Бас бәйге – теміржолшыларда 

Жаңалықтар
13.06.2017, 14:06
Жуырда Семей қаласында жергілікті мекемелер мен ұйымдар арасында жазғы президенттік миль өткізілді. Спорттың жеңіл атлетика түрі бойынша ұйымдастырылған шарада семейлік  теміржолшылар ең белсенді ұжым ретінде танылып, бас бәйгені жеңіп алды. Аталмыш спорттық шараға негізінен жастары 50-ден асқан егде жастағы жандар қатысқан болатын. Ең алдымен ұзақ қашықтыққа жүгіруден жарыс өтті. Бұл сайыс бойынша бақ сынап көрген Семей станциясының қызметкері, биылғы жылы зейнеткерлікке шыққалы отырған Дәмегүл Бөлекбаева дара танылып, бірінші орынды жеңіп алды. Үш шақырымды санаулы минуттарда бағындырған Дәмегүлдің жетістігін өзге ешкім қайталай алған жоқ. Теміржолшыға арнайы диплом мен сыйлық тарту етілді. Сол тәрізді қалалық байқау барысында ұйымдастырылған мини футбол мен үстел теннисі бойынша да Семей ЖТ бөлімшесінің теміржолшылары бас бәйгені жеңіп алды. Атап айтсақ, түрлі республикалық додаларда топ жарып жүрген Семей магистральдық желі бөлімшесінің қызметкері Данияр Малдыбаев, ШЧ-29 электромонтерлері Рустам Мұхаметжанов пен Талғат Ракишевтар,  ЭЧ-18 мекемесінен Сапар Рысқалиев пен Азат Кенжеханов сынды теміржолшылар бөлімше абыройын биік ұстады. Жалпы, ағымдағы жылғы жазғы спорттық ойындар семейліктер үшін өте нәтижелі басталды. Алдағы уақытта бөлімше бойынша біріншілік ойындары жалауын көтермек. Оған желі бойындағы тораптық станциялардағы теміржолшылар толықтай тартылатын болады.

Қуаныш Қожаев, Семей  

Аймақтар
16.09.2026
Семей қаласында теміржол вокзалын қайта жаңғырту жұмыстары жалғасуда
Әлемде
16.09.2026
Әзербайжан Армения шекарасына дейінгі теміржол құрылысының 75%-ын аяқтады
Жаңалықтар
16.09.2026
Қазақстан мен Корея көлік-логистика саласындағы ынтымақтастықты кеңейтеді
Жаңалықтар
16.09.2026
Астанада VIII «NEW SILK WAY» атты көлік-логистика саласындағы бизнес-форумы өтеді
Апта саны / Жүк тасымалы
16.09.2026
Сегіз айда ҚТЖ желісі арқылы 212,7 млн тоннадан астам жүк тасымалданды
Жаңалықтар
15.09.2026
Теміржолшылар мен ТЖД Қарағанды – Ақадыр учаскесіндегі өртті сөндірді
Жаңалықтар
15.09.2026
«ҚТЖ» ҰК» АҚ-да үздік эколог-сарапшылар анықталды
Жолаушылар тасымалы
15.09.2026
ҚТЖ ата аналар мен жасөспірімдерге пойыздағы қауіпсіз жүру ережесін еске салды
Жаңалықтар
15.09.2026
Болгариядағы TХКБ отырысының негізгі нәтижелері
Жаңалықтар
15.09.2026
Нұрлыбек Нәлібаев Маңғыстаудың жөндеуден өткен вокзалын тексерді
Инфрақұрылым
15.09.2026
Вокзалдарды жаңғырту жұмыстары жалғасуда
Жаңалықтар
15.09.2026
Нұрлыбек Нәлібаев Маңғыстаудағы стратегиялық нысандардың жұмысымен танысты
Жүк тасымалы
15.09.2026
«Бір белдеу, бір жол»: Жаңа сауда дәліздері қалай дамиды?
Қауіпсіздік
15.09.2026
Қауіпсіздік пен біліктілік бәсекесі
ҚТЖ келбеті
15.09.2026
Қырағы өткел кезекшісі
Аймақтар
15.09.2026
Ақтоғайдан Дегелеңге дейін...
Әлеумет
15.09.2026
Теміржолшыларға қолайлы жағдай жасалуда
Қауіпсіздік
15.09.2026
Балалар қауіпсіздігі – бәрінен қымбат
Жаңалықтар
15.09.2026
Теміржолшылар «Қазтест» сынағынан өтті
Жүк тасымалы
15.09.2026
Елімізде астықты теміржол көлігімен тасымалдау көлемі артты