ЖАҢА НҰСҚАУЛЫҚҚА КӨШПЕК

Жаңалықтар
13.06.2017, 11:25
Қауіпті аумақ болып табылатын теміржолда арнайы нұсқаулықсыз жұмыс жүрмейтіндігі аян. Теміржол бойында жүріп-тұрудың ережесі – нұсқаулықты басшылыққа алып жұмыс істеу көп қауіп-қатердің алдын алуға сеп.    Маңғыстау белгі беру және байланыс дистанциясы үшін СОБ құрылғыларын техникалық күтімге алу жөніндегі  (ЦШ-720-1) және СОБ құрылғыларын техникалық күтімге алу және оларды жөндеу кезіндегі пойыздар қозғалысының қауіпсіздігін қамтамасыз ету жөніндегі  (ЦШ-530-1) нұсқаулықтардың маңызы жоғары болатын. Бірақ та, аталған нұсқаулықтар ағымдағы жылдың 16  мамырынан бастап өз күшін жоюда. ЦШ-720-1  нұсқаулығының орнына  29.12.14  жылғы бұйрықпен бекітілген 1714 ЦЗ нұсқаулығы, ал ЦШ-530-1 нұсқаулығын  21.01.15 жылғы бұйрықпен бекітілген 54 ЦЗ нұсқаулығы алмастырды. Нұсқаулық ауысқаннан кейін, демек, қандай да бір өзгерістер орын алған болуы немесе жаңа құрылғылар қосылған болуы бек мүмкін. Сол үшін қазіргі таңда аймақтағы әр учаскенің телім басшылары жаңа нұсқаулықпен жіті танысып,  бұрынғысымен салыстырып қарауда. Алдағы уақытта қандай жұмыстар атқарылуы тиістігі нақтыланғаннан соң ғана желідегі жұмысшыларға құлақтандырылады.  Тағы бір айтарлығы, дистанцияның технологиялық үдерістер кестесінде қамтылған апталық, тоқсандық, жылдық жұмыстар жақын арада жаңғыртылмақ. Ол үшін  жоғарғы басшылықтан шілде айының 1-не дейін уақыт берілген. Соған дейін  дистанцияның жұмыс жасау кестесі түгелдей дерлік өзгеріп, жаңа жұмыстар болса қосылып, желілермен жұмыстану қажет етілуде.

Әсел ТАҢАТАРОВА,

Маңғыстау

Аймақтар
16.09.2026
Семей қаласында теміржол вокзалын қайта жаңғырту жұмыстары жалғасуда
Әлемде
16.09.2026
Әзербайжан Армения шекарасына дейінгі теміржол құрылысының 75%-ын аяқтады
Жаңалықтар
16.09.2026
Қазақстан мен Корея көлік-логистика саласындағы ынтымақтастықты кеңейтеді
Жаңалықтар
16.09.2026
Астанада VIII «NEW SILK WAY» атты көлік-логистика саласындағы бизнес-форумы өтеді
Апта саны / Жүк тасымалы
16.09.2026
Сегіз айда ҚТЖ желісі арқылы 212,7 млн тоннадан астам жүк тасымалданды
Жаңалықтар
15.09.2026
Теміржолшылар мен ТЖД Қарағанды – Ақадыр учаскесіндегі өртті сөндірді
Жаңалықтар
15.09.2026
«ҚТЖ» ҰК» АҚ-да үздік эколог-сарапшылар анықталды
Жолаушылар тасымалы
15.09.2026
ҚТЖ ата аналар мен жасөспірімдерге пойыздағы қауіпсіз жүру ережесін еске салды
Жаңалықтар
15.09.2026
Болгариядағы TХКБ отырысының негізгі нәтижелері
Жаңалықтар
15.09.2026
Нұрлыбек Нәлібаев Маңғыстаудың жөндеуден өткен вокзалын тексерді
Инфрақұрылым
15.09.2026
Вокзалдарды жаңғырту жұмыстары жалғасуда
Жаңалықтар
15.09.2026
Нұрлыбек Нәлібаев Маңғыстаудағы стратегиялық нысандардың жұмысымен танысты
Жүк тасымалы
15.09.2026
«Бір белдеу, бір жол»: Жаңа сауда дәліздері қалай дамиды?
Қауіпсіздік
15.09.2026
Қауіпсіздік пен біліктілік бәсекесі
ҚТЖ келбеті
15.09.2026
Қырағы өткел кезекшісі
Аймақтар
15.09.2026
Ақтоғайдан Дегелеңге дейін...
Әлеумет
15.09.2026
Теміржолшыларға қолайлы жағдай жасалуда
Қауіпсіздік
15.09.2026
Балалар қауіпсіздігі – бәрінен қымбат
Жаңалықтар
15.09.2026
Теміржолшылар «Қазтест» сынағынан өтті
Жүк тасымалы
15.09.2026
Елімізде астықты теміржол көлігімен тасымалдау көлемі артты