Теміржолшылар кеңесіне – ширек ғасыр

Жаңалықтар
19.05.2017, 10:15
 18-19 мамырда  Мәскеуде өткен  Достастыққа қатысушы елдердің  теміржол көлігі Кеңесінің 66-шы отырысына «Қазақстан темір жолы» ҰК» АҚ басшысы Қанат Алпысбаев бастаған делегация қатысуда.  Мерейтойлық отырысқа Әзербайжан, Армения, Беларусь, Грузия,  Қырғызстан, Молдова, Ресей, Тәжікстан, Түрікменстан, Украина, Өзбекстан теміржол әкімшіліктерінің жетекшілері, сонымен қатар Кеңестің қауымдастығына мүше елдер Болгария, Грузия, Латвия, Финляндия теміржол әкімшіліктерінің басшылары қатысты.  Сонымен қатар бақылаушылар ретінде Иран теміржол әкімшілігі мен Теміржол және көлік құрылысшылары кәсіподақтары Халықаралық Конфедерациясының өкілдері қатысты.   Кеңестің 25 жылдығына арналған отырыста  Достастыққа қатысушы елдердің  теміржол көлігі қызметінің жұмыс қорытындысы шығарылды. 2016 жылғы және 2017 жылғы бірінші тоқсандағы  халықаралық бағдардағы  жолаушылар тасымалдаудағы теміржолды пайдалану қорытындысы бойынша Кеңестің 65-ші отырысы шешімдерінің орындалу нәтижесі қаралды. Отырыс барысында  пойыз қозғалысының нормативтік кестесі, өткен жылғы жүргізіліген контейнерлер санағының қорытындысы, биылғы жылы жүк вагондары санағын жүргізуге дайындық барысы, теміржол көлігі әкімшіліктері арасындағы өзара есеп айырысу жайлары секілді ондаған мәселе қаралды. Жалпы алғанда, отырысқа қатысушы елдер арасындағы теміржол көлігінің тұрақты қозғалысын ұйымдастыру, жолаушылар мен жүк пойыздарының кедергісіз жүруін қамтамасыз ету қарастырылып, келісілді. Өткен жылы ТМД елдері темір жолдарында өндірістік көрсеткіштер жақсарғаны белгілі болып отыр. 2015 жылмен салыстырғанда жүк тиеу жоспары  100,9% орындалып,  биылғы жылғы алғашқы тоқсанда 2016 жылдың сәйкес мерзімімен салыстырғанда 5,8% артқан. Өткен жылы 1946,9 млн тонна жүк тасымалданса, биылғы бірінші тоқсанда 480, 4 млн тонна жүк жөнелтілген. Теміржол әкімшіліктері арасында өткен жылы мен биылғы бірінші тоқсанның міндеттемесін асыра орындаушылар қатарында «Қазақстан темір жолы» ҰК» АҚ да бар. Биылғы жылдың алғашқы тоқсанында жолаушылар тасымалдау көлемі 3,5 пайызға өскен. Тек қаңтар-наурызда Компания 4,5 мың жолаушы тасымалдаған. Кеңес барысында «ҚТЖ» ҰК» АҚ басшысы Қ. Алпысбаев халықаралық серіктестікті дамытуға қосқан үлесі үшін «Құрметті теміржолшы» белгісімен марапатталды. Сондай-ақ, Компанияның бірқатар қызметкерлері Достастыққа қатысушы мемлекеттердің теміржол көлігі Кеңесінің Құрмет грамотасымен марапатталды. Кеңес жұмысы жайлы толық ақпарат газеттің келесі санында жарияланады.  Достастыққа қатысушы елдердің  теміржол көлігі Кеңесінің тарихына тоқталсақ: 1992 жылы Достастыққа қатысушы елдердің басшылары посткеңестік кеңістікте теміржол көлігі саласын дамыту мен қызметін үйлестіріп отыратын мемлекетаралық стратегиялық маңызды шешімдерді шығарып отыратын ұйым құрды. Теміржол көлігі жөніндегі Кеңес ТМД елдері серіктестігін дамытуға тиімді ықпал еткен маңызды шешімдер қабылдаған алғашқы мекемелердің бірінен саналады. Осы жылдары Кеңес экономикалық ынтымақтастықтағы үкіметаралық орган ретінде қалыптастырды.  Кеңес отырысындағы іскерлік қадамдар «1520 кеңістігіндегі» теміржолдардың тұрақты және тоқтаусыз қызмет етуін қамтамасыз етті. 

Әсел ТӨЛЕГЕНОВА

Жаңалықтар
21.07.2026
ҚТЖ қызметкерлеріне арналған барлық сервис енді бір платформада
Инфрақұрылым
21.07.2026
Ақтөбе облысында вокзалдарды жаңғырту барысы тексерілді
Спорт
21.07.2026
Теміржолшы Эльбрус шыңында ҚТЖ туын көтерді
Жаңалықтар
21.07.2026
ҚТЖ-ның өрт сөндіру пойызы Алматыда өрт сөндіруге қатысты
Қауіпсіздік
21.07.2026
Теміржол өткелдерінде профилактикалық рейдтер жалғасуда
Сұхбат
21.07.2026
Теміржол тарихындағы ең ірі жаңғырту жобасы жүзеге асырылуда
Әлеумет
21.07.2026
ҚТЖ атынан хабарласатын телефон алаяқтары көбейді
Жаңалықтар
21.07.2026
Еліміздің вокзалдарында кедергісіз орта қалыптасуда
Цифрландыру
21.07.2026
Ақтөбе теміржолы цифрландырудың жаңа деңгейіне өтуде
Инфрақұрылым
21.07.2026
ҚТЖ жыл басынан бері темір жолдың 686 шақырымын жаңартты
Жаңалықтар / Мұрағат
21.07.2026
Қазақстан теміржолшысы газеті, №55 21 шілде 2026 жыл
Аймақтар
20.07.2026
ҚТЖ компаниядағы мемлекеттік тілдің үлесін 92 пайызға жеткізуді көздеп отыр
Жолаушылар тасымалы
20.07.2026
№81/82 «Нұрлы жол – Орал» Тальго пойызында әйелдер вагоны іске қосылады
Инфрақұрылым
20.07.2026
ҚТЖ Дарбаза – Мақтаарал теміржол желісінің құрылысын жеделдетеді
Жолаушылар тасымалы
20.07.2026
«Жолаушылар тасымалы» АҚ ISO халықаралық төрт стандарты бойынша сертификаттарға ие болды
Жаңалықтар
20.07.2026
Өзбекстан мен Қытай Қырғызстан арқылы өтетін теміржол құрылысын бірлесіп бақылайтын болды
Әлемде
20.07.2026
Швейцария рельс арасына орнатылатын күн панельдерін сынақтан өткізді
Аймақтар
17.07.2026
Жақсы теміржол вокзалын жаңарту жұмыстары аяқталды
Жаңалықтар
17.07.2026
Жаздың басынан бастап ҚТЖ теміржолдағы қауіпсіздік бойынша республикалық акциялар өткізуде
Жаңалықтар
17.07.2026
«Қазтеміртранс» АҚ 2032 жылға дейін 13 мың жүк вагонын сатып алады