«Аягөз-Бақты» теміржолының құрылысы қарқынды жүруде

Жаңалықтар
08.01.2024, 10:44
Суретті түсірген Александр Жабчук

Ұзындығы 270 шақырым болатын темір жолдың құрылысы бір ай бұрын басталды. Жоба Мемлекет басшысының еліміздің көлік-транзиттік әлеуетін дамыту жөніндегі тапсырмасын орындау аясында жүзеге асырылуда, деп хабарлайды Rail-news.kz сайты 24.kz арнасына сілтеме жасап.

Мемлекет басшысы сұхбатта айтқан бір мәселе – Қазақстан-Қытай арақатынасы. 

Визасыз жүру режімі күшіне енді. Енді көрші елге емін-еркін қатынаймыз. «Азаматтарымыз осы мүмкіндікті оңтайлы пайдаланады деп үміттенемін», - деді Президент. Қытаймен арада екі бірдей теміржол желісі бар. Енді Аягөз бен Шәуешектің арасын жалғайтын тағы бір болат жол салынады. Ол үшін біздің тарап Аягөз-Бақты теміржол құрылысын бастап кетті. Бұл екі ел арасындағы жүк және жолаушы тасымалын арттырады. Туризмнің де дамуына әсері мол. Тіпті өз ішімізде Алакөлге қатынау да жеңілдейді. 

Ұзындығы 270 шақырым болатын темір жолдың құрылысы бір ай бұрын басталды. Жоба Мемлекет басшысының еліміздің көлік-транзиттік әлеуетін дамыту жөніндегі тапсырмасын орындау аясында жүзеге асырылуда. Жаңа желіні салу барысында Қытаймен Бақты-Шәуешек үшінші шекара өткелін ашу жоспарланып отыр. Мамандардың айтуынша, «Аягөз-Бақты» бағытындағы теміржол ел экономикасына тың серпін береді. 

«Құрылыс кезінде 1700 адам еңбек етеді. Кейін оның мыңға жуығы тұрақты жұмыспен қамтылады. 11 темір жол станциясы ашылады. Ең маңыздысы, көрші елмен алыс-беріс артады. Қазақстан мен Қытай арасындағы жүк тасымалы жылына 20 миллион тоннаға дейін ұлғаяды. Жүкті жеткізу уақыты да біршама қысқарады», - дейді «ҚТЖ» ҰК» АҚ Басқарма төрағасының орынбасары Қанат Әлмағамбетов. 

Теміржол құрылысы Абай облысының шекаралық аудандары мен шалғайдағы ауыл тұрғындарының әл-ауқатын жақсартуға әсер етеді. Өңірдегі туризмнің тамырына қан жүгіртеді. 

«Аягөзден бастап Таскескен, оның ар жағында Үржар, Үржардан кейін Мақаншы, Мақаншыдан Бақтыға дейін теміржол болатын болса, оның маңайындағы алыс жатқан кішігірім ауылдардың бәріне пайдасы жоғары болады. Алакөлімізге биыл 500 мыңнан жоғары адам барса, біз оны 1 миллионға көбейтейік деп отырмыз. Теміржолдың бұған үлесі өте зор болады», -деді облыс әкімінің бірінші орынбасары Шалқар Байбеков. 

«Теміржол құрылысы халықтың санын ұлғайтуға, әл-ауқатын жақсартуға септігін тигізеді. Инвестиция келеді. Шойынжолдың бойындағы шекаралық аудандардың экономикасына тың серпін береді», - дейді, құрметті теміржолшы Александр Степура.

Стратегиялық нысан іске қосылғанда, шекара шебінде жаңадан құрылған Мақаншы ауданында 3 мыңға жуық тұрақты жұмыс орны ашылады. Ал құрылыс кезінде 2 мыңға тарта адам еңбек етеді. Теміржол 2027 жылы пайдалануға беріледі деп жоспарланған. Құрылыс барысында 11 станция, 47 көпір, 23 теміржол, 8 автомобиль өткелі, 5 жаяу жүргіншілер көпірі, 16 бақылау ғимараты салынады.

Жаңалықтар
09.09.2026
Тоқаев Қазақстанды Еуразияның көлік-логистикалық хабына айналдыру міндетін атады
Жаңалықтар
09.09.2026
ҚТЖ өрт сөндіру пойыздары екі өңірде табиғи өрттерді сөндіруге көмек көрсетті
Жаңалықтар
09.09.2026
Көлік нысандарында есірткі қылмысына қатысы бар 7 шетелдік анықталды
Жаңалықтар
09.09.2026
Транскаспий халықаралық көлік бағыты бойынша тасымалдау көлемі 8 айда 22%-ға өсті
Жүк тасымалы
09.09.2026
АҚШ-тан Қазақстанға контейнерлік жүк тасымалы ұйымдастырылды
Инфрақұрылым / Инфографика
09.09.2026
ҚТЖ 5,5 мың шақырым темір жолды жаңартты
Әлемде
09.09.2026
CAF-тың гибридті пойызы аккумулятор қуатымен 273 шақырым жүріп өтті
Жаңалықтар
08.09.2026
ҚТЖ және Грузиядан келген серіктестер ТХКБ-ны дамыту барысын талқылады
Жаңалықтар
08.09.2026
Көлік саласына 31 жаңа мамандық қажет
Цифрландыру
08.09.2026
ҚТЖ пойыздарында спутниктік интернетті ауқымды енгізу жұмыстары жалғасуда
Жаңалықтар
08.09.2026
Тіл мерекесі ұлықталды
Жолаушылар тасымалы
08.09.2026
Жолаушылар тасымалының үздік ұжымы
Аймақтар
08.09.2026
Жасөспірімнің әрекетінен электровозға 500 мың теңге залал келді
Қауіпсіздік
08.09.2026
Семейлік теміржол күзеті желі бойындағы бақылауды күшейтті
Спорт
08.09.2026
«Қазтеміржолкәсіп-2026»: Қызылорда командасы финалда
ҚТЖ келбеті
08.09.2026
Аягөз – машинистер ұстаханасы
Спорт
08.09.2026
Жамбылдық волейболшылар «ЦЖС кубогында» күміс жүлдегер атанды
Жаңалықтар / Мұрағат
08.09.2026
Қазақстан теміржолшысы газеті, №71 08 қыркүйек 2026 жыл
Жаңалықтар
08.09.2026
«ҚТЖ» ҰК» АҚ басшылығының SIPG және NIZE Intelligent Technology өкілдерімен кездесуі өтті
Аймақтар
07.09.2026
Қызылорда теміржолында қозғалыс қауіпсіздігі көрсеткіштері жақсарды