Меңлібайдың мәселесі...

Жаңалықтар
04.07.2017, 10:15
Шымкент – Түлкібас темір жолының ортасындағы жаңадан ашылған Меңлібай станциясынан  жүк тасымалдана бастағалы екі жыл өтсе де, ондағы теміржолшыларға қолайлы жағдай жасау мүмкіндігі болмай отыр.  Жаңа бекеттен жарты жылда 560 тоннаға жуық 7882  вагон қиыршық тас тиеліп,  жоспар орындалып келеді. Станциядағы  он үш теміржолшы  бөлімшенің штаттық кестесінде. Түлкібастың әр ауылынан немесе Шымкенттен қатынап жұмыс істейтін оларға жұмыс орнына келіп-кетудің өзі оңай болмай отыр. – Бекет маңынан 20-30 метр тереңдікке дейін құдық қазғанмен, тастақ жер болған соң су шықпады. Көлігі барлар  ауызсуды бес км қашықтағы  Састөбеден ала келеді.  Меңлібайға дейінгі көлік жолы нашар. Қар мен жаңбырда езіліп, батпақтанып жатады. Карьерді ашқан кәсіпкерлер Састөбеге дейін екі бағыттық алты км жол мен төрт-бес бөлмеден тұратын ғимарат салып берген. Қазір станция жұмысшыларынан бөлек  жолшы, байланысшылар осында қона жатып, еңбек етеді. Ауысыммен еңбек ететіндер де кейде үйіне жете алмаса осы жерде қонып қалады, – дейді бекет бастығы Рысжан Жаманқараев. «Стандарт Цемент» зауытының басшылығы мен теміржолшылар тарабы уақытша келісімшартқа тұрғандықтан, әлі жұмысшыларға арналған ғимаратты салуды қолға алмаған. Яғни, бекет толығымен теміржолға өтпеген. Бірақ кәсіпкердің де қарамағында емес. Ал, станцияда жұмыс қарқыны артып келеді.  Күн сайын орта есеппен елу вагон қиыршық тасты екі жылдан бері үздіксіз тиеп,  Текесу, Қазығұрт сынды бекеттерден қалыспай келеді. Бірақ, дәрежесі  бесінші класты болғасын қатынып жұмыс істейтін  теміржолшылардың жалақысы  аз.   – Сондықтан,  арманымыз  бекеттің сыныптық дәрежесі жоғарылатылса екен дейміз, сонда жалақы деңгейі сәл де болса көтерілер еді. Сосын, әрі  жұмыс кеңсесі, әрі  жатақхана  болып отырған бір ғимарат тарлық етуде,  теміржолшыларға арналған қызметтік үй салынса, – дейді бекет бастығы. 

Динар МЕЙІРМАН, Шымкент

Аймақтар
16.09.2026
Семей қаласында теміржол вокзалын қайта жаңғырту жұмыстары жалғасуда
Әлемде
16.09.2026
Әзербайжан Армения шекарасына дейінгі теміржол құрылысының 75%-ын аяқтады
Жаңалықтар
16.09.2026
Қазақстан мен Корея көлік-логистика саласындағы ынтымақтастықты кеңейтеді
Жаңалықтар
16.09.2026
Астанада VIII «NEW SILK WAY» атты көлік-логистика саласындағы бизнес-форумы өтеді
Апта саны / Жүк тасымалы
16.09.2026
Сегіз айда ҚТЖ желісі арқылы 212,7 млн тоннадан астам жүк тасымалданды
Жаңалықтар
15.09.2026
Теміржолшылар мен ТЖД Қарағанды – Ақадыр учаскесіндегі өртті сөндірді
Жаңалықтар
15.09.2026
«ҚТЖ» ҰК» АҚ-да үздік эколог-сарапшылар анықталды
Жолаушылар тасымалы
15.09.2026
ҚТЖ ата аналар мен жасөспірімдерге пойыздағы қауіпсіз жүру ережесін еске салды
Жаңалықтар
15.09.2026
Болгариядағы TХКБ отырысының негізгі нәтижелері
Жаңалықтар
15.09.2026
Нұрлыбек Нәлібаев Маңғыстаудың жөндеуден өткен вокзалын тексерді
Инфрақұрылым
15.09.2026
Вокзалдарды жаңғырту жұмыстары жалғасуда
Жаңалықтар
15.09.2026
Нұрлыбек Нәлібаев Маңғыстаудағы стратегиялық нысандардың жұмысымен танысты
Жүк тасымалы
15.09.2026
«Бір белдеу, бір жол»: Жаңа сауда дәліздері қалай дамиды?
Қауіпсіздік
15.09.2026
Қауіпсіздік пен біліктілік бәсекесі
ҚТЖ келбеті
15.09.2026
Қырағы өткел кезекшісі
Аймақтар
15.09.2026
Ақтоғайдан Дегелеңге дейін...
Әлеумет
15.09.2026
Теміржолшыларға қолайлы жағдай жасалуда
Қауіпсіздік
15.09.2026
Балалар қауіпсіздігі – бәрінен қымбат
Жаңалықтар
15.09.2026
Теміржолшылар «Қазтест» сынағынан өтті
Жүк тасымалы
15.09.2026
Елімізде астықты теміржол көлігімен тасымалдау көлемі артты