Теміржолым – өмір жолым

Жаңалықтар
28.07.2017, 10:07
Арыста тұтатын теміржолшы Сейітжан Байниязов ­­ «Теміржолым – өмір жолым» атты жыр кітабын жарыққа шығарды.   40 жылға жуық теміржолшы болған жан  қолынан қаламын тастамаған  екен.  Бала күнінен аңсары өлеңге ауса да кәсібін теміржолдан тапқанына өкінген емес. Өйткені әкесі де ғұмырын Темір бекетінде теміржолшы болып өткізген.   –Алматы теміржол институтында бес жыл оқыдым. Теміржолшылар үшін ата мен әкенің жолын қуып, болатжолды дамытуға үлес қосу үлкен мәртебе. «Теміржолды пайдалану инженері» мамандығын алып жолдамамен Арысқа келдім. Нағыз өндірістің қайнаған ортасына түсіп, станция кезекшісі, диспетчер болып,  1986-1991 жылдары Темір бекетін басқардым. 1993 жылы Арыс станциясы бастығының орынбасары, кәсіподақ комитетінің төрағасы, осы станцияның бастығы қызметтерін атқардым. Кейін денсаулығыма байланысты станция кезекшісі болдым. Бүгінде аға пойыз қабылдаушымын, – дейді Сейітжан Жүнісұлы. 500 данамен жарық көрген жыр кітабының басты кейіпкері – теміржолшы әріптестері.  Арыстық теміржолшылар тарихынан сыр шертеді.     Теміржолшылар әулеті Байниязовтардың игі дәстүрін бүгінде Сейітжан ағаның ұлдары Мейіржан мен Асылжан жалғастыруда.  Мейіржан Аягөз, Защита станцияларын басқарған. Қазір Алматы теміржол бөлімшесінде еңбек етеді. Асылжан   механикаландырылған жол дистанциясында жұмыс істейді. Жұбайы Фатима да Арыс станциясында біраз жыл жүк қабылдаушы болыпты. Екеуі болатжолда еңбек етіп жүріп табысқан екен. Демек,  «Теміржолым – өмір жолым» деп бекер жыр жазбаса керек арыстық теміржолшы-ақын. 

Динар МЕЙІРМАН, Шымкент

Аймақтар
16.09.2026
Семей қаласында теміржол вокзалын қайта жаңғырту жұмыстары жалғасуда
Әлемде
16.09.2026
Әзербайжан Армения шекарасына дейінгі теміржол құрылысының 75%-ын аяқтады
Жаңалықтар
16.09.2026
Қазақстан мен Корея көлік-логистика саласындағы ынтымақтастықты кеңейтеді
Жаңалықтар
16.09.2026
Астанада VIII «NEW SILK WAY» атты көлік-логистика саласындағы бизнес-форумы өтеді
Апта саны / Жүк тасымалы
16.09.2026
Сегіз айда ҚТЖ желісі арқылы 212,7 млн тоннадан астам жүк тасымалданды
Жаңалықтар
15.09.2026
Теміржолшылар мен ТЖД Қарағанды – Ақадыр учаскесіндегі өртті сөндірді
Жаңалықтар
15.09.2026
«ҚТЖ» ҰК» АҚ-да үздік эколог-сарапшылар анықталды
Жолаушылар тасымалы
15.09.2026
ҚТЖ ата аналар мен жасөспірімдерге пойыздағы қауіпсіз жүру ережесін еске салды
Жаңалықтар
15.09.2026
Болгариядағы TХКБ отырысының негізгі нәтижелері
Жаңалықтар
15.09.2026
Нұрлыбек Нәлібаев Маңғыстаудың жөндеуден өткен вокзалын тексерді
Инфрақұрылым
15.09.2026
Вокзалдарды жаңғырту жұмыстары жалғасуда
Жаңалықтар
15.09.2026
Нұрлыбек Нәлібаев Маңғыстаудағы стратегиялық нысандардың жұмысымен танысты
Жүк тасымалы
15.09.2026
«Бір белдеу, бір жол»: Жаңа сауда дәліздері қалай дамиды?
Қауіпсіздік
15.09.2026
Қауіпсіздік пен біліктілік бәсекесі
ҚТЖ келбеті
15.09.2026
Қырағы өткел кезекшісі
Аймақтар
15.09.2026
Ақтоғайдан Дегелеңге дейін...
Әлеумет
15.09.2026
Теміржолшыларға қолайлы жағдай жасалуда
Қауіпсіздік
15.09.2026
Балалар қауіпсіздігі – бәрінен қымбат
Жаңалықтар
15.09.2026
Теміржолшылар «Қазтест» сынағынан өтті
Жүк тасымалы
15.09.2026
Елімізде астықты теміржол көлігімен тасымалдау көлемі артты