Биологиялық бақта немесе табиғатпен  танысу 

Жаңалықтар
09.06.2017, 11:45
Семей теміржолшыларының балаларына арнап жергілікті салалық кәсіподақ ұйымы тағы бір ерекше сый жасады. Қазақстан кәсіподағы қызметінің 25 жылдығымен орайластырылған шарада балалар   Ертіс өзенінің ортасындағы әсем аралда орын тепкен биологиялық орталыққа саяхат жасады. Бұл күні теміржолшылар мен олардың балалары үшін орталыққа кіру, ондағы хайуанаттар әлемімен танысу тегін болды. Бір күндік танымдық шара барысында балалар уақытының тиімді өтуі үшін аталмыш биологиялық орталықта арнайы экологиялық дәрістер де өткізілді. Балдырғандар тек тордағы аң-құсты тамашалап қана қоймай, олардың төлдерін, балапандарын қолдарына ұстап, жақын танысуға да мүмкіндік алды. Бұл ретте, тасбақа, ақ тышқан, қоян көжектері балалардың ерекше сүйсінісін туғызды. Бірқатары пони жылқысына мініп серуендесе, енді бірі пәуескемен әсем бақ ішін армансыз аралады. Балалар үшін сайқымазақтар да өнер көрсетті, суретке түсті. Аталмыш шараның бел ортасында балақайлар қызық-қуыныштарына ортақтасып, салалық кәсіподақ басшысы Алик Досановпен бірге демеушілік көрсетуші биологиялық орталық директоры Валерий Николаевич та жүрді. – Теміржолшылардың  балалары үшін бүгін осындай  сый әзірледік. Қаланы қыдыртып, театрға немесе киноға баруды жылда көріп жүр. Бұл жолы балалар бір сәтке болсын қала өмірінен жырақтап, табиғатпен етене араласып, жан-жануарлар әлемімен жақын таныссын дедік.  Бұл іс олардың бойларында ізгі қасиеттер қалыптастырады, - пікір білдірді орталық басшысы. Осылайша, жазғы каникулдың бір күнін биологиялық бақта тамаша өткізген балалар мен олардың теміржолшы ата-аналары салалық кәсіподақ басшыларына алғыстарын жаудырып жатты.  Бұл күні ауа-райы да тамаша болды. Табиғат аясында күні бойы серуендеп, бұғы, еліктер мен таутайлаққа тәттілер беріп, әткеншек теуіп, қызыққа қаныққан балалар киви дәмі бар балмұздақ жеп тарасты.

Қуаныш Қожаев, Семей

Аймақтар
16.09.2026
Семей қаласында теміржол вокзалын қайта жаңғырту жұмыстары жалғасуда
Әлемде
16.09.2026
Әзербайжан Армения шекарасына дейінгі теміржол құрылысының 75%-ын аяқтады
Жаңалықтар
16.09.2026
Қазақстан мен Корея көлік-логистика саласындағы ынтымақтастықты кеңейтеді
Жаңалықтар
16.09.2026
Астанада VIII «NEW SILK WAY» атты көлік-логистика саласындағы бизнес-форумы өтеді
Апта саны / Жүк тасымалы
16.09.2026
Сегіз айда ҚТЖ желісі арқылы 212,7 млн тоннадан астам жүк тасымалданды
Жаңалықтар
15.09.2026
Теміржолшылар мен ТЖД Қарағанды – Ақадыр учаскесіндегі өртті сөндірді
Жаңалықтар
15.09.2026
«ҚТЖ» ҰК» АҚ-да үздік эколог-сарапшылар анықталды
Жолаушылар тасымалы
15.09.2026
ҚТЖ ата аналар мен жасөспірімдерге пойыздағы қауіпсіз жүру ережесін еске салды
Жаңалықтар
15.09.2026
Болгариядағы TХКБ отырысының негізгі нәтижелері
Жаңалықтар
15.09.2026
Нұрлыбек Нәлібаев Маңғыстаудың жөндеуден өткен вокзалын тексерді
Инфрақұрылым
15.09.2026
Вокзалдарды жаңғырту жұмыстары жалғасуда
Жаңалықтар
15.09.2026
Нұрлыбек Нәлібаев Маңғыстаудағы стратегиялық нысандардың жұмысымен танысты
Жүк тасымалы
15.09.2026
«Бір белдеу, бір жол»: Жаңа сауда дәліздері қалай дамиды?
Қауіпсіздік
15.09.2026
Қауіпсіздік пен біліктілік бәсекесі
ҚТЖ келбеті
15.09.2026
Қырағы өткел кезекшісі
Аймақтар
15.09.2026
Ақтоғайдан Дегелеңге дейін...
Әлеумет
15.09.2026
Теміржолшыларға қолайлы жағдай жасалуда
Қауіпсіздік
15.09.2026
Балалар қауіпсіздігі – бәрінен қымбат
Жаңалықтар
15.09.2026
Теміржолшылар «Қазтест» сынағынан өтті
Жүк тасымалы
15.09.2026
Елімізде астықты теміржол көлігімен тасымалдау көлемі артты