Ерасыл ертеңіне сенеді
Жаңалықтар
04.07.2017, 10:59
Ерасыл Жаңбырбаевтың жаңа Шалқар-Бейнеу теміржол тармағына жұмысқа араласқаны кеше ғана сияқты еді, міне бүгінде саладағы өзгерістерге байланысты Хромтау-Алтынсарин теміржолы аралығына жолдама алды.
Еңбек жолын екі жыл бұрын бастаған 22 жастағы жас теміржолшы бүгінде жаңа ортаға бейімделіп, Шалқардан біршама алыста жатқан Әйтеке би станциясындағы вагондарға техникалық қызмет көрсету бекетінде вагон қараушы болып еңбек жолын жалғастыруда.
-Шалқар-Тассай теліміндегі Аққайтым станциясында сигнал беруші болып еңбек жолымды бастадым. Мен үшін жаңа ұжым, жаңа орта, жаңа учаске. Өзім секілді жас мамандар аз болмады. Сондықтан, бізге бәрі қызық болды. ЗЖұмысқа ерекше құлшыныспен кірістік. Теміржол тарихында өзіндік орны бар, жаңадан ашылған жол аралығында қызмет ету бақыты бұйырғанына қуанып, әрі мақтанып, барлығын біз өзіміз бастап жатқандай күй кештік, - деп бастады әңгімесін жас жігіт.
Екі жылдан енді аса бергенде, теміржол саласындағы реформалар жас теміржолшыны да айналып өтпегенге ұқсайды. Ерасыл жаңа ұжымға, жаңа ортаға тез үйреніпті. Күн сайын станциядан өтетін 10-11 пойызды қарап, вагон шаруашылығының жұмысын игере бастаған Ерасылмен әңгімеміз теміржол паркінде өрбіді. Одан Шалқар–Бейнеу аралығы мен Хромтау-Алтынсарин теліміндегі айырмашылық жайлы сұрадық.
–Әрине, Шалқар-Бейнеу телімінде қозғалыс аз, соған орай вагон саны да аз. Ал мынау Хромтау-Алтынсарин пайдалануға берілгеніне 10 жылдан асқан телім болғандықтан, пойыз қатынасының әлдеқашан күш алып кеткен, қозғалыс та жиі. Соған қарап, енді бір он жылда Бейнеу – Жезқазған теміржолының бойы қаптаған пойыз, қалың қозғалыс болатынына сенімдімін,- деген жас теміржолшы ардағы арманымен де бөлісті.
Теміржолшылар әулетінің өкілі Ерасыл атасы мен әкесінің жолын жалғастырылп осы кәсіпті таңдағанына тіпті де өкінбейді. Ақтөбе көлік, коммуникация және жаңа технологиялар колледжіне құжаттарын тапсырған күннен бастап алдына болашақта өз мамандығын толық меңгерген мықты теміржэолшы боламын деген мақсат қойды. Және ол арманының орындаларына, ертеңіне сенеді Ерасыл.
Асқар Ақтілеу, Әйтеке би
Аймақтар
16.09.2026
Семей қаласында теміржол вокзалын қайта жаңғырту жұмыстары жалғасуда
Әлемде
16.09.2026
Әзербайжан Армения шекарасына дейінгі теміржол құрылысының 75%-ын аяқтады
Жаңалықтар
16.09.2026
Қазақстан мен Корея көлік-логистика саласындағы ынтымақтастықты кеңейтеді
Жаңалықтар
16.09.2026
Астанада VIII «NEW SILK WAY» атты көлік-логистика саласындағы бизнес-форумы өтеді
Апта саны / Жүк тасымалы
16.09.2026
Сегіз айда ҚТЖ желісі арқылы 212,7 млн тоннадан астам жүк тасымалданды
Жаңалықтар
15.09.2026
Теміржолшылар мен ТЖД Қарағанды – Ақадыр учаскесіндегі өртті сөндірді
Жаңалықтар
15.09.2026
«ҚТЖ» ҰК» АҚ-да үздік эколог-сарапшылар анықталды
Жолаушылар тасымалы
15.09.2026
ҚТЖ ата аналар мен жасөспірімдерге пойыздағы қауіпсіз жүру ережесін еске салды
Жаңалықтар
15.09.2026
Болгариядағы TХКБ отырысының негізгі нәтижелері
Жаңалықтар
15.09.2026
Нұрлыбек Нәлібаев Маңғыстаудың жөндеуден өткен вокзалын тексерді
Инфрақұрылым
15.09.2026
Вокзалдарды жаңғырту жұмыстары жалғасуда
Жаңалықтар
15.09.2026
Нұрлыбек Нәлібаев Маңғыстаудағы стратегиялық нысандардың жұмысымен танысты
Жүк тасымалы
15.09.2026
«Бір белдеу, бір жол»: Жаңа сауда дәліздері қалай дамиды?
Қауіпсіздік
15.09.2026
Қауіпсіздік пен біліктілік бәсекесі
ҚТЖ келбеті
15.09.2026
Қырағы өткел кезекшісі
Аймақтар
15.09.2026
Ақтоғайдан Дегелеңге дейін...
Әлеумет
15.09.2026
Теміржолшыларға қолайлы жағдай жасалуда
Қауіпсіздік
15.09.2026
Балалар қауіпсіздігі – бәрінен қымбат
Жаңалықтар
15.09.2026
Теміржолшылар «Қазтест» сынағынан өтті
Жүк тасымалы
15.09.2026
Елімізде астықты теміржол көлігімен тасымалдау көлемі артты