Мал иелерінен қолхат алу керек

Жаңалықтар
09.06.2017, 12:07
Станция жолдарына мал басы мен бөгде азаматтардың шығуы көптеген өндірістік кедергіге жол береді. Сондықтан бұл мәселені шешудің оңтайлы жолы – мал иесінен төрт түлігіне ие болу жөнінде қолқат алу деген пікір айтылды. Жуырда Шу торабында  жергілікті теміржолшылардың қатысуымен үйлестіру кеңесінің отырыс өтіп, оған көлік прокуратурасының, желілік ішкі істер басқармасының өкілдері қатысты. Есепті мерзімде, яғни төрт айда бөгде адам мен қараусыз малдың кесірінен машинистер 713 жедел тежегіш қолданған. Өткен жылы бұл мезгілдегі көрсеткіш – 851 болатын. Оның 51-і мал басы, адам және көлік қағу бойынша орын алды. Әрине, төрт айда 17 адам басу оқиғасы орын алғаны өкінішті. Шу ірілендірілген жол дистанциясының бас инженерің Б.Ченсызбаев Шу-Шоқпар, Шу-Хантау телімдерінің ең қауіпті аймақтарының 15 шақырымына қоршау жүргізу шаралары жоспарланып отырғандығын алға тартты. Ал Шу локомотив пайдалану депосының бас инженері Қуат Молдабаев станция басында мал басу немесе адам қағу оқиғалары негізінен жаяу жүргіншілердің рұқсатсыз жерлерден өту барысында орын алатындығын айтты. Және негізінен ішімдік ішкен немесе  суицидке баратын азаматтар екен. Шу станциясының төрт шақырымы қоршалмай тұр екен. Жиында Шу көлік прокуратурасының аға прокуроры Б.Жиенқұлов Шу ірілендірілген жол дистанциясының қызметкерлеріне болат жолдың бойын ала орналасқан қожалық иелеріндегі ірі қара, жылқы басын анықтап фото және бейнежазу жүргізу керектігін алға тартты. -  Сосын қожалық иелерінен малын қараусыз жібермеу жөнінде қолхат алу керек. Өйткені, темір жолда мал басу оқиғасы орын алғанда көп жағдайда мал иелері айыппұл төлеуден қашып, жалтарып жатады, - деді прокуратура өкілі. Бұл бастаманы Шу станциясындағы желлік ішкі істер басқармасы басшысының орынбасары К.Шәкіров те қолдады.  

Ерман Әбдиев, Шу

Аймақтар
16.09.2026
Семей қаласында теміржол вокзалын қайта жаңғырту жұмыстары жалғасуда
Әлемде
16.09.2026
Әзербайжан Армения шекарасына дейінгі теміржол құрылысының 75%-ын аяқтады
Жаңалықтар
16.09.2026
Қазақстан мен Корея көлік-логистика саласындағы ынтымақтастықты кеңейтеді
Жаңалықтар
16.09.2026
Астанада VIII «NEW SILK WAY» атты көлік-логистика саласындағы бизнес-форумы өтеді
Апта саны / Жүк тасымалы
16.09.2026
Сегіз айда ҚТЖ желісі арқылы 212,7 млн тоннадан астам жүк тасымалданды
Жаңалықтар
15.09.2026
Теміржолшылар мен ТЖД Қарағанды – Ақадыр учаскесіндегі өртті сөндірді
Жаңалықтар
15.09.2026
«ҚТЖ» ҰК» АҚ-да үздік эколог-сарапшылар анықталды
Жолаушылар тасымалы
15.09.2026
ҚТЖ ата аналар мен жасөспірімдерге пойыздағы қауіпсіз жүру ережесін еске салды
Жаңалықтар
15.09.2026
Болгариядағы TХКБ отырысының негізгі нәтижелері
Жаңалықтар
15.09.2026
Нұрлыбек Нәлібаев Маңғыстаудың жөндеуден өткен вокзалын тексерді
Инфрақұрылым
15.09.2026
Вокзалдарды жаңғырту жұмыстары жалғасуда
Жаңалықтар
15.09.2026
Нұрлыбек Нәлібаев Маңғыстаудағы стратегиялық нысандардың жұмысымен танысты
Жүк тасымалы
15.09.2026
«Бір белдеу, бір жол»: Жаңа сауда дәліздері қалай дамиды?
Қауіпсіздік
15.09.2026
Қауіпсіздік пен біліктілік бәсекесі
ҚТЖ келбеті
15.09.2026
Қырағы өткел кезекшісі
Аймақтар
15.09.2026
Ақтоғайдан Дегелеңге дейін...
Әлеумет
15.09.2026
Теміржолшыларға қолайлы жағдай жасалуда
Қауіпсіздік
15.09.2026
Балалар қауіпсіздігі – бәрінен қымбат
Жаңалықтар
15.09.2026
Теміржолшылар «Қазтест» сынағынан өтті
Жүк тасымалы
15.09.2026
Елімізде астықты теміржол көлігімен тасымалдау көлемі артты