Бадамның болашағы жарқын

Жаңалықтар
25.05.2017, 21:14
Үшінші класты бекет мәртебесін алғалы  Бадам станциясында жүк айналымы он пайызға жоғарылаған. Болашақта жүк тасқыны бұдан да көтерілуі  мүмкін. Себебі, жақын маңдағы индустриалды аймақта 18 кәсіпорынға инвестиция тартылуда. Индустриялдық аймақта орналасқан  трактор құрастыратын зауыт да келешекте өнім бермек. Одан бөлек кірпіш шығаратын «Агро V», «Батсу – Агро» ЖШС,  «Бөрте- Милка» сиыр фермасын қосыңыз. Кірпішке қажетті шикізат вагонмен келіп, дайын өнім тұтынушыларға таратылады. Фермадағы ірі қара малға қажетті жем-шөп те теміржолмен келеді. Индустриалды аймақ пен бекеттің арасына  9 км теміржол тартылмақ.    Станциядан өткен жылы 1055 вагонға жүк тиеліп, 2834 вагоннан жүк түсірілген. Күніне 11 вагоннан есептегенде айына 70-80 вагон жүк тиеліп, тасымалды арттырып отырған «Ордабасы - Нан» ЖШС. Солтүстіктен айына 80-120 вагонмен келетін  бидай ұнға айналып, Өзбекстанға кетеді. 2017 жылдың 4 айында  489 вагонға жүк тиеліп, 1143 вагоннан жүк түсірілген.     Сондай-ақ, теміржол арқылы «Ордабасы - Құс» кәсіпорнына да жиі жүк келеді. Жақын маңдағы әскери бөлімге қару-жарақ, сарбаздарға қажетті заттар тиелген вагондар да Бадамнан түсіріледі. «Нұрайыл», «Оңтүстік мұнай сауда», «Б.Е.Б. Ойл» сынды мұнай-газ өнімін жанар май құю бекеттеріне тасымалдайтын мекемелер тағы бар. Халыққа көмір тарататын «АС-Дербес» ЖШС отын базасы да теміржолшылармен жұмыс істейді.  Осының бәрі бес кірме жолда тиеліп, түсіріліп және  жөнелтіліп тұрады. – Станцияда екі жүк кассирі бар. Қосымша тағы екі маман керек. Себебі, бірі ауырып қалса, екіншісіне шамадан тыс салмақ түседі. Төрт ауысымға  төрт маман кезектесіп түссе, нормаға сай болар еді. Жұмыс процесін компьютерлендірудің тиімділігінде дау жоқ, дегенмен баяғы қағаз құжаттардың бәрін компьютерге салып, қарап отырудың өзі едәуір уақытты алады. Жүк қабылдап-жөнелтуші тек күндіз істейді. Жүк кассирлеріне осы жүк қабылдаушының жұмысы да қосылған. Бұл барлық бекеттерде бар жүйе. Жүк  қабылдаушы келген вагонның құжатын компьютерге қарап отырып тексереді, салыстырады. Күнделікті беретін есебі бар. Құжаттарын толтырады. Тура сол жұмыс  жүк кассирінің де міндетінде. Олар да жүктің құжатын толтырады. Қаржысын есептейді. Негізі қолды байлайтын  жұмыс  осы құжат толтыру, – дейді бекет бастысы Серік Елмұратов.    Бадамдағы тоғыз теміржолшының ішінде пойыз құрастырушы жоқ. Мұнда маневр тепловозы болмағандықтан, Қорғасын бекетінің маневр тепловозымен пойыз құрастырушылары бірге келіп, вагондарды ағытып, қосып кетеді. Қорғасыннан келе алмаған жағдайда станция бастығының өзі пойыз құрастырушының міндетін атқарады. Пойыз құрастырушысына қажеттілік туғанымен, әзірге штат мәселесі оңтайлы шешілмей отырған көрінеді.  Дегенмен бадамдықтар өндірісі жанданып келе жатқан аймақта тұрған бекеттің болашағы жарқын боларына сенеді.

   Динар МЕЙІРМАН, Бадам

Аймақтар
16.09.2026
Семей қаласында теміржол вокзалын қайта жаңғырту жұмыстары жалғасуда
Әлемде
16.09.2026
Әзербайжан Армения шекарасына дейінгі теміржол құрылысының 75%-ын аяқтады
Жаңалықтар
16.09.2026
Қазақстан мен Корея көлік-логистика саласындағы ынтымақтастықты кеңейтеді
Жаңалықтар
16.09.2026
Астанада VIII «NEW SILK WAY» атты көлік-логистика саласындағы бизнес-форумы өтеді
Апта саны / Жүк тасымалы
16.09.2026
Сегіз айда ҚТЖ желісі арқылы 212,7 млн тоннадан астам жүк тасымалданды
Жаңалықтар
15.09.2026
Теміржолшылар мен ТЖД Қарағанды – Ақадыр учаскесіндегі өртті сөндірді
Жаңалықтар
15.09.2026
«ҚТЖ» ҰК» АҚ-да үздік эколог-сарапшылар анықталды
Жолаушылар тасымалы
15.09.2026
ҚТЖ ата аналар мен жасөспірімдерге пойыздағы қауіпсіз жүру ережесін еске салды
Жаңалықтар
15.09.2026
Болгариядағы TХКБ отырысының негізгі нәтижелері
Жаңалықтар
15.09.2026
Нұрлыбек Нәлібаев Маңғыстаудың жөндеуден өткен вокзалын тексерді
Инфрақұрылым
15.09.2026
Вокзалдарды жаңғырту жұмыстары жалғасуда
Жаңалықтар
15.09.2026
Нұрлыбек Нәлібаев Маңғыстаудағы стратегиялық нысандардың жұмысымен танысты
Жүк тасымалы
15.09.2026
«Бір белдеу, бір жол»: Жаңа сауда дәліздері қалай дамиды?
Қауіпсіздік
15.09.2026
Қауіпсіздік пен біліктілік бәсекесі
ҚТЖ келбеті
15.09.2026
Қырағы өткел кезекшісі
Аймақтар
15.09.2026
Ақтоғайдан Дегелеңге дейін...
Әлеумет
15.09.2026
Теміржолшыларға қолайлы жағдай жасалуда
Қауіпсіздік
15.09.2026
Балалар қауіпсіздігі – бәрінен қымбат
Жаңалықтар
15.09.2026
Теміржолшылар «Қазтест» сынағынан өтті
Жүк тасымалы
15.09.2026
Елімізде астықты теміржол көлігімен тасымалдау көлемі артты