ұсынылуда. Олардың бағасы 9999 теңге, – дейді филиалдың жолаушылар тасымалы жөніндегі орынбасары Василий Подлисовский. Оның айтуынша, билеттерде «ЭКСПО-2017» көрмесіне билеттер бағасы 4 мың теңгеден басталады. «Бүгінде қала мекемелерін де аралап шықтық. Барлығына ұсыныс хаттар жолдадық. Мекеме басшыларына кіріп, билеттерді қалай алуға болатынын, дисконтты карталардың не үшін айналымға шығарылғанын түсіндірудеміз. Дисконтты карта иелері «Тұлпар-Тальго» пойыздарына 15 пайыз жеңілдікпен міне алады. Ақпараттарды барлық вокзалдарға екі тілде орналастырдық. Жолаушыларға шағын кітапшалар ұсынылуда», – дейді ол. Филиал директоры орынба-сарының айтуынша, мейрам алды күндері 40 дисконтты карта сатылған. Жүздеген жолаушылар ЭКСПО-ға билет алып, жол жүру құжаттарына жеңілдік алуда екен. Бүгінде «Жолаушылар тасымалы» АҚ басшылығы жергілікті компаниялармен қоса кәсіпорын басшыларына да кіріп, түсіндіру жұмыстарын жалғастыруда. «Бүгінде топ болып билет алып жатқандар баршылық. Олар билетке тапсырыс беруде. Бір ғана Орал қаласының өзінен 800 билет алуға ұсыныс келіп түсті. Атырау облысынан да өтініштер алып жатырмыз», – дейді Василий Подлисовский. Айта кетейік, «ЭКСПО» көрмесіне билет жұмыс күндері 4 мың теңге болса, «Жолаушылар тасымалы» АҚ ұсынған жеңілдік бойынша 2390 теңгеге шығады. 6 мың теңгенің билетін 3485 теңгеге сатып алуға болады. Ал, дисконтты билет бағасы 9999 теңге. Оны алған адам жыл соңына дейін «Тальго» пойыздарына 15 пайыз жеңілдікпен міне алады, сонымен бірге көрменің 8 мың теңгелік билетіне жеңілдік қарастырылған. Василий Подлисовскийдің айтуынша, бүгінге дейін 54 дисконтты карта, 110 билет сатылған. 

Асқар АҚТІЛЕУ, Ақтөбе

Инфрақұрылым
05.10.2026
Алтынкөлге апаратын теміржол желісінде екінші жол іске қосылды
Аймақтар
05.10.2026
Павлодар облысында Ақсу-2 станциясы вокзалын жаңарту аяқталды
Инфрақұрылым
05.10.2026
Қазақстанда тағы 800 шақырым теміржол салынып жатыр
Жаңалықтар
05.10.2026
Ақтау портында теңіз түбі 7 метрге дейін тереңдетіледі
Жүк тасымалы
05.10.2026
Қазақстан мен Беларусь арасындағы теміржол тасымалы 19 пайызға өсті
Жүк тасымалы
05.10.2026
Дүниежүзілік банк: Транскаспий дәлізі елдерінің экономикасы 3,3 пайызға өсуі мүмкін
Әлемде
05.10.2026
Ауғанстанда «Хаф – Герат» теміржолының 43 шақырымдық учаскесі пайдалануға берілді
Цифрландыру
02.10.2026
Семейде 240 шақырымдық телімде пойыз қозғалысы цифрлық басқаруға көшті
Инфрақұрылым
02.10.2026
Шу вокзалы қайта түледі
Аймақтар
02.10.2026
Теміржолшылар қалашығында жаңа Өнер мектебі бой көтеруде
Жаңалықтар
02.10.2026
«KTZ – ALT INNOVATION»: мүмкіндіктер алаңы
Жаңалықтар
02.10.2026
Бейнет түбі – зейнет
Жүк тасымалы
02.10.2026
ҚТЖ қыркүйекте астық тасымалынан рекорд жаңартты
Аймақтар
02.10.2026
Теміржолшы ардагерлерге құрмет көрсетілді
Жаңалықтар / Мұрағат
02.10.2026
Қазақстан теміржолшысы газеті, №78 02 қазан 2026 жыл
Жаңалықтар
01.10.2026
ҚТЖ ұсынған «Smart Диагностика» жүйесі AІ & Digital Bridge 2026-да таныстырылды
Аймақтар
01.10.2026
Жетісу облысында Үштөбе станциясының вокзалын қайта жаңарту аяқталды
Цифрландыру
01.10.2026
Алматыда бес елдің теміржол өкілдері қауіпсіздік мәселесін талқылады
Әлемде
01.10.2026
АҚШ-та Siemens-тің жаңа Airo пойыздары жолаушы тасымалдай бастады
Жолаушылар тасымалы
01.10.2026
ҚТЖ барлық бағыттағы теміржол билеттеріне 10% жеңілдік ұсынады