Мүмкіндігі мол, тиімділігі шексіз

Жаңалықтар
21.06.2017, 14:26
Теміржолдағы қауіпсіздік мәселесі қашан да басты назарда. Соның айғағы – өткен аптада Астана станциясының теміржол паркінде тежегіштерді сынау қуаты қондырғысы (УЗОТ) орнатылды. Қондырғы Астана вагон пайдалану депосы жұмысшыларының өз күшімен онатылды.  Вагон шаруашылығы департаментінің директоры Елбек Майданұлы мен депо директоры Ғалибек Аманбаев осы іске атсалысқан барлық сала мамандарына алғыс білдірді. УЗОТ қондырғысы – жөнелту парктерінде жылжымалы құрам тежегішін дайындау үдерісін автоматтандыруға, тежегіштерді дайындау сапасына бақылау жүргізуге, паркте технологиялық тәртіптің сақталуына мүмкіндік береді. Осы жүйенің арқасында пойызға электровоз беруге дейін автотежегіштерді алдын ала тексеру мүмкіндігі туды. Сонымен қатар алдын ала тежегіш магистралінің ақауын жойып, істен шыққан тежегіш магистралінен вагон ағытпасын ажыратып алуға жағдай туғызады. Осындай қауіпсіздікті нығайтатын қондырғының бізде қондырылуы үлкен жаңалық дер едім, – деді жүк тасымалы компаниясының  техникалық саясат жөніндегі вице-президенті Марат Шакенов.  Осы жылдың басында ҚТЖ басшылығымен аталған қондырғыны Астана станциясының орташа тәуліктік жүк пойыздары айналымы 22 жұп пойыз болатын жүк қабылдап-жөнелту бойынша тақ паркінде орнату туралы шешім қабылданған болатын. Маусымның алғашқы бөлігінде аталған паркте УЗОТ қондыру жұмыстары аяқталды. Қондырғы жүйесіне пайдалану бойынша нормативтік техникалық құжаттама жасалып, бекітіліп, жүйе арқылы қызмет көрсету үшін ВЧД-8 қызметкерлері арнайы оқытылған. Нәтижесінде УЗОТ вагоншылардың өз күшімен, сонымен бірге локомотившілер көмегімен және «Темірсервис Астана», «Санос» ЖШС-нің қолдауымен орнатылып отыр. Соған қоса монтаждау жұмыстары кезінде екі компрессор қондырылды, 1200 метрлік магистральдық құбыр, 350 метрлік сым тартылып, автоматтандыру жүйесі қосылды, 6 баған  қойылды. Астана станциясында бір пойызды өңдеуге, оны құрастырудан бастап, яғни локомотив келген сәттен технологиялық үдеріске сәйкес жүріп кеткенге дейінгі барлығы 60 минут уақыт кететін. Енді УЗОТ орнату арқылы сол өңдеу уақыты қысқарып, 40 минут қана болады. Осылайша бір жылда пойыздарды өңдеу уақытын 5500 сағатқа дейін қысқарту көзделуде. Қондырғының арқасында шартты жылдық экономикалық тиімділік ақшалай эквивалентте 341 миллион теңгені құрамақ. Ауа райының қолайсыздығында вагоншылардың жұмысын жеңілдететін және бұрынғы УЗОТ қондырғыларына қарағанда заманауи жетілдірілген түрінің орнатылғанына теміржолшылар ризашылықтарын білдірді. Себебі бұл қондырғы құрамдарды бірнеше жолда бір мезгілде өңдей беруге, локомотив тежегіштерінің пневматикалық бөлігін бақылауға, тозуды өздігінен анықтауға, автоматты және қолма қол режимде құрамның тежегіш желілерінің ұзындығы 580 оське дейін   тығыздығын тексеруге, тежегіш бөлігіндегі ауа қысымы мен тығыздығына үздіксіз бақылау орнатуға, т.б мүмкіндіктер береді.

Райхан Рахметова, Астана

Аймақтар
16.09.2026
Семей қаласында теміржол вокзалын қайта жаңғырту жұмыстары жалғасуда
Әлемде
16.09.2026
Әзербайжан Армения шекарасына дейінгі теміржол құрылысының 75%-ын аяқтады
Жаңалықтар
16.09.2026
Қазақстан мен Корея көлік-логистика саласындағы ынтымақтастықты кеңейтеді
Жаңалықтар
16.09.2026
Астанада VIII «NEW SILK WAY» атты көлік-логистика саласындағы бизнес-форумы өтеді
Апта саны / Жүк тасымалы
16.09.2026
Сегіз айда ҚТЖ желісі арқылы 212,7 млн тоннадан астам жүк тасымалданды
Жаңалықтар
15.09.2026
Теміржолшылар мен ТЖД Қарағанды – Ақадыр учаскесіндегі өртті сөндірді
Жаңалықтар
15.09.2026
«ҚТЖ» ҰК» АҚ-да үздік эколог-сарапшылар анықталды
Жолаушылар тасымалы
15.09.2026
ҚТЖ ата аналар мен жасөспірімдерге пойыздағы қауіпсіз жүру ережесін еске салды
Жаңалықтар
15.09.2026
Болгариядағы TХКБ отырысының негізгі нәтижелері
Жаңалықтар
15.09.2026
Нұрлыбек Нәлібаев Маңғыстаудың жөндеуден өткен вокзалын тексерді
Инфрақұрылым
15.09.2026
Вокзалдарды жаңғырту жұмыстары жалғасуда
Жаңалықтар
15.09.2026
Нұрлыбек Нәлібаев Маңғыстаудағы стратегиялық нысандардың жұмысымен танысты
Жүк тасымалы
15.09.2026
«Бір белдеу, бір жол»: Жаңа сауда дәліздері қалай дамиды?
Қауіпсіздік
15.09.2026
Қауіпсіздік пен біліктілік бәсекесі
ҚТЖ келбеті
15.09.2026
Қырағы өткел кезекшісі
Аймақтар
15.09.2026
Ақтоғайдан Дегелеңге дейін...
Әлеумет
15.09.2026
Теміржолшыларға қолайлы жағдай жасалуда
Қауіпсіздік
15.09.2026
Балалар қауіпсіздігі – бәрінен қымбат
Жаңалықтар
15.09.2026
Теміржолшылар «Қазтест» сынағынан өтті
Жүк тасымалы
15.09.2026
Елімізде астықты теміржол көлігімен тасымалдау көлемі артты