"Айналайын" ағадан...
Жаңалықтар
19.05.2017, 11:46
Әсілі, әр мекеменің, әр ортаның әрі мен сәнін келтіріп отыратын жандар бар. Кез келген жиынның жанын кіргізетін ерекше адамдар да болады. «Ақтөбе темір жолының «айналайыны» атанып кеткен Бошық Қуатов сондай жан.
Аймақ теміржолында қырық жыл еңбек еткен тарлан теміржолшы міне, 70 жасқа толыпты. Тек теміржолшыдар емес, Ақтөбенің зиялы жұрты, жастары, шенділері, қарапайым халқы жақсы танитын Бошық аға ерекше белсенді, көңілді, бастамашыл, сөзге шешен, кез-келген ортаның сәнін келтіретін қасиетімен үлкенмен де кішімен де құрдасындай тең сөйлесіп, адамның іші бауырына кіретін жанның «Айналайын» деген «фирменный» сөзін бар.
Көп жыл Вагон шаруашылығында еңбек еткен, сосын кәсіподақ қызметінде тер төгіп, теміржолшылардың әлеуметтік мәселелерін шешумен айналысқан ардагер бүгінде Ақтөбе бөлімшесі бойынша ардагерлер кеңесінің төрағасы «Біз өңірде болып жатқан шараларға әрдайым Бошық ағайды құрметтеп шақырып отыратынбыз. Өйткені, біз үшін осындай айтары бар жандардың сөз сөйлегені керек. Қашанда жарқын жүзді, маңдайы ашық, жастардан еш аянбайтын Бошық ағайды біздің жастар қуана-қуана қарсы алады. Үнемі оның сөздеріне мұқият құлақ асып, кейін тіпті шағын отырыстарда еске алып отырады. Оның жоғары тембрмен, интонациямен сөйлеген сөздері түсінген адамды шабыттандырып, рух беретіндей. Соның ішінде, теміржолдың мән-маңызын түсіндіріп, ой салады», - дейді ақтөбелік жастардың атынан, бүгінде басшылық қызметте жүрген жас азаматтардың бірі Мұрат Тасмағамбетов.
Мерейтой иесі туралы оның ауылдасы, әрі әріптесі, бүгінде «ҚТЖ» ҰК» АҚ Ардагерлер кеңесі төрағасының орынбасары Жұмагүл Әлжан жылы лебізін білдірді.
«Шалқарда болат жолдың бойында бірге қызмет еттік, қоғамдық жұмыстарға араластық. Тіпті жүз адамнан құралған хор құрып, облыс орталығына барып, өнер көрсеттік. Бізді орталық телевидениеге шақырып, бағдарлама түсірді. Республикада теңдессіз хор ұжымынан елу адам болып Алматыға бардық. Ақкөңіл, мінезі керемет, құдай бере салған азамат дер едім. Бүгінде Бошық Ақтөбе жүк тасымалы бөлімшесінде ардагерлер кеңесінің төрағасы. Біз қызмет бабымен қайта қауышып отырмыз», - дейді ұлттық компанияның Орталық Ардагерлер кеңесі төрағасының орынбасары Жұмагүл Әлжан.
Бүгінде Бошық ақсақалды танитын барша жан оны мерейтойымен құттықтап, лебіздерін жаудырып жатыр. Жергілікті бөлімше басшылығы мен қатардағы теміржолшылар қауымы мерейтой иесінің отбасына амандық тілейді.

Асқар Ақтілеу, Ақтөбе
Аймақтар
16.09.2026
Семей қаласында теміржол вокзалын қайта жаңғырту жұмыстары жалғасуда
Әлемде
16.09.2026
Әзербайжан Армения шекарасына дейінгі теміржол құрылысының 75%-ын аяқтады
Жаңалықтар
16.09.2026
Қазақстан мен Корея көлік-логистика саласындағы ынтымақтастықты кеңейтеді
Жаңалықтар
16.09.2026
Астанада VIII «NEW SILK WAY» атты көлік-логистика саласындағы бизнес-форумы өтеді
Апта саны / Жүк тасымалы
16.09.2026
Сегіз айда ҚТЖ желісі арқылы 212,7 млн тоннадан астам жүк тасымалданды
Жаңалықтар
15.09.2026
Теміржолшылар мен ТЖД Қарағанды – Ақадыр учаскесіндегі өртті сөндірді
Жаңалықтар
15.09.2026
«ҚТЖ» ҰК» АҚ-да үздік эколог-сарапшылар анықталды
Жолаушылар тасымалы
15.09.2026
ҚТЖ ата аналар мен жасөспірімдерге пойыздағы қауіпсіз жүру ережесін еске салды
Жаңалықтар
15.09.2026
Болгариядағы TХКБ отырысының негізгі нәтижелері
Жаңалықтар
15.09.2026
Нұрлыбек Нәлібаев Маңғыстаудың жөндеуден өткен вокзалын тексерді
Инфрақұрылым
15.09.2026
Вокзалдарды жаңғырту жұмыстары жалғасуда
Жаңалықтар
15.09.2026
Нұрлыбек Нәлібаев Маңғыстаудағы стратегиялық нысандардың жұмысымен танысты
Жүк тасымалы
15.09.2026
«Бір белдеу, бір жол»: Жаңа сауда дәліздері қалай дамиды?
Қауіпсіздік
15.09.2026
Қауіпсіздік пен біліктілік бәсекесі
ҚТЖ келбеті
15.09.2026
Қырағы өткел кезекшісі
Аймақтар
15.09.2026
Ақтоғайдан Дегелеңге дейін...
Әлеумет
15.09.2026
Теміржолшыларға қолайлы жағдай жасалуда
Қауіпсіздік
15.09.2026
Балалар қауіпсіздігі – бәрінен қымбат
Жаңалықтар
15.09.2026
Теміржолшылар «Қазтест» сынағынан өтті
Жүк тасымалы
15.09.2026
Елімізде астықты теміржол көлігімен тасымалдау көлемі артты