«Үш топтық тәсіл» – тың жетістік

Жаңалықтар
30.06.2017, 14:31
Семей жүк тасымалы бөлімшесі бойынша өндіріс барысына өткен жылдың соңында енгізілген жаңашылдықтар мен соны әдіс-тәсілдер жемісін беруде. Нәтижесінде, жүк тасымалы мен пойыздар қозғалысын ұйымдастыруда тың жетістіктер орын алды. Мысалы, ағымдағы жылдың 5 айының қорытындысы бойынша 12 сапалық көрсеткіш орындалыпты. Бірінші кезекте бөлімшеге қарасты вагон шаруашылығы мен жүк станциялары бойынша ілкімді жұмыс жасалынған. Вагондар өнімділігі – 104,2, жүк айналымы – 101,9 пайызды құраған. Мұнымен қатар, соңғы бес айдың көрсеткішіне тоқталар болсақ, вагондарды «үш топтық тәсілмен» өңдеу нәтижесінде 89 млн теңгенің тиімділігі жүзеге асқан. Ал, жыл аяғына дейін аталмыш бағыттағы шаралар нәтижесінде 902 млн теңгенің экономикалық тиімділігі орын алады деп болжануда. Бұл тәсіл бөлімше бойынша өткен жылдың соңында өндіріске енгізілген болатын. Осылайша, рейстік модельдің «берік тармақ» түрі тиімділігі зор екендігін дәлелдеді. Жалпы, бұл әдіс негізінде транзиттік пойыздардың өңделетін уақыты 10 минутқа үнемделіп, станцияның өз басындағы, яғни, жергілікті жылжымалы құрамдарды жасақтау 50 минутқа дейін азайтуға қол жеткізілді. Осынау жетістіктер аясында 5 ай ішінде жүк тиеу техникалық жоспардан 16,0 мың тоннаға артық орындалған. Бұл бағыттағы шаралар әлі де ширатылмақ. Сонымен қоса, бөлімше бойынша жыл басынан бері 4970 жүк пойызы жолға шығарылған. Оның 4060-ы жүк тасымалын оңтайластыру мақсатында ұйымдастырылған ауыр салмақты жылжымалы құрамдар. Мұндай құрамдар саны жалпы көрсеткіштің 81,7 пайызын құрап, 282 млн теңгенің экономикалық таза пайдасын әкелгенін ескерсек, осыған дейінгі жоспарланған шаралардың, яғни, вагон айналымы мен жүк тасымалын ұйымдастырудағы соны тәсілдердің тиімділігі зор болғанын аңғаруға болады. Ал, мұның сыртында, жыл басталғалы бергі бес айдың ішінде ақаулықтарға жол берілген жоқ. Өндірістегі жетістіктердің бұлайша еселенуіне жаңа техникалық үдерістерге көшу зор мүмкіндік беріпті.

Қуаныш Қожаев, Семей

Аймақтар
16.09.2026
Семей қаласында теміржол вокзалын қайта жаңғырту жұмыстары жалғасуда
Әлемде
16.09.2026
Әзербайжан Армения шекарасына дейінгі теміржол құрылысының 75%-ын аяқтады
Жаңалықтар
16.09.2026
Қазақстан мен Корея көлік-логистика саласындағы ынтымақтастықты кеңейтеді
Жаңалықтар
16.09.2026
Астанада VIII «NEW SILK WAY» атты көлік-логистика саласындағы бизнес-форумы өтеді
Апта саны / Жүк тасымалы
16.09.2026
Сегіз айда ҚТЖ желісі арқылы 212,7 млн тоннадан астам жүк тасымалданды
Жаңалықтар
15.09.2026
Теміржолшылар мен ТЖД Қарағанды – Ақадыр учаскесіндегі өртті сөндірді
Жаңалықтар
15.09.2026
«ҚТЖ» ҰК» АҚ-да үздік эколог-сарапшылар анықталды
Жолаушылар тасымалы
15.09.2026
ҚТЖ ата аналар мен жасөспірімдерге пойыздағы қауіпсіз жүру ережесін еске салды
Жаңалықтар
15.09.2026
Болгариядағы TХКБ отырысының негізгі нәтижелері
Жаңалықтар
15.09.2026
Нұрлыбек Нәлібаев Маңғыстаудың жөндеуден өткен вокзалын тексерді
Инфрақұрылым
15.09.2026
Вокзалдарды жаңғырту жұмыстары жалғасуда
Жаңалықтар
15.09.2026
Нұрлыбек Нәлібаев Маңғыстаудағы стратегиялық нысандардың жұмысымен танысты
Жүк тасымалы
15.09.2026
«Бір белдеу, бір жол»: Жаңа сауда дәліздері қалай дамиды?
Қауіпсіздік
15.09.2026
Қауіпсіздік пен біліктілік бәсекесі
ҚТЖ келбеті
15.09.2026
Қырағы өткел кезекшісі
Аймақтар
15.09.2026
Ақтоғайдан Дегелеңге дейін...
Әлеумет
15.09.2026
Теміржолшыларға қолайлы жағдай жасалуда
Қауіпсіздік
15.09.2026
Балалар қауіпсіздігі – бәрінен қымбат
Жаңалықтар
15.09.2026
Теміржолшылар «Қазтест» сынағынан өтті
Жүк тасымалы
15.09.2026
Елімізде астықты теміржол көлігімен тасымалдау көлемі артты