Күн тәртібінде – тежегіш тақырыбы

Жаңалықтар
12.05.2017, 17:41
Семей локомотив пайдалану депосында локомотив, вагон және қозғалыс шаруашылығы қызметкерлерінің қатысуымен автотежегіштерді пайдалану жөнінде конференция өтті.  Оған локомотив пайдалану деполарының машинистері және вагон пайдалану деполарының вагон қарап-жөндеушілері қатысып, тежегіштерді пайдалануға қатысты нұсқау талаптарының бұзушылықтарын талқылады. Нұсқаушы-машинист Ерлан Сәрсекенов бұл туралы нақты деректер келтірді. Ал вагон депосының нұсқаушысы Қуат Шалтаевтың айтуынша, вагон пайдалану депосының мамандары мен локомотившілердің арасында тежегіш жұмысына қатысты түсініспеушілік жиі орын алады. Жиында осы мәселе көп сөз болып, ортақ мәмілеге келіп, шешімін табу жолдары қарастырылды. – Жылжымалы құрамның автоматтық тежегіші ерекше жағдайда пайдаланылып, қозғалыс жоғары жылдамдықта болғанда, қолайсыз ауа райында, үзіліссіз жұмыста, пойыздың ауыр салмағында пойыздың қозғалыс қауіпсіздігін қамтамасыз етуі тиіс. Ол үшін ең басты талап – тежегіш құрылғының сапалы жөндеуден өтуі, – деді Семей локомотив пайдалану депосының директоры Дәулет Ыдырысов. Әлемде темір жол көлігінде автоматикалық-пневматикалық тежеуіш пайдаланылады. Бұл тежеуіш магистральдық темір жол қысымының төмендеуі немесе жоғарылауы кезінде пойызға тіркелген вагон тежеуіштерін басқарады. Жылжымалы құрамда тежеуіш құрылғысын пайдалану, жөндеу, оған қызмет көрсету үшін бұл құрылғыны машинистер бес саусағындай меңгеруі керек. Локомотив пайдалану депосының бастығының сөзіне қарағанда, автотежеуішті дұрыс басқару пойыздар қозғалысының қауіпсіздігін қамтамасыз етуге және апатсыз жұмыс істеуге кепілдік береді. Осы ретте, локомотившілерге автотежеуіштерді басқару жөніндегі жергілікті нұсқаулық талаптарын бұлжытпай орын-дау абзал. Ал, тежеуішті техникалық тексеруден өткізу және жөндеу жұмыстары туралы қатысушыларға вагон депосының бастығы Әсет Сүлейменов баяндап берді. Сонымен қатар қосалқы бөлшектердің жетіспей жатқандығын, соған қарамастан қолда бар мүмкіншіліктерді пайдаланып, тығырықтан шығу жолдарын қарастырып жатқанын да жасырмады. Пойыз құрамаларына негізінен қызметтік, толық қызметтік және шұғыл қызметтік тежегіш түрлері қолданылады екен. Мысалы алдыңғысы жылдамдықты тексеру үшін қолданылса, екіншісі тезірек тоқтауға, ал соңғысы оқыс жағдайда, тосыннан болған кедергі кезінде қолданылады. Жиынға қатысушылар осындай басқосулар жиі өткізілсе, локомотившілер мен вагоншылар арасындағы ортақ проблемаға айналған мәселелердің шешімін табуға септігін тигізеді деген пікір білдірді.Конференцияға қатысушылардың ұсыныстары хаттамаға енгізіліп, жергілікті жердің құзырындағы мәселе-лер шешімін тауып, ал басқа маңызды мәселелер есепке алынып, жоғарғы органның қарауына жіберілетін болды. Шара соңында жыл басынан бергі төрт айда өз мамандықтары бойынша нәтижелі жұмыс көрсеткен бірнеше машинист пен вагоншы мақтау қағаздарымен марапатталды.

Ерлан ҒАЗЕЗ

Станция тынысы
17.09.2026
Талас станциясының бүгінгі тынысы
Аймақтар
17.09.2026
Семей станциясында қауіпті өткелдер бақылауға алынды
Әлемде
17.09.2026
Өзбекстанда Қытайдың екінші CRRC пойызы қатынай бастады
Жаңалықтар
17.09.2026
Отар – Шу учаскесіндегі оқу-жаттығуға өрт сөндіру пойызы қатысты
Аймақтар
16.09.2026
Семей қаласында теміржол вокзалын қайта жаңғырту жұмыстары жалғасуда
Әлемде
16.09.2026
Әзербайжан Армения шекарасына дейінгі теміржол құрылысының 75%-ын аяқтады
Жаңалықтар
16.09.2026
Қазақстан мен Корея көлік-логистика саласындағы ынтымақтастықты кеңейтеді
Жаңалықтар
16.09.2026
Астанада VIII «NEW SILK WAY» атты көлік-логистика саласындағы бизнес-форумы өтеді
Апта саны / Жүк тасымалы
16.09.2026
Сегіз айда ҚТЖ желісі арқылы 212,7 млн тоннадан астам жүк тасымалданды
Жаңалықтар
15.09.2026
Теміржолшылар мен ТЖД Қарағанды – Ақадыр учаскесіндегі өртті сөндірді
Жаңалықтар
15.09.2026
«ҚТЖ» ҰК» АҚ-да үздік эколог-сарапшылар анықталды
Жолаушылар тасымалы
15.09.2026
ҚТЖ ата аналар мен жасөспірімдерге пойыздағы қауіпсіз жүру ережесін еске салды
Жаңалықтар
15.09.2026
Болгариядағы TХКБ отырысының негізгі нәтижелері
Жаңалықтар
15.09.2026
Нұрлыбек Нәлібаев Маңғыстаудың жөндеуден өткен вокзалын тексерді
Инфрақұрылым
15.09.2026
Вокзалдарды жаңғырту жұмыстары жалғасуда
Жаңалықтар
15.09.2026
Нұрлыбек Нәлібаев Маңғыстаудағы стратегиялық нысандардың жұмысымен танысты
Жүк тасымалы
15.09.2026
«Бір белдеу, бір жол»: Жаңа сауда дәліздері қалай дамиды?
Қауіпсіздік
15.09.2026
Қауіпсіздік пен біліктілік бәсекесі
ҚТЖ келбеті
15.09.2026
Қырағы өткел кезекшісі
Аймақтар
15.09.2026
Ақтоғайдан Дегелеңге дейін...