Көктемнен күзге дейін...
Жаңалықтар
30.05.2017, 18:45
Жер қарайып, күн жылынысымен желі бойындағы қараусыз малмен күрес – барлық аймақтағы теміржолшылар үшін қосымша жұмысқа айналғалы қашан.
Семей жол дистанциясы да жыл басында желілік полиция бөлімімен бірлесіп осы бағытта жұмыс жүргізу туралы арнайы кесте әзірлеген болатын. Бүгінде сол кесте бойынша желі бойын қоныс еткен елді мекен тұрғындарымен түсіндіру жұмыстары өткізіліп, шаруа қожалықтары иелерімен кездесулер ұйымдастырылуда. Яғни, қараусыз малдың пойыз қозғалысына қауіп туғызуы қылмыстық жауапкершілікке әкелетіні туралы кең көлемдегі насихат жұмыстары жүруде. Ендігі аралықтағы жаза тым қатаңдатылған. Осы орайда, әсіресе аса күрделі саналатын Жаңасемей-Дегелең телімі бойынша бірінші кезекте жұмыс жүргізілуде. Себебі, аталмыш аумақ бойынша желі бойын қоныс еткен жеке шаруа қожалықтарының қыстақтары көп. Сондықтан да, дистанция басшылығы мен желілік полиция қызметкерлері желі бойына таяу орналасқан Курчатов, Бөдене, Бөкенші, Шақаман, Шаған ауылдарында жұртшылықпен көп жұмыс жүргізуде.
Сонымен қатар, осы аумақты жайылым еткен «Болашақ», «ЖК Байуақов», «Коростыли» сынды шаруа қожалықтарына арнайы ат басын бұрып, ескерту қағаздарын ұстатып, түсінік жұмыстарын жүргізіп қайтты. Мұнымен қоса, белгіленген кестеге сәйкес, желінің қос қапталында жатқан Семей-Локоть теліміне қарасты Дүйсекен, Ауыл станцияларында да болып, мұнда да түсіндіру шараларын өткізді. Семей жол дистанциясының директоры Рахат Ботасбаевтың айтуынша мұндай шаралар қатары ерте көктемнен басталып қара күзге дейін үзіліссіз жүргізіле бермек.
Қуаныш ҚОЖАЕВ, Семей
Аймақтар
16.09.2026
Семей қаласында теміржол вокзалын қайта жаңғырту жұмыстары жалғасуда
Әлемде
16.09.2026
Әзербайжан Армения шекарасына дейінгі теміржол құрылысының 75%-ын аяқтады
Жаңалықтар
16.09.2026
Қазақстан мен Корея көлік-логистика саласындағы ынтымақтастықты кеңейтеді
Жаңалықтар
16.09.2026
Астанада VIII «NEW SILK WAY» атты көлік-логистика саласындағы бизнес-форумы өтеді
Апта саны / Жүк тасымалы
16.09.2026
Сегіз айда ҚТЖ желісі арқылы 212,7 млн тоннадан астам жүк тасымалданды
Жаңалықтар
15.09.2026
Теміржолшылар мен ТЖД Қарағанды – Ақадыр учаскесіндегі өртті сөндірді
Жаңалықтар
15.09.2026
«ҚТЖ» ҰК» АҚ-да үздік эколог-сарапшылар анықталды
Жолаушылар тасымалы
15.09.2026
ҚТЖ ата аналар мен жасөспірімдерге пойыздағы қауіпсіз жүру ережесін еске салды
Жаңалықтар
15.09.2026
Болгариядағы TХКБ отырысының негізгі нәтижелері
Жаңалықтар
15.09.2026
Нұрлыбек Нәлібаев Маңғыстаудың жөндеуден өткен вокзалын тексерді
Инфрақұрылым
15.09.2026
Вокзалдарды жаңғырту жұмыстары жалғасуда
Жаңалықтар
15.09.2026
Нұрлыбек Нәлібаев Маңғыстаудағы стратегиялық нысандардың жұмысымен танысты
Жүк тасымалы
15.09.2026
«Бір белдеу, бір жол»: Жаңа сауда дәліздері қалай дамиды?
Қауіпсіздік
15.09.2026
Қауіпсіздік пен біліктілік бәсекесі
ҚТЖ келбеті
15.09.2026
Қырағы өткел кезекшісі
Аймақтар
15.09.2026
Ақтоғайдан Дегелеңге дейін...
Әлеумет
15.09.2026
Теміржолшыларға қолайлы жағдай жасалуда
Қауіпсіздік
15.09.2026
Балалар қауіпсіздігі – бәрінен қымбат
Жаңалықтар
15.09.2026
Теміржолшылар «Қазтест» сынағынан өтті
Жүк тасымалы
15.09.2026
Елімізде астықты теміржол көлігімен тасымалдау көлемі артты