Туған күніңмен, Кәсіподақ!

Жаңалықтар
21.06.2017, 13:48
Биыл сала кәсіподағы – «Қазкөліккәсіп» ҚБ-нің құрылғанына 25 жыл толып отыр.  Қызылорда теміржолшылары «Динамо» спорт кешенінде кәсіподақ мерейтойы құрметіне теңбіл доп додасын өткізді. Аймақ темір жолына  қарасты он алты теміржол мекемесінің құрама командалары өзара төрт топқа бөлініп, жарысты бастап кетті. Әр топтан оза шыққан екі құрама ойынды әрі қарай жалғастырып, жарыстың екінші кезеңінде бақ сынасты. Ойын арасында кәсіподақтар ұйымы құрама командалардың ойын арасында тынығуына, тамақтануына көңіл бөліп, жағдай жасады. Кәсіподақ құрметіне өткен додада командалық ойынның озық үлгісімен ерекшеленген Қызылорда магистральдық желі бөлімшесінің құрамасы жүлделі үшінші орынды иеленіп 20 мың теңге қаржылай сыйлыққа қол жеткізсе, сәл ғана сәттілік жетпей қалған Әскерилендірілген темір жол күзетінің «ВЖДО» құрамасы 30 мың теңге қаржыны қоржынына салып екінші орын иеленді. Бас жүлдеге тігілген 40 мың теңге қаржы мен үлкен кубок иеленіп, мерейі үстем болған Қызылорда жүк тасымалы бөлімшесінің командасы жеңіс тұғырына көтерілді. Жұмысшы мен жұмыс беруші арасындағы дәнекерлік қызметті абыроймен атқарып жүрген кәсіподақ ұйымы ұйымдастырған дүбірлі додаға атсалысқан командалардың бәріне спорт жейдесі, ынталандыру және естелік сыйлықтар берілді. Осы жарыс нәтижесінде шеберлігімен көзге түскен аяқ допшылардан жаңа құрама команда жасақталып, Ақтөбе қаласында өтетін жарысқа Қызылорда құрамасы намысын қорғайтын ойыншылар іріктелетіні де ескертілді. Сондай-ақ,  әр жылдары кәсіподақ саласында жемісті жұмыс жасаған О. Әбішев, Қ.Рахметов, А. Дүйсенұлы, Ж.Сыздықов, Ө.Нармаханов, Р.Бимұрзаев, Ғ.Ноғайбаева және Ұ. Құсбаева секілді ардагерлерге Алғыс хат  пен естелік сыйлық табыс етілді. 

Сабырхан СЕЙІЛБЕКҰЛЫ, Қызылорда

Аймақтар
16.09.2026
Семей қаласында теміржол вокзалын қайта жаңғырту жұмыстары жалғасуда
Әлемде
16.09.2026
Әзербайжан Армения шекарасына дейінгі теміржол құрылысының 75%-ын аяқтады
Жаңалықтар
16.09.2026
Қазақстан мен Корея көлік-логистика саласындағы ынтымақтастықты кеңейтеді
Жаңалықтар
16.09.2026
Астанада VIII «NEW SILK WAY» атты көлік-логистика саласындағы бизнес-форумы өтеді
Апта саны / Жүк тасымалы
16.09.2026
Сегіз айда ҚТЖ желісі арқылы 212,7 млн тоннадан астам жүк тасымалданды
Жаңалықтар
15.09.2026
Теміржолшылар мен ТЖД Қарағанды – Ақадыр учаскесіндегі өртті сөндірді
Жаңалықтар
15.09.2026
«ҚТЖ» ҰК» АҚ-да үздік эколог-сарапшылар анықталды
Жолаушылар тасымалы
15.09.2026
ҚТЖ ата аналар мен жасөспірімдерге пойыздағы қауіпсіз жүру ережесін еске салды
Жаңалықтар
15.09.2026
Болгариядағы TХКБ отырысының негізгі нәтижелері
Жаңалықтар
15.09.2026
Нұрлыбек Нәлібаев Маңғыстаудың жөндеуден өткен вокзалын тексерді
Инфрақұрылым
15.09.2026
Вокзалдарды жаңғырту жұмыстары жалғасуда
Жаңалықтар
15.09.2026
Нұрлыбек Нәлібаев Маңғыстаудағы стратегиялық нысандардың жұмысымен танысты
Жүк тасымалы
15.09.2026
«Бір белдеу, бір жол»: Жаңа сауда дәліздері қалай дамиды?
Қауіпсіздік
15.09.2026
Қауіпсіздік пен біліктілік бәсекесі
ҚТЖ келбеті
15.09.2026
Қырағы өткел кезекшісі
Аймақтар
15.09.2026
Ақтоғайдан Дегелеңге дейін...
Әлеумет
15.09.2026
Теміржолшыларға қолайлы жағдай жасалуда
Қауіпсіздік
15.09.2026
Балалар қауіпсіздігі – бәрінен қымбат
Жаңалықтар
15.09.2026
Теміржолшылар «Қазтест» сынағынан өтті
Жүк тасымалы
15.09.2026
Елімізде астықты теміржол көлігімен тасымалдау көлемі артты