Жаңа станциялардың бүгінгі келбеті

Жаңалықтар
06.06.2017, 16:14
Жезқазған-Бейнеу аралығында бой көтерген Байқадам мен Бегімбет станциялары  бүгінде өсіп-өркендеу үстінде. Өткен демалыс күндері Шалқар ауданына іссапары аясында Ақтөбе облысының әкімі Бердібек Сапарбаев жаңа станцияларда болды.  Бүгінде Бегімбет станциясында 30 адам еңбек етеді, ал Байқадамда 40-тан астам теміржолшы бар. Жалпы, жаңа тармақта 500-ге тарта адам жұмысқа тартылған. Алматы – Маңғыстау бағытындағы жолаушылар пойызы күнделікті қатынайды. Аптасына бір рет жұмысшы  пойызы және бар.  Жол бойындағы жас станциялардағы теміржолшылар  жағдайымен танысқан әкім жаңа телім арқылы қанша пойыз жүреді, оның ішінде жолаушы тасымалы қандай бәрін тәптіштей сұрады.  Облыс басшысы Шалқар ауданы халқының Түркістанға қатынауы үшін қосымша вагондар ашу жөнінде пікір білдірді. Көптеген тауарға бағасы арзан Түркістан қаласына ақтөбеліктер таңертең барып, кешке кері бағытта қайта мінетіндей жағдай жасалса деген ұсынысын да жеткізді.  Облыс әкімінің қасында  Ақтөбе жүк тасымалы бөлімшесінің басшысы Мағауия Оразқұлов та болды. Аймақ теміржолы басшысының айтуынша, бүгінде жаңа тармақтағы жол қатынасына сұраныс артып келеді. Жол бойындағы елді мекендердің тұрғындары негізінен аудан орталығы Шалқар қаласына көп қатынайды екен. Алматы мен Маңғыстау арасын жол қылып жатқандар саны бұрыннан көп. Жолаушылардың дені жолда жүру құжатын электронды түрде рәсімдейді. Дегенмен, оларға станцияларда кассалар да қызмет етеді. Алдағы уақытта Бегімбет станциясында теміржол құрылысының екінші сатысы бойынша платформа салынады деп жоспарланған.  

Асқар Ақтілеу, Ақтөбе

Аймақтар
16.09.2026
Семей қаласында теміржол вокзалын қайта жаңғырту жұмыстары жалғасуда
Әлемде
16.09.2026
Әзербайжан Армения шекарасына дейінгі теміржол құрылысының 75%-ын аяқтады
Жаңалықтар
16.09.2026
Қазақстан мен Корея көлік-логистика саласындағы ынтымақтастықты кеңейтеді
Жаңалықтар
16.09.2026
Астанада VIII «NEW SILK WAY» атты көлік-логистика саласындағы бизнес-форумы өтеді
Апта саны / Жүк тасымалы
16.09.2026
Сегіз айда ҚТЖ желісі арқылы 212,7 млн тоннадан астам жүк тасымалданды
Жаңалықтар
15.09.2026
Теміржолшылар мен ТЖД Қарағанды – Ақадыр учаскесіндегі өртті сөндірді
Жаңалықтар
15.09.2026
«ҚТЖ» ҰК» АҚ-да үздік эколог-сарапшылар анықталды
Жолаушылар тасымалы
15.09.2026
ҚТЖ ата аналар мен жасөспірімдерге пойыздағы қауіпсіз жүру ережесін еске салды
Жаңалықтар
15.09.2026
Болгариядағы TХКБ отырысының негізгі нәтижелері
Жаңалықтар
15.09.2026
Нұрлыбек Нәлібаев Маңғыстаудың жөндеуден өткен вокзалын тексерді
Инфрақұрылым
15.09.2026
Вокзалдарды жаңғырту жұмыстары жалғасуда
Жаңалықтар
15.09.2026
Нұрлыбек Нәлібаев Маңғыстаудағы стратегиялық нысандардың жұмысымен танысты
Жүк тасымалы
15.09.2026
«Бір белдеу, бір жол»: Жаңа сауда дәліздері қалай дамиды?
Қауіпсіздік
15.09.2026
Қауіпсіздік пен біліктілік бәсекесі
ҚТЖ келбеті
15.09.2026
Қырағы өткел кезекшісі
Аймақтар
15.09.2026
Ақтоғайдан Дегелеңге дейін...
Әлеумет
15.09.2026
Теміржолшыларға қолайлы жағдай жасалуда
Қауіпсіздік
15.09.2026
Балалар қауіпсіздігі – бәрінен қымбат
Жаңалықтар
15.09.2026
Теміржолшылар «Қазтест» сынағынан өтті
Жүк тасымалы
15.09.2026
Елімізде астықты теміржол көлігімен тасымалдау көлемі артты