Балалар қуанған күн 

Жаңалықтар
06.06.2017, 15:03
Халықаралық балаларды қорғау күні Атырау жүк тасымалы бөлімшесі теміржолшылардың балалары үшін есінен кетпейтін қызықты мерекелік шара өткізді.  Алдымен «Ақжайық» стансасына экскурсияға барған балаларға маневрлі тепловоздың жұмысы таныстырылды. Машинист нұсқаушысы Асқар Сарыбаев балаларға тепловоз туралы толық мағлұмат беріп, тепловоз кабинасына таласа- тармаса көтеріліп, қондырғыларын ұстап көруге ниет білдірген балаларға алып машинаның бүкіл тетіктерінің қызметін жіктеп, түсіндіріп  берді. 12 жастағы Арман Максимов «Ержеткенде машинистің көмекшісі боламын, сосын машинистің өзі боламын. Тепловоз жүргізген керемет!» – деп алғашқы әсерімен бөлісіп те үлгерді.   Бұдан соң Атырау жүк тасымалы бөлімшесінің акт залына жиналған балаларды бөлімшенің бас инженері Бауыржан Қартан мен бөлімшенің бастауыш кәсіподақ ұйымы төрағасы Орынбасар Раисовтар  мерекелерімен құттықтады. Бөлімше басшылығы  жазғы демалыстың басталуына орай балаларды теміржол бойындағы қауіп-қатерлерден сақ болуға шақырды.    –Жазғы демалыс кезінде теміржолға жақын орналасқан елді мекендердегі балалар, жолдың үстіне шығып ойнайды. Балалардың вагондар терезелеріне шағуы, теміржолдың бөлшектерін ұрлауы, сондай-ақ рельстерге бөтен заттар қойып, пойыздарды шұғыл тежеуге мәжбүрлеуі сынды теріс қылықты жасауға әуес болмаңдар. Каникулды пайдалы іспен айналысып, қызықты өткізуге тырысыңдар, – деген бас инженер Бауыржан Қартан теміржолшылардың балаларының жазғы демалыс лагері ұйымдастырылатыны туралы да хабарлама айтты.  Балаларға арналған қызықты шара одан әрі қарай  «Теміржол – балалар көзімен», «Ана, әке және мен», «Ержеткенде кім боламын?», «ЭКСПО-2017» атты тақырыпта сурет салу жарысына ұласты.  Жеңімпаздарға  сыйлық үлестірілді. Мерекелік шара соңы  балалардың кәсіподақ девизімен флешмоб биімен аяқталды. Кәсіподақ өкілдері бүлдіршіндерге   тәтті тағамдар мен сусындар таратты.  

Тұрсын ҚАЛИМОВА, Атырау

Аймақтар
16.09.2026
Семей қаласында теміржол вокзалын қайта жаңғырту жұмыстары жалғасуда
Әлемде
16.09.2026
Әзербайжан Армения шекарасына дейінгі теміржол құрылысының 75%-ын аяқтады
Жаңалықтар
16.09.2026
Қазақстан мен Корея көлік-логистика саласындағы ынтымақтастықты кеңейтеді
Жаңалықтар
16.09.2026
Астанада VIII «NEW SILK WAY» атты көлік-логистика саласындағы бизнес-форумы өтеді
Апта саны / Жүк тасымалы
16.09.2026
Сегіз айда ҚТЖ желісі арқылы 212,7 млн тоннадан астам жүк тасымалданды
Жаңалықтар
15.09.2026
Теміржолшылар мен ТЖД Қарағанды – Ақадыр учаскесіндегі өртті сөндірді
Жаңалықтар
15.09.2026
«ҚТЖ» ҰК» АҚ-да үздік эколог-сарапшылар анықталды
Жолаушылар тасымалы
15.09.2026
ҚТЖ ата аналар мен жасөспірімдерге пойыздағы қауіпсіз жүру ережесін еске салды
Жаңалықтар
15.09.2026
Болгариядағы TХКБ отырысының негізгі нәтижелері
Жаңалықтар
15.09.2026
Нұрлыбек Нәлібаев Маңғыстаудың жөндеуден өткен вокзалын тексерді
Инфрақұрылым
15.09.2026
Вокзалдарды жаңғырту жұмыстары жалғасуда
Жаңалықтар
15.09.2026
Нұрлыбек Нәлібаев Маңғыстаудағы стратегиялық нысандардың жұмысымен танысты
Жүк тасымалы
15.09.2026
«Бір белдеу, бір жол»: Жаңа сауда дәліздері қалай дамиды?
Қауіпсіздік
15.09.2026
Қауіпсіздік пен біліктілік бәсекесі
ҚТЖ келбеті
15.09.2026
Қырағы өткел кезекшісі
Аймақтар
15.09.2026
Ақтоғайдан Дегелеңге дейін...
Әлеумет
15.09.2026
Теміржолшыларға қолайлы жағдай жасалуда
Қауіпсіздік
15.09.2026
Балалар қауіпсіздігі – бәрінен қымбат
Жаңалықтар
15.09.2026
Теміржолшылар «Қазтест» сынағынан өтті
Жүк тасымалы
15.09.2026
Елімізде астықты теміржол көлігімен тасымалдау көлемі артты