Көлік саласын дамытудағы өлшеудің рөлі
Жаңалықтар
19.05.2017, 10:26
Қоғамдағы кең ауқымды экономика салаларын дамытуда метрологияның маңызы зор. Әлемдік деңгейдегі атаулы күнге орай «Қазақстан темір жолы» компаниясы мен ҚР Инвестициялар және даму министрлігінің Техникалық реттеу және метрология комитеті, «Қазақстан метрология институты» РМК халықаралық сарапшыларды тарта отырып «Көлікке арналған өлшеулер» тақырыбында халықаралық семинар ұйымдастырды.
Қатысушылар метрологиялық қамтамасыз етудің өзекті мәселелерін талқылап, өзара тәжірибе алмасты, сонымен қатар шара барысында саланың жетекші метрологтары кәсіби жетістіктері үшін ынталандырылды. Жыл сайын метрология жөніндегі халықаралық ұйымдар Дүниежүзілік метрология күнін атап өтудің тақырыбы мен ұранын жариялайды. Биыл сол басты назар – көлік саласын дамытудағы өлшеулердің роліне бағытталды.
Жиынға қатысқан халықаралық заңнамалық метрология бюросының, халықаралық салмақтар мен өлшемдер бюросының, Еуразия, Африка және Американың өңірлік метрологиялық ұйымдары өкілдерінің айтуынша, көлікке арналған ең қажетті өлшеулердің қатарына теңіз жүк көлігінде тасымалдау қауіпсіздігін қамтамасыз етуге мүмкіндік беретін жүк контейнерлерінің жылдам өлшеулері кірген. Сонымен қатар олар қазіргі таңда қоршаған ортаны ластау деңгейін бақылауды іске асыру кезінде қолданылатын пайдаланылған газдардың химиялық құрамын сенімді өлшеудің маңыздылығына тоқталды.
Ал «ҚТЖ» ҰК» АҚ бас инженері Батыр Котырев ұлттық компаниядағы метрологиялық қамтамасыз ету мәселесіне тоқталды.
–ҚР-ның «Өлшеу бірлігін қамтамасыз ету туралы» заңына сәйкес біздің компанияда да метрологиялық қызмет құрылған. Оның құрылымында бірнеше басқару деңгейі бар, атап айтқанда, корпоративтік, желілік, аймақтық және тораптық деп бөлінеді. Компанияда өлшеу бірлігімен қамтамасыз ету саласына негіз болатын талаптар орнатудың бірқатар стандарттары жасалды. Бізде қолданылатын өлшеу құралдарының көбісі өзіміздің жеке сынау зертханаларымыздан жіті тексеруден өткізіледі. Бұл дегеніңіз – уақыт пен жиілік және электрлік, геометриялық, радиотехникалық мөлшерді өлшеу құралдары, – дейді бас инженер.
Сынау зертханалары компанияның барлық филиалдарында бар және ҚР аккредиттеу ұлттық жүйесінде тіркелген. Бүгінде компанияда «Метрология» автоматтандырылған жүйесі енгізілуде. Бұл жүйе метрологиялық қамтамасыз ету жағдайын визуалды көрсетуге мүмкіндік беретін жалпы ақпараттық кеңістікте жұмыс істейді. Ол өлшеу құралдарының статусы мен техникалық жағдайына ұдайы мониторинг жүргізуге, компанияда қолданылатын өлшеу құралдарының реестрін жасауға, метрологиялық қамтамасыз ету саласында шығындар мен жұмыстарды жоспарлауға жағдай жасайды.
Бас инженердің компанияның жол шаруашылығы, жол жағдайын бағалау, диагностикасы мен мониторингі «Магистраль» автоматтандырылған басқару жүйесі арқылы қамтамасыз етілетіндігін атап айтты. Оған қазіргі заманғы жаңғыртылған өлшеу құралдары мен кешендері кіреді. Соның арқасында рельстерді үздіксіз бақылау мен рельс табандары геометриясын өлшеу, жер төсемдері мен балласт призмасы жағдайына диагностика және мониторинг жүргізу мүмкін болды. «Магистраль» АБЖ басқару жеделділігі мен сапасын, бизнес үдерістердің оңтайлылығын, жолды күтіп ұстауда шығынның азаюын қамтамасыз етеді. Бұл тиімділікке жол жағдайының кең ауқымды көрсеткішіне жедел қол жеткізудің, жол жөндеу бойынша оның нақты жағдайында жұмыстарды жоспарлап, жол жағдайына талдау жүргізудің, нақты қажеттіліктер негізінде материалдық және еңбек ресурстарының керекті көлемін болжай алудың арқасында қол жетеді.
Қорытындылай келе ұлттық компания өкілі теміржол көлігінде өлшеудің дәлдігі тікелей пойыздар қозғалысының қауіпсіздігіне және тасымал үдерісінің тиімділігіне әсер ететінін айтты. Сол себепті де өлшеу бойынша жасалып жатқан жұмыстың барлығының да теміржол үшін маңызы зор.
Семинар соңында «2017 жылдың Үздік өлшеу құралы» қазақстандық байқауының нәтижелері белгілі болып, соның шеңберінде марапатталған жүлдегерлер қатарында теміржолшылар да болды. Атап айтқанда, ұлттық компанияның ғылыми-зерттеу орталығының метрологиялық қамтамасыз ету секторының бастығы А. Тасыбаева, Жамбыл белгі беру және байланыс дистанциясының тексеруші-метрологы А. Сорокин, Арыс вагон пайдалану депосының зертхана-тексерушісі И. Алтаев, Ақтөбе электрмен эабдықтау дистанциясының зертхана-тексерушісі Р. Төлеп, Астана жол диагностикасы құралдарының аймақтық зертханасының бастығы Д. Жұматаев марапатқа ие болды.
Райхан РАХМЕТОВА
Станция тынысы
17.09.2026
Талас станциясының бүгінгі тынысы
Аймақтар
17.09.2026
Семей станциясында қауіпті өткелдер бақылауға алынды
Әлемде
17.09.2026
Өзбекстанда Қытайдың екінші CRRC пойызы қатынай бастады
Жаңалықтар
17.09.2026
Отар – Шу учаскесіндегі оқу-жаттығуға өрт сөндіру пойызы қатысты
Аймақтар
16.09.2026
Семей қаласында теміржол вокзалын қайта жаңғырту жұмыстары жалғасуда
Әлемде
16.09.2026
Әзербайжан Армения шекарасына дейінгі теміржол құрылысының 75%-ын аяқтады
Жаңалықтар
16.09.2026
Қазақстан мен Корея көлік-логистика саласындағы ынтымақтастықты кеңейтеді
Жаңалықтар
16.09.2026
Астанада VIII «NEW SILK WAY» атты көлік-логистика саласындағы бизнес-форумы өтеді
Апта саны / Жүк тасымалы
16.09.2026
Сегіз айда ҚТЖ желісі арқылы 212,7 млн тоннадан астам жүк тасымалданды
Жаңалықтар
15.09.2026
Теміржолшылар мен ТЖД Қарағанды – Ақадыр учаскесіндегі өртті сөндірді
Жаңалықтар
15.09.2026
«ҚТЖ» ҰК» АҚ-да үздік эколог-сарапшылар анықталды
Жолаушылар тасымалы
15.09.2026
ҚТЖ ата аналар мен жасөспірімдерге пойыздағы қауіпсіз жүру ережесін еске салды
Жаңалықтар
15.09.2026
Болгариядағы TХКБ отырысының негізгі нәтижелері
Жаңалықтар
15.09.2026
Нұрлыбек Нәлібаев Маңғыстаудың жөндеуден өткен вокзалын тексерді
Инфрақұрылым
15.09.2026
Вокзалдарды жаңғырту жұмыстары жалғасуда
Жаңалықтар
15.09.2026
Нұрлыбек Нәлібаев Маңғыстаудағы стратегиялық нысандардың жұмысымен танысты
Жүк тасымалы
15.09.2026
«Бір белдеу, бір жол»: Жаңа сауда дәліздері қалай дамиды?
Қауіпсіздік
15.09.2026
Қауіпсіздік пен біліктілік бәсекесі
ҚТЖ келбеті
15.09.2026
Қырағы өткел кезекшісі
Аймақтар
15.09.2026
Ақтоғайдан Дегелеңге дейін...