Гендерлік тақырыпта тренинг өтуде

Жаңалықтар
27.10.2023, 14:26
Райхан Рахметова

«Қазақстан теміржолшысы» газетінің тілшісі

ҚТЖ-да Біріккен ұлттар ұйымының Қазақстандағы Даму Бағдарламасының Тұрақты өкілдігімен ынтымақтастық шеңберінде «Гендерлік теңдік» және «Қызметте әйелдерге тиісуге қарсы мәдениет» тақырыбында тренингтер өткізілуде. 

24 қазан мен 14 қараша аралығында өтетін тренингтерді БҰҰДБ гендерлік теңдік жөніндегі кеңесшісі Гаухар Нұрша және осы бағдарламаның гендерлік сертификация жобасының менеджері Ақниетті Әлиева жүргізуде. 

Алғашқы тренингке қатысқан компания қызметкерлеріне іс-шараның бағдарламасы бойынша топпен жұмыс істеу, кейстерді талдау, сұрақ-жауап тапсырмалары берілді. Қатысушылар гендер дегеніміз не, оның қазіргі адамдар үшін маңыздылығы неде деген сұрақтарға жауап іздеді. Сонымен қатар ауылдық және қалалық жерлерде ерлер мен әйелдерден қоғам не күтеді, олардың арасындағы айырмашылық неде, нақты мынау ердің, мынау әйелдің ғана мамандығы деп бөлуге бола ма деген сынды көптеген сауалдар қойылып, топқа бөлінген қатысушылар соған өзінше жауап табуға тырысты. «Әйелдерге қарағанда ерлер саяси көшбасшы немесе бизнес жетекші рөліне жақсырақ келеді» деген тақырыпта да пікірталас ұйымдастырылды. 

– Гендерлік теңдік ерлер мен әйелдер бірдей дегенді білдірмейді. Бұл сөз ерлер де, әйелдер де жынысына қарамай түрлі құқықтарға, мүмкіндіктерге, ресурстарға бірдей қолжетімділікке ие дегенді білдіреді. Осы тақырып аясында ҚТЖ-ның Орталық аппаратына қарасты департаменттерінде қызмет ететін әйелдер ой бөлісіп, алғашқы тренингтің жұмысына қатысты. Компанияның кітапханасында өткен тренингтер келесі айдың ортасына дейін жалғасып, басқа да қамтылмаған теміржол мамандардың белсенділігін арттыратын болады. 

Жаңалықтар
29.08.2026
Стратегиялық серіктестік векторы: Теміржолшылардың халықаралық байқауы
Жаңалықтар
29.08.2026
ҚТЖ және Huawei Қазақстан темір жолдарын цифрландыруды күшейтуде
Трансформация
28.08.2026
Жеті жүзінші локомотив зауыттан шықты
Трансформация
28.08.2026
Теміржолшылар KinetiX зияткерлік жүйесін игеруде
Жаңалықтар
28.08.2026
Көкшетау – Жамантұз аралығында пойыз машинисі автокөлікпен соқтығысудың алдын алды
Станция тынысы
28.08.2026
Арыс теміржол торабының бүгінгі келбеті
Аймақтар
28.08.2026
Атырауда теміржол саласының бес бірдей мекемесі мерейтойын атап өтті
Аймақтар
28.08.2026
Ақтөбеде 583 шақырым электр желісі жөндеуден өтті
ҚТЖ келбеті
28.08.2026
Тәлімгерлік мектеп және теміржолшылар династиясы
Жаңалықтар
28.08.2026
Қоғамдық тәртіп – баршаға ортақ
Жаңалықтар / Мұрағат
28.08.2026
Қазақстан теміржолшысы газеті, №68 28 тамыз 2026 жыл
Аймақтар
27.08.2026
Абай облысында Дегелен вокзалын қайта жаңарту аяқталды
Аймақтар
27.08.2026
Қызылордада теміржолшылар «Әл-ауқат апталығын» бастады
Жаңалықтар
27.08.2026
Stadler компаниясы Қазақстандағы жаңа өндіріске 14 миллиард теңгеден астам инвестиция салмақ
Әлемде
27.08.2026
Өзбекстанда Қытайдың CRRC компаниясы шығарған алғашқы push-pull пойызы пайдалануға берілді
Инфрақұрылым
27.08.2026
Сингапур Орта дәлізді дамытуға атсалысады
Жолаушылар тасымалы
27.08.2026
Алматы – Ташкент бағытында «Әйелдер вагоны» іске қосылады
Инфрақұрылым
26.08.2026
Қазақстанның транзиттік жолдары жаңа мүмкіндіктерге жол ашты
Әлемде
26.08.2026
Иран мен Ауғанстан арасында жүк тасымалы 8 есе өскен
Жүк тасымалы
26.08.2026
ҚТЖ желісімен 8 млн тоннадан астам астық тасымалданды