Трансформация бағдарламасының тиімділіктері

Жаңалықтар
02.06.2017, 08:58
Бүгінде «ҚТЖ-Жүк тасымалы» АҚ Семей жүк тасымалы бөлімшесі филиалы бойынша ұлттық компания тарапынан қолға алынған қызметтік саясаттың басымды бағыттары ұдайы түрде насихатталады. Сала қызметкерлері арасында дұрыс түсінік қалыптастыру, кейбір өзекті мәселелерге жауап табу – ұжымның белсенділігіне де оң ықпал ететіні анық жайт. Осы орайда бөлімше басшылығы жиындар мен кеңестер барысында компания өмірінің елеулі жаңалықтарымен қатар алдағы тұрған міндеттер, жаңа белестер жайында да кең көлемде мағлұмат беруде. Мәселен, бөлімшедегі басқосулар барысында жиі қозғалатын тақырыптардың бірі – еліміз бойынша ҚТЖ алғаш қолға алып отырған трансформация бағдарламасының тиімділіктері. Бұл ретте бөлімше басшысы Марлен Көкірекбаев аталмыш игілікті шараның  қазіргі күннің өзінде оң нәтижемен іске аса бастағанын тілге тиек етуде. ҚТЖ»бағдарламасын тиімді түрде іске асыру – теміржол қызметінің кемшін тұстарын анықтап,  кешенді шаралар қабылдауға зор мүмкіндік береді. Ал негізгі міндет, аталмыш бағыт аясында барлық өндірістік салаға оңтайластыру және сапалық сипат беру арқылы қызмет барысын халықаралық стандартқа сай ету меже саналады. Бұл жайттарды есепке алсақ, трансформацияның жұмыс процесін жақсартатыны анық. Демек, еліміздегі тасымалдау қызметі және теміржол инфрақұрылымында маңызды кезең басталды деуге болады. – Қазіргі таңда біз аталмыш бағыт бойынша батыл қадам жасаудамыз. Дәлірек айтқанда, трансформация бағдарламасы туралы түсінік компания құрылымдары арасында берік қалыптасып жатыр. Оның себебі, аталмыш бағдарлама саясаты аясындағы нәтижелі шаралар, жетістіктер осыған ынталандырады. Атап айтсақ,  біздің өңірде, яғни, Семей жүк тасымалы бөлімшесі бойынша шығын көлемін азайту, қызмет түрлерін біріктіру сынды бірқатар ілкімді шаралар өндірістік процестерді жақсартып, үнем мен экономикалық тиімділікті жоғарылатуда, – дейді өз пікірінде бөлімше басшысы Марлен Көкірекбаев. Басшылар сөзіне жүгінсек, бұл бағытта жүргізіліп жатқан қызметтік саясатты әлі де болса  насихаттау қажет. Себебі, теміржол тасымалы әлеуметтік маңызды сала болғандықтан, трансформация бағдарламасы ең әуелі отандық бизнес өкілдерінің назарын аударып, алаңдатады. Яғни, өңірлер бойынша вагондарды беруге және жинауға, жүктерді жіберуге және тағы басқа шаралар тарапында келісімшарттар жасау және «ҚТЖ» ЖТ» АҚ құрылымын қайта ұйымдастыру барынша ашық түрде жүргізілуі керек көрінеді. Ал, бұл жайт өз кезегінде ұлттық компанияның кәсіпкерлік әлеміндегі әріптестерінің сенімділігін нығайтып, нарықтық қатынастарды нығайта түспек. Демек, бағдарлама есебінен ел игілігі еселене түседі деген сөз.  

Қуаныш Қожаев, Семей

   
Аймақтар
16.09.2026
Семей қаласында теміржол вокзалын қайта жаңғырту жұмыстары жалғасуда
Әлемде
16.09.2026
Әзербайжан Армения шекарасына дейінгі теміржол құрылысының 75%-ын аяқтады
Жаңалықтар
16.09.2026
Қазақстан мен Корея көлік-логистика саласындағы ынтымақтастықты кеңейтеді
Жаңалықтар
16.09.2026
Астанада VIII «NEW SILK WAY» атты көлік-логистика саласындағы бизнес-форумы өтеді
Апта саны / Жүк тасымалы
16.09.2026
Сегіз айда ҚТЖ желісі арқылы 212,7 млн тоннадан астам жүк тасымалданды
Жаңалықтар
15.09.2026
Теміржолшылар мен ТЖД Қарағанды – Ақадыр учаскесіндегі өртті сөндірді
Жаңалықтар
15.09.2026
«ҚТЖ» ҰК» АҚ-да үздік эколог-сарапшылар анықталды
Жолаушылар тасымалы
15.09.2026
ҚТЖ ата аналар мен жасөспірімдерге пойыздағы қауіпсіз жүру ережесін еске салды
Жаңалықтар
15.09.2026
Болгариядағы TХКБ отырысының негізгі нәтижелері
Жаңалықтар
15.09.2026
Нұрлыбек Нәлібаев Маңғыстаудың жөндеуден өткен вокзалын тексерді
Инфрақұрылым
15.09.2026
Вокзалдарды жаңғырту жұмыстары жалғасуда
Жаңалықтар
15.09.2026
Нұрлыбек Нәлібаев Маңғыстаудағы стратегиялық нысандардың жұмысымен танысты
Жүк тасымалы
15.09.2026
«Бір белдеу, бір жол»: Жаңа сауда дәліздері қалай дамиды?
Қауіпсіздік
15.09.2026
Қауіпсіздік пен біліктілік бәсекесі
ҚТЖ келбеті
15.09.2026
Қырағы өткел кезекшісі
Аймақтар
15.09.2026
Ақтоғайдан Дегелеңге дейін...
Әлеумет
15.09.2026
Теміржолшыларға қолайлы жағдай жасалуда
Қауіпсіздік
15.09.2026
Балалар қауіпсіздігі – бәрінен қымбат
Жаңалықтар
15.09.2026
Теміржолшылар «Қазтест» сынағынан өтті
Жүк тасымалы
15.09.2026
Елімізде астықты теміржол көлігімен тасымалдау көлемі артты