Машинистің соңғы рейсі

Жаңалықтар
22.01.2024, 10:13
Суретті түсірген автор
Райхан Рахметова

«Қазақстан теміржолшысы» газетінің тілшісі

Әріптестері алматылық машинист Сергей Фоминыхты құрметті зейнеткерлікке ерекше жағдайда шығарып салды. Ол зейнетке шығар алдындағы ең соңғы рейсінен оралғанда тосынсый кұтіп тұрды...

Алматы вокзалының дикторы 1-жолға келіп тоқтаған Қостанай – Алматы жолаушы пойызының машинисі Сергей Фоминыхтың соңғы сапардан оралғанын салтанатты жағдайда хабарлады. Ал әріптестері алдынан гүл шоғымен қарсы алды.  

Біліктілігі екінші класты, 34 жылдық тәжірибесі бар Сергей Викторұлы машинистерге берілетін жеңілдетілген салалық зейнетақыны пайдаланып, темір жолдағы еңбек жолын осылай аяқтады. Өзі еңбек ететін Алматы локомотив пайдалану депосы ұжымы оның иығына шапан жауып, бағалы сыйлықтарын беріп, қимастықпен шығарып салды.  

Еңбек жолын 1985 жылы осы депода слесарь-жөндеуші болып бастаған ол бес жылдан кейін машинист көмекшісі болды. 11 жылдан кейін машинист біліктілігін алып бүгінге дейін абыроймен еңбек етті.  Депо бастығы Айдын Сатыбалдин барлық әріптестері атынан Сергей Викторұлына  ізгі тілектерін білдірді.    

 – Сіздің өнегелі өмір жолыңыз әріптестеріңіз бен кейінгі буынға үлгі болады. Қазақстан теміржолын дамытуға қосқан үлесіңіз үшін алғысымыз шексіз. Ұрпақтар сабақтастығы жалғасын тауып, сіз сияқты сала майталмандарымен байланыс үзілмейді деген сенімдеміз, – деді депо бастығы.  

Зейнеткер машинистің екі баласы да әке жолын қуып, машинист болып еңбек етуде. Әкенің ендігі бақыты – сол ұлдарына одан әрі жол көрсетіп, немерелерін қызықтап, ардақты ата болу.  

 

Жаңалықтар
29.08.2026
Стратегиялық серіктестік векторы: Теміржолшылардың халықаралық байқауы
Жаңалықтар
29.08.2026
ҚТЖ және Huawei Қазақстан темір жолдарын цифрландыруды күшейтуде
Трансформация
28.08.2026
Жеті жүзінші локомотив зауыттан шықты
Трансформация
28.08.2026
Теміржолшылар KinetiX зияткерлік жүйесін игеруде
Жаңалықтар
28.08.2026
Көкшетау – Жамантұз аралығында пойыз машинисі автокөлікпен соқтығысудың алдын алды
Станция тынысы
28.08.2026
Арыс теміржол торабының бүгінгі келбеті
Аймақтар
28.08.2026
Атырауда теміржол саласының бес бірдей мекемесі мерейтойын атап өтті
Аймақтар
28.08.2026
Ақтөбеде 583 шақырым электр желісі жөндеуден өтті
ҚТЖ келбеті
28.08.2026
Тәлімгерлік мектеп және теміржолшылар династиясы
Жаңалықтар
28.08.2026
Қоғамдық тәртіп – баршаға ортақ
Жаңалықтар / Мұрағат
28.08.2026
Қазақстан теміржолшысы газеті, №68 28 тамыз 2026 жыл
Аймақтар
27.08.2026
Абай облысында Дегелен вокзалын қайта жаңарту аяқталды
Аймақтар
27.08.2026
Қызылордада теміржолшылар «Әл-ауқат апталығын» бастады
Жаңалықтар
27.08.2026
Stadler компаниясы Қазақстандағы жаңа өндіріске 14 миллиард теңгеден астам инвестиция салмақ
Әлемде
27.08.2026
Өзбекстанда Қытайдың CRRC компаниясы шығарған алғашқы push-pull пойызы пайдалануға берілді
Инфрақұрылым
27.08.2026
Сингапур Орта дәлізді дамытуға атсалысады
Жолаушылар тасымалы
27.08.2026
Алматы – Ташкент бағытында «Әйелдер вагоны» іске қосылады
Инфрақұрылым
26.08.2026
Қазақстанның транзиттік жолдары жаңа мүмкіндіктерге жол ашты
Әлемде
26.08.2026
Иран мен Ауғанстан арасында жүк тасымалы 8 есе өскен
Жүк тасымалы
26.08.2026
ҚТЖ желісімен 8 млн тоннадан астам астық тасымалданды